Бала болмысын бұзатын 10 сөз

Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.

Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерді қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені, бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерден тез жараланғыш келеді. Сондай-ақ, бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбитініне, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдар да дәлелдеп отыр.......
Кеңестер
Толық

Уақытты үнемдеудің 15 тәсілі

Төмендегі уақытты үнемдеуге септігі тиер кеңестерді оқу арқылы аз мерзім ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

1. Миыңызды артық ақпаратпен шаршатпау үшін барлығын жазып жүріңіз. Жадыңызға сеніп қалмаңыз.

2. Басым талаптар тізімін жасаңыз. Осылайша, қажетсіз істерді екінші қатарға ысырып, бар күшіңізді тек маңыздысына жұмсайсыз.......
Кеңестер
Толық

Ойландыратын 5 оқиға


1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.

Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.......
Кеңестер
Толық

Беттегі қара дақтардан тез арада құтылуға арналған маска

Жарты лимонды аласызда, 1-2 тамшы бал тамызып, бетіңізге жағасыз. Әсіресе мұрынға, иек астына. Жағып болғанда қара дак көп жерге, лимонды ұстап коясыз. 5 минут өткенде салқын сумен жақсылап жуып тастайсыз.
Сіз сол сәтте нәтижесін байқай бастайсыз. Соған қоса лимон пигмент дақтарын ағартуға септігін тигізеді, ал бал бетті сəбидің терісіндей жұмсақ əрі əдемі болуына септігін тигізеді.......
Кеңестер
Толық

Адамның мінезін ұйқысына қарап қалай анықтауға болады

Бүгінде психолог мамандар адамдардың мінез-құлқын анықтаудың түрлі тәсілдерін ойлап-тапқан. Солардың бірі — адамның ұйқы кезіндегі дене қалпына қарап, оның қандай екендігін оңай білуге болады. Сонымен, ұйқыдағы денеңіздің күйі сіз туралы қандай мәлімет береді?

1.Егер ұйықтаған кезде тізеңізді бүгіп жатсаңыз, онда сіз бірқалыпты, сенім артуға болатын, ешкімге кек сақтамайтын жансыз. Кез келген ортада өзіңізді жайлы сезінесіз және адамдармен тез тіл табысасыз.......
Кеңестер
Толық

Отбасы бақытына жетелейтін 15 ереже

Әрине, отбасы бақыты ерлі-зайыптының екеуіне де байланысты, дегенмен “Жақсы әйел – күйеуін өрге сүйрейді, жаман әйел – көрге сүйрейді” деген сөз бекер емес...

1. «Рақмет» айтыңыз

Әдетке айналған қарапайым ризашылық білдіру, отбасын жағымда ауа-райына бөлейді. Күйеуіңіз сіз айтпасаңыз да үйді жинап қойды ма? Сіздің табысты жұмыс істеп жүргеніңізді байқады ма? Шынайы ризашылығыңызды, жаныңызда зейінді адам жүргеніне қуанышыңызды білдіріңіз.......
Кеңестер
Толық

Әрдайым сымбатты көрініп денсаулығым мықты болсын десеңіз ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз

1. Сүт

Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.

Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.......
Кеңестер
Толық

Тілді күнәдан тыю жолдары

«Он күнәнің тоғызы – тілден екен» немесе «Басқа пәле – тілден» сынды аталы сөздерді талай рет естідіңіз. Естідіңіз-ау, бірақ тіліңізді тым болмаса бір күн тыйып көрдіңіз бе? Жоқ? Олай болса, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

Ғайбат сөз – теңізді де былғайды...
Аз, алайда әділ әрі тапқыр сөйлеу – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы. Алла Тағала оған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған және айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Айша анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанда: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», - деп сол мезетте тыйған екен (Ибн Касир).......
Кеңестер
Толық

Аспириннің пайдасы мол

✅ Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.

✅ Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.

✅ Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай.

✅ Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді.

✅ Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.......
Кеңестер
Толық

Әжімге қарсы маска

✅ Әжімге қарсы маска

✅ Бұл маска кай жастагы кыз - келиншектерге болсын пайдалы.Әжiмге карсы маска...Кай жаста болсада колданса болады..Әсери мол.

✅ Дайындалу тасiлi:

1) 1 Жумыртка
2) 1 касык бал
3) 2 касык сут
4) 2 касык ун

✅ Таза бетке 15-20 минут устап, салқын сумен жуып тастау керек.......
Кеңестер
Толық