Құқық | Апелляциялық сатыда іс жүргізу

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Апелляциялық сатыда іс жүргізу» тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтаған сот барлық тұлғаларға жоғары инстанция сотына шағымдану мүмкіндігін береді, ол бірінші инстанция сотының ұйғарымдары мен шешімдері қайта қарауға негіз болады. Бұл заңмен бекітілген бірнеше әдістермен жүзеге асырылады. Аталған әдістердің біреуіне – апелляциялық өндіріс жатады.
Апелляция институты дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция ұйғарымдары мен шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру және істің мәні бойынша қайта қарау мен шешу бойынша апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы.
Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығы дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция сотының шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру бойынша апелляциялық инстанция сотының қызметін қозғауға құқық. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қаралуы тиіс.
Осы тақырыпқа байланысты негізгі әдебиет З.Х.Баймолдинаның ҚР- ның азаматтық іс жүргізу құқығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Антиоксидантты ферменттер және ДНҚ-ның тотығу арқылы зақымдануы

Супероксид, сутектің асқын тотығы және гидроксид радикалы секілді оттегінің белсенді формаларының клеткаларының программаланған өлімінiнiң iске асу механизiмiндегi ролі зор. Мысалы , гидроксил қалдығы лезде 7х10-10с ішінде клетка құрлымын бұзып, ондағы белок, нуклейн қышқылдарының құрылымын бұзып, липидтерді аса тотықтырып, тотығу өнімдері: альдегид, кетон, асқын тотықтармен қатар, аса улы қосылыстардың түзілуін жүзеге асырады. Осылардың ішінде нуклеин қышқылдарының зақымдалуы ДНҚ-дағы генетикалық информацияны өзгертіп, организмнің тіршілікгіне қауіп тудыруы мүмкін.
Осыған орай өсімдік клеткаларында ОБТ түзілуін тежейтін антиоксидантты ферменттер,сонымен қатар ОБТ әсерінен болатын ДНҚ-дағы тотыға зақымдануларды жөндейтін репарация механизмі дамыған.
Анти-оксидантты ферменттердің ішінде ОБТ қарсы клетка ішілік қорғаныстың алғашқы қатарын супероксиддисмутаза (СОД) құрайтыны анықталған. СОД өсімдік клеткасында детоксикация реакциясын катализдейді. Ол супероксид радикалдарын өзара әсерлестіріп, аса улы супероксид радикалының улылығы төмен сутегінің асқын тотығына айналуын катализдейді.
ДНҚ репарациясы - тірі организмнің ДНҚ-ғы өзгерістерін қалпына келтіру қабілеті болып табылады. Көптеген зақымданулардың репарациясы түпкілікті зерттелінгенмен олардың кейбір мәселелері әлі анықталмаған Сондықтан да ОБТ түзілуін тежейтін антиоксидантты ферменттер,сонымен қатар ОБТ әсерінен болатын ДНҚ-дағы тотыға зақымдануларды жөндейтін репарация механизмін зерттеу ғылыми зерттеу жұмыстары үшін өзекті тақырып болып табылады......
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Аномальды балаларды оқыту

Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. ХІХ ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын.
ХХ ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедиялық көмек көрсетілді. ХІХ ғасырдың соңында Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді.
Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблеммасы 1896 жылы кәсіби-техникалық білімді басқарудың № 2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе - Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы – Ресейдегі дефектологтардың І съезді болатын. Съездтің қатысушылары аномальды балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның міндеті екендігін дәлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің тәжірибесі ескерілді...
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Антивирустық программаларды талдау

Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, копьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейлеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін.
Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас (кәдімгі тұмаудан Эбола вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.

Зақымданған бағдарлама не қосымшаны алып, іске қосқан кезде, жұмыс барысында қиыедықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін.
Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:
– компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;
– компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;
– жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;
– компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;
– қосымшалар қателермен жұмыс істейді;
– дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;
– басып шығару қателермен жүреді;
– қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;
– мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.
Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.....
Курстық жұмыстар
Толық