Қайсар Гүл жайлы ертегі

Мұнда қашан түскенін білмейді. Жер бауыры жылынғалы өзінің бас көтергісі келіп, ерекше бір сезім өн бойында тулап жатқанын сезді. Бірақ, еңсесін қанша көтерейін десе де, бойын тіктей алар емес. Әсіресе соңғы кездері жаңбыр көп жауып, топырақпен бойына нәр жүгіргелі асау сезім тіпті бұлқынып кетті. Бұрынғыдай емес, денесіне жылу да көп келетін болды. Ол өзін құрсауынан шығармай тұрған асфальттан сұрады:

— Білесіз бе, маған бұл жерден басқа бір керемет......
Ертегілер
Толық

Алёнушканың ертегілері

Ерте, ерте, ертеде...

Алёнушканың (автордың қызы – ауд.) бір көзі ұйқыда, ал екіншісі ояу;

Алёнушканың бір құлағы ұйқыда, ал екіншісі тыңдап жатыр.

Ұйықтай ғой, Алёнушка, балапаным, әкең саған ертегі айтып береді.

Бәрі осында сияқты ғой: сібір мысығы Васька, сабалақ төбет Постойко, қап тесер Сұр Тышқан, пеш түбіндегі Қара Шегіртке, тордағы Ала Торғай және сотқар Әтеш.

Ұйықтай ғой, Алёнушка, қазір ертегі басталады. Әне, терезеде......
Ертегілер
Толық

Хантығайдың аққуы

— Бай - Соғды хакім қайда? Хантығайдың аққуы қайда? – деп сұрады Бұрым хан өзінің сарай қызметшілерінен.

— Менің мемлекетімнің даңқы және мақтанышы көзіме көрінбеуі неліктен? Қуаныштың мөлдір тамшысы, жұбанышымның жылы жымиысы, ар-ожданымның мөлдір нұры Хантығайдың аққуы - Бай - Соғды хакім қайда?

Бұрым ханның салтанатты шатырына......
Ертегілер
Толық

Достық айналған саяхат

Бейбарыстың әкесі дәулетті адам. Үйлері кең сарайдай. Шетелдік қымбат көліктері де бар. Бейбарыстың қалаған заты әкесінің арқасында қол жетімді болатын. Содан болар, ол тым еркетотай, әрі жалқаулау. Ал Бейбарыстың көршісі Жігердің әкесі еш асып-таспайтын, адамгершілігі мол, қарапайым момын жан. Жігер де қарапайым, еңбекқор, ақылды бала. Бейбарыс пен Жігер бір сыныпта, 7 «ә» сыныбында оқиды. Әрине, екеуінің ортақ ойлары болмағандықтан, отбасы жағдайына байланысты да достары бөлек.......
Ертегілер
Толық

Кішкентай Мук жайлы ертегі

Ертеде аласа бойлы, шағын денелі бір адам өмір сүріпті. Оның есімі Мукраһ болатын. Алайда ел оны Кішкантай Мук деп атаушы еді. Бойы бар болғаны үш футтай ғана болатын адамға осындай есім әбден лайық. Оның денесі шағын болғанымен, басы басқаларға қарағанда ерекше үлкен болатын. Мук үлкен үйде жалғыз өзі тұратын. Егер ай сайын белгілі бір күнде серуендеуге шықпаса, ешкім оның өлі-тірісін білмеуші еді. Оның көшеге шыққаны балалар үшін үлкен мереке болатын. Айына бір рет ашылатын есіктен әуелі үлкен сәлде ораған үлкен бас шығатын. Содан кейін өңі тозған шапан киген шағын денесі көрінетін.......
Ертегілер
Толық

Ұмыт қалған балауыз жайлы ертегі

Қашаннан бері жатқаны белгісіз, балауыздың сөреде жатқанына көп болды. Ешкім оны керек етпейді. Жарқыраған электр жарығы бар. Бірақ, балауыз ешқашан да үмітін үзген емес. Осы үйдегі адамдардың тіршілігін сырттай бақылап, кәдеге жарар күнін сабырмен күтіп жата берді.

Бұл үйдің де жандары өзге отбасылар секілді, күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта болатын. Кешке бәрінің басы жиналғанда, кешкі астарын іше салып, балалары......
Ертегілер
Толық

Жалғасы бар ертегі

Адамзат мекен ететін 5 құрлықтың барлығына қанатын кең жайған алып бір патшалық болыпты. Ол патшалықтың ерекшелігі адамдардың жасына, жынысына, тіліне, дініне, ұлтына қарамай барлығын да өз патшалығына қабылдай беретін, ешқандай шекарасы жоқ мекен екен. Сол Бүкіл Әлемдік Желілер Патшалығы деп аталатын патшалықтың билеушісі Ғаламтор патша өте ақылды, білімді, жан-жақты болыпты. Ең алғаш......
Ертегілер
Толық

Ұсқынсыз үйрек

Қаланың сырт жағы қандай тамаша! Жаздың жайма-шуақ кезі, қара бидай сарбалақтанып, сұлы көктеп, пішеннің шөмелеге салынған шағы. Көкорай шалғын көк майсада ұп-ұзын, қып-қызыл сирағы анадайдан сидиып, бір құтан египетше сайрап жүрді ол тілді оған өзінің шешесі үйреткен. Сонау жайсаң дала, жасыл алқаптың ар жағында қарауытып қара орман тұр, оның қойнауы толған түпсіз терең шалқар көл. Шаһардың шеті қандай ғаламат! Айналасын табағы сулы терең сай қоршаған, аумақты келген......
Ертегілер
Толық

Айдарбектің қасиетті Бала қыраны

Ертеде өмірі өкінішпен, өксікпен өтіп жатқан Айдарбек атты кедей болыпты. Кедей болғанда да байғұстың өмір бойы табағы майланбаған. Тақымы атқа тимей, нағыз сіңірі шыққан кедей болса керек. Жан дегенде жалғыз жары Қатшадан басқа оның қараша үйіне кіріп-шығып, сырласып мұңдасатын да ешкімі болмаған екен. Қыстың ұзақ, жаздың қысқа түндерінде: «Құдай бізді өмірден баз кешіп, ұрпақсыз......
Ертегілер
Толық

Тебен ине

Ертеде бір тебен ине өмір сүріпті, ол өзін жіп-жіңішке қылдырықтаймын деп есептеп, шебер тігіншілер ғана пайдаланатын тігін ине санайды екен.

Әй, байқаңдар, мені мықтап ұстаңдар! – деді ол бірде өзін қораптан суырып алып жатқан саусақтарға. – Мені жерге түсіріп ала көрмеңдер! Еденге түссем, жаман айтпай жақсы жоқ, жоғалып қалармын: өйткені мен қылдырықтай ғанамын ғой!

- Ой, пәлі-ай! – деп саусақтар оны мықынынан қапсыра қысты.......
Ертегілер
Толық