Ілияс Омаров (1912-1970)

Ілияс Омаров (1912-1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист.

Өмірбаяны
Орта Азия жоспарлау экономикалық және сауда-тауар ісі институтын бітірген (1933, Ташкент). 1933 – 1936 жылдары Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941 – 1945 жылы Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. “Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын” ұйымдастыруда, 1944 жылы желтоқсанда Алматы қаласында өткен республикалық ақындар айтысын өткізуде, “Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының” жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны ұйымдастырды. 1945 – 1947 жылы Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947 – 1952 жылы Қазақстан КП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Заң

Әділ бектің заңы жоғары.

Әр елдің заңы басқа,
Иттері қара-қасқа.

Әділ заң — аспан тірегі.

Әділ туған заң жақсы.

Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ.

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Мақал-мәтелдер
Толық

Елбай Қосымбайұлы (1900 - 1931)

Елбай Қосымбайұлы (1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері.

1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.

Еңбектері мен шығармалары
Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар, құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл, алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық