Мақпал Исабекова (1984 жылы 21 ақпан)

Мақпал Исабекова 1984 жылы 21 ақпанда Жаркент қаласында дүниеге келген. Әншінің әкесі оның есімін ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ұқсасын деп қойған екен. Мақпал қалың көрерменге 2003-2004 жылдары ұйымдастырылған «SupersStar kz» жобасы арқылы танылды. Ол финалға шыққан 12 қатысушының бірі болғанымен, жетінші кезеңде жобадан шығып қалды. Бұдан кейін Мақпал продюсер Эрик Тастамбековтің қолдауымен өзінің жеке карьерасына кірісті.
Мақпал үлкен сахнаға шыққан алғашқы жылдары көрерменге «Аяла мені», «Кто остановит дождь?», «Мен жайлы», «О тебе», «Холода», «Была ли любовь» әндері арқылы кеңірек танылды. Ал, оның 2005 жылы Юрмалада өткен «Новая волна» фестивалінде «Көрермендер көзайымы» атануы ТМД елдеріне де жақсы танылуына себеп болды. Әнші одан кейінгі жылдарда өткізілген «Новая волна» фестивальдеріне құрметті қонақ ретінде шақырылып, Доминик Джокер, Нюша, Ирина Дубцова, Тимати және тағы басқа ресейлік әншілермен бірге ән шырқады....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрболат Абдуллин

Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды.
Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық