Жоқшылық, кедейлік

Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.

Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.

Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.

Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жетімдік

Жетім көрсең, жебей жүр,
Жесір көрсең, демей жүр.

Жетім баланың еншісі - қотыр тай.
Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.

Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.

Жетім бала өз кіндігінен өседі.

Жетімді желе, жесірді еле.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ешкі

Есі кеткен ешкі жинар,
Ешкі жинап есін жияр.

Айдағаны - бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады.

Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен ізде.

Әркім тапқанын теке қояды.

Жылқыны бөгелек,
Ешкіні кебенек аздырады.

Мақал-мәтелдер
Толық

Дүниеқорлық

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Абзал арын ойлайды,
Надан дүниеге тоймайды.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.

Ішіп тоймаған жалап тоймас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жақсы адам

]- Балам "туған күнімді жаса, мама" деді, - дейді келіншек. - Жасасам, жасайын, баламның туған күнін себепші етіп, үйге қажетті адамдарды шақырып жібере қояйыншы деймін. Шақыратын адамдардың тізімін жасаймын келіп. Бәрі де керекті адамдар. Ішінде керекті емес бірі де жоқ. Бірақ балам тізімді көріп теріс айналды.
- Мынаның ішінде мен танитын біреуі де жоқ......
kz
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (И әрпі бойынша ат қою)

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

КАБИРА - араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.

ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
Есімдер мағынасы
Толық

Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт

Жас жігіт өзіне қол жұмсауды ойлап, қолына жіп алып, орманға қарай беттепті. Оған бір қария жолығыпты. Бейтаныс жігіттің жүзіне үңілген шал:
— Жүзің жабырқаулы ғой. Не болды? — деп сұрапты. Жігіт:
— Отбасымда ауыр жағдай орын алды. Мен өлуге бел байладым, асылып өлем — дейді. Не жағдай болса да, шешуге болатынын айтқан қария, жігітті сөзге тартып.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық