Сәбит Мұқанов Тіл алушылар

1

— Бұл жолғы барлауға «тіл» әкелем деп өзіне өзі сенген ғана жолдас барсын, — деп ұшқынды кішірек қара көзін айнала ойнақшыта жүгірткен командирға:

— Мен, жолдас младший лейтенант! Әкелем тілді! — деді Расулов.

Расуловтың уәдесінде қалт болмайтынына сенімі көптен бекінген лейтенант:

— Мақұл!— деді оған жымия қарап,— ал, Расуловқа серік қайсының?

— Мен, жолдас лейтенант!-— деді Бектұрғанов.

Қайда бару, не істеу туралы лейтенанттан тапсырма алған екеуі қалың орманның ішіне сүңги жөнеле бергенде:

— Шіркін, осындайда жүзіктің, көзінен өтетін жылпос, жүйрік атың болса!— деді Бектұрғанов.

— Не істер ең ол атпен мына қалың орманның арасында?

— Көрер ең не істегенімді!.. Бірақ, жоқ қой ондай ат!..

— Неге жоқ?—деді Расулов, жеңіл күрсінген Бектұрғановқа, — Даяр атты кім мінбейді? Мықты болсаң немістен тартып ап мін!

— Кездессе көрер ем, — деп кіжінді Бектұрғанов......
Әңгімелер
Толық

Марат Қабанбаев | Кезеңдегі редактор


Редактордың темірдей қатты, сирек сарғылт шашы үрпе-түрпе: ол ой үстінде. Оң қолыңда бір сомдық автоқалам, сол қолында умаждалған қағаз.

Ол комсомол-шопандар бригадасына кеше келіп кеткен аудандық газеттің тілшісін еске түсіріп отыр. Тілші бригаданы аралап, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескесін қой қораға беттеген. Қорадан шыға бере Мақмұт төрт-бес минут уақыт бөлуін сұрап, жармаса кетті.

− Ал айта бер, жігітім,- деді тілші былай шыққасын блокнотының бетін аша беріп. Шамасы, Мақмұт бригада өмірі жайлы тың мәліметтер айтатын шығар деп тұр.

Мақмұт тікесінен салды.

− Редактордың міндеті не?

Тілші таң қалды.

− Оның не қажеті бар?

− Мен газеттің редакторы едім.

Тілші аз-кем уақыт тілсіз қалды. Аздан соң бөгеліп барып:

− Қандай газеттің?- деді.

− «Таң нұры»... Осы бригаданың қабырға газеті.

Иығынан зілбатпан жүк түскендей жеңіл күрсінген тілші көсіле сөйледі. Сөйтсе редактордың міндеті ауыр екен. Газеттің идеялық мазмұны үшін жауап беріп, көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Жарияланған материалдардың нақтылығы мен сапасы үшін де редактор жауапты. .....
Әңгімелер
Толық

Мұқан Иманжанов | Адам туралы аңыз

«Адам — ардақты ат».

Максим Горький

1

— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын терең сезімді тербете жырлар едім, достым! Адам бойындағы ерлік пен ізгілікті мадақтауға не жетеді!

— Біз сені үй салуды ғана үйренген қарапайым инженер ме десек, өзің үлкен романтик екенсің ғой, Бәкен,— деді құрылыс бастығы Петров, өткір қара көзімен алысты шолып, тотыққан қара торы бетінде қанатты ойдың елесі ойнаған жас инженерді арқаға қағып.

— Қалжың өз алдына, Николай Иванович. Көз салыңызшы төңірекке. Зәулім үй, сәулетті қала алақаныңыздың аясында тұрған жоқ па! Осыдан екі жыл бұрын сіз бен біз қайда кездесіп едік. Есіңізде ме, бірінші рет қол алысып төңірекке көз салғанда, қаусаған қаланы, бұзылған үйлерді, жалын жалап кеткен құр қабырғаларды көрмеп пе едік. Менің бір жолдасым: «Біздің еліміз ерлердің елі, әр күніміз — ұлы жорық» деуші еді. Өмірдегі қарапайым адамдардың ерлік ісін көргенде, осы сөз есіме түседі. Біздің өмірдің әр минутты бір дастан сияқты. Мынау үйдің әр кірпішінде дауыстап айтылмаған терең сыр жатқандай көрінеді маған... .....
Әңгімелер
Толық

Мағзом Сүндетов | Адам деген қызық

Күннің ыстығынан көгілдір аспанның түсі оңып, шақытып тұр. Жасыл жотаның үстіндегі сұрғылт ауыл ертеңгісін етек-жеңін жимай, көсіліп жатқандай еді, қазір ол да жиыла қалыпты. Өзен беттегі ойпат қана түс бермейді; анау ақ жібек белбеудей соқпақ болмаса, төңірек — қалың мия, қоянқарта, ажырық өскен жап-жасыл; бетімен көлеңке жүгіріп, толқынданып жатыр. Көктемде өзен арнасынан шығып осы өңірді ен жайлайды да, шілдеде дегдіп, жайқалған қауға айналады. Сонан қара күзге дейін бұ жерге орақ та түспейді. Шідерті колхозы шөпті алыстан шабады; бұған тимейді, ауылдың ұсақ жандығына арналған несібе.

Жалғыз аяқ ешкі соқпақ ауылдан шығып, жыландай ирелендеп өзенге қарай жорғалап барады. Бұл соқпақты су да, қар да, шоп те жұта алмаған. Талай-талай керуен сүрлеуі жоғалса да, соқпақ үзілмейді; қатын-қалаш, бала-шағаның жалаң аяқ табанымен тапталып тақырға айналған, тек өзенге жете бере түс беріп, күреңітіп бойына ылғал тартатыны бар. Әне, иінағашқа екі шелек су іліп, қызыл ала көйлекті, қара шашты қыз ешкі соқпақпен ауылға таман дірдектеп келеді; қыр мұрынды, ақ құба жүзі алаулап, тарының түйіріндей ұп-ұсақ тер кең маңдайында жылт-жылт етеді. Әлсін-әлсін ұялы бота көзіне түсіп кете берген екі-үш тал бұйраланған ерке шашын астыңғы ернін шүйіре жоғары үрлеп қояды. Бі лектей қос бұрымның бірі оң иықтан құлай, жауырынында тербелсе, енді бірі кеудесінде, жұқа көйлек астынан білінер-білінбес анар үстінде аунап, ойнап келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Бүркіт аңшылығының суреттері


(Басылмаған романнан)

Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран серігі болады. Анда-санда алмағаны қажытпайды. Өйткені алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан көрсетіп тұрғандай болады.

Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдай қатқан жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан шығады, болмаса анау алаңнан, қағушының алдынан, бұлаңдап жөнеледі», — деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел шешіп жайланғаны, ас ішіп тыныққаны, алдыңғы күнге үміт артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тілмен әңгіме қылғаны — қызуы мол толық өмір екеніне дау жоқ. Онымен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады. .....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Тілге құрмет


«Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл»,-деп Мұстафа Шоқай айтқандай рухани мұра іспеттес алтын тілімізді құрметтеу біздердің басты міндетіміз.Өйткені,халық аузындағы тіл өшсе-халық та өлгені.Ал,халықтың өлгенін кім қалайды дейсің?Әйтсе де,ықылым заманнан баға жетпес қазына саналып келе жатқан тіліміздің бүгінгі таңдағы жағдайы мәз емес!Асыл текті төрелердің,ұлтшыл жанның ұрпағы болған қазақ халқының бүгінгі әл-ауқатындағы өзекті мәселелерінен қабырғаң қайысып,жаның удай ашитыны бар.Тілге құрмет-елге құрмет дейміз.Біздер тілімізді қаншалықты құрметеп жүрміз?Өзге тілдің жетегіне еріп,бағынышты болған бүгінгі қоғам пултьпен істейтін ойыншық тәрізді көрінеді.Сол пултьке бағынышты,соның дегенін орындайды.Тарих беттерін парақтасақ,кезінде «тілім,дінім!» деп қасық қаны қалғанша жан беріспей бүгінгі күнге аманат етіп кеткен батыр бабаларымыздың аманатына қиянат жасап жүргеніміз не? «Балық басынан шіриді» демекші,жоғарыдағы ағаларымыздың өзі ана тіліне жаны ашымай,шалалық танытып жатса бүгінгі қазақ халқының не оңғандығы дейсің!?Тұрсынбек Қабатов: «Қазақ тілі ең қиын тіл.Қиындығы соншалық кейбір қазақтардың өзі сөйлей алмайды» деген астарлы әзілінің өзі рас екен-ау дейсің бүгінде. .....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Мен жастарға сенемін


Талаптың мініп тұлпарын...Иә,талабың таудай болса кемел келешігіңде жарқын болатыны анық.Ал,бүгінгі таңдағы басты талаптардың бірі-білім көзі.Осы тұста көшбасшымыздың мына бір құндылығын жоймаған сөзі есіме түсті: «Қазір бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман».Демек,бар назарымызды оқуға,білімге аударуымыз керек деген сөз.Көп оқыған озар.Бәрінен озамын деп қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерден тыс қалсаң тағы болмас.Жалпақ тілмен айтқанда,ізденістік танытып,білімге зейін қоя жүріп,еліміздегі саяси жаңалықтардан хабардар болып,құлақ түріп жүруімізде жөн болады.Себебі,саясатқа бір табан жақын болсақ өрісіміз кеңейіп,өзімізді одан әрі шыңдай түсеміз.Егер біздер «өскелең ұрпақ бізге қарап бой түзеуі керек» екендігін ескерсек,алдымен өзіміздің білім деңгейімізді арттырғанымыз жө .....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Мерейлі мектебімізге 100 жыл

Міне,биыл алтындай қымбатты,білім мен тәрбиенің ошағына айналған аяулы мектебімізге 100 жыл!Бұл-үлкен қуаныш,зор мәртебе!Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады.

Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып,қияға қанат қақтырып келеді.Ал,сол бітіруші түлектер мектеп атына кір келтірмей біразы дерлік жоғары оқу орындарына түсіп,мұғалім берген білімнің еш кетпегендігін көрсетеді.Абай атамыздың мынадай бір сөзі бар: «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға».Иә,расымен де ұлағатты ұстаздарымыздың біздерге үйреткен әр нәрсесі көкейде сақталып жемісін беріп жатса,онда бұл ұстаздың оқушылар үшін төккен терінің жемісін береді. .....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Рухани жаңғыру табысты ел болудың кепілі


«Қазіргі дәуір атыс айқайдың дәуірі емес, іс дәуірі», -деп Сұлтанбек Қожанов айтқандай, қазір сөзге емес, іске көшетін заман. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы 26 жылдан асып келеді. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, Қазақстан «Тәуелсіз ел» атанғанда бүкіл алаш жұрты «міне, ел болдық, еркіндік қолымызға тиді» деп қуана бөріктерін аспанға атқандары тайға таңба басқандай анық байқалады. Қазақ елінің соңғы жиырма алты жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы - тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. «Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманға қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек» дейтін елбасымыз, еліміздің ендігі тарихын ұлылар рухында одан әрі жаңғыртуда. Тәуелсіздік алған сәттің алғашқы жылдарынан бастап елбасымыздың жолдаулары Қазақстан халқына бағыт-бағдар беріп, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Қайта түлеу жолында халқының қамы үшін қалтқысыз еңбек етіп жүрген кемеңгер елбасымыз бүгінгі күнге дейін жаңғырудың үш сатысымен толыққанды таныстырып өткен болатын. Біздер алғашқы жаңғыруда экономикадан нарықтық экономикаға өткен болсақ, екінші жаңғыруымыз «2030 стратегиялық бағдарламасының қабылдануы» болып есептелінді. Ал, үшінші жаңғыруымыздың орны орасан зор. Бүгінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын Қазақстанның үшінші жаңғыруы кімнің де болмасын делебесін қоздыратыны айдан анық.

Өмір сүре білу үшін өзгере білу қажет. Міне, егемен елдің ертеңгі күні жарқын болсын десек, күні бүгіннен, тіпті дәл қазіргі сәттен бастап тыным таппауымыз керек. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ой таразысынан өткізген соң, ауқымды және маңызды жұмыстардың іргетасын бірге қалағанымыз жөн. Сабақты ине сәтімен. Осындай ірі, ауқымды жұмысымыз жемісін берсе екен деймін. Сонымен қатар, сарабдал саясатының жемісін көріп келе жатқан елбасымыз, елімізді әлі талай-талай биік шыңдар мен толағай табыстарға жеткізетініне сенемін!

.....
Әңгімелер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Отбасым


Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Менің отбасым-менің барым,байлығым,демеушілерім.Саны 8 адамнан тұратын менің отбасымның әрбір мүшесі өз орнымен ерекшеленеді.Тілге тиек етіп отырған мәселем отбасы жайында болған соң,отбасымның әрбір мүшесін таныстырып өткенді жөн көрдім. «Өлі риза болмай,тірі байымас»,-демекші әуелі отбасымыздың негізгі ұйытқысы атам Махамбетәлиді айтуды дұрыс санадым.Атам 1942 жылы 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып,елге 1947 жылы оралған.Қатардағы солдаттан,сержант әскери атағына дейін көтеріліп-взвод командирінің көмекшісі қызметін атқарған.І-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен,Ерлігі үшін,Германияны жеңгені үшін,Сталинградты жеңгені үшін,тағы басқа бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.Міне,атамыздың осындай жарқырап тұрған медальдарын көргенде кеудемізді қуаныш кернеп,ерекше тылсым күйде болатынымызды жасырмаймын.Атам,1948 жылдан бастап Арал аудандық балық қорғау ұжымында кіші учаскелік инспекторлықтан,аға мемлекеттік балық қорғау инспекторы дәрежесіне дейін көтеріліп бір мекемеде үздіксіз 40-жылға жуық қызмет етті.Қызметтестері арасында өзінің кеңпейілділігімен асқан беделге,шексіз құрметке ие болды.Шаңырағымызда атамыздың орны ойсырап тұрғанымен ақжаулықты әжеміз Мәдемі,ол кісінің орнын жоқтатпақ емес. .....
Әңгімелер
Толық