Достық

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту қып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.
Тақпақтар
Толық

Ұстаз жайында тақпақ

  Ұстаз деген ұлы сөз мағыналы,
Әрбір әріпі шежіре таңдамалы.
Ұстазым көп үйренкен мына өмірге
Талмай қанат қағудың қыр-сырлары.... 

Тақпақтар
Толық

Ұстазыма 12 шумақ тақпақ

Мен алғаш мектепке келгенімде,
Алдымнан күле шыға күткеніңде.
«Білім берер ұстазым» деп таныдым,
Үйретуден жалықпаған перзентіне....

Тақпақтар
Толық

Бәйтерегім

Отанымның тірегі
Астанамның жүрегі.
Мақтан етем өзіңді,
Бәйтерегім киелі.
Тақпақтар
Толық

Ана

Мен үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.
Тақпақтар
Толық

Дос

Күнде бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірімізге –біріміз

Көмектесіп жүреміз.
Тақпақтар
Толық

Аралар

Аралар ұшып тынбайды,

Әрі-бері зырлайды

Аралайды қырлайды,

Шаң тозаңды жинайды.

Әдемі гүлдер өсірсең

Саған балын сыйлайды.
Тақпақтар
Толық