Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Мазмұны

КІРІСПЕ .................................................................................................... 3
1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........ 4
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы .......................................................
1.2 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні ................................................... 7
1.3 Шағын және орта бизнес ерекшеліктері ........................................... 10
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ .................................................................................................... 13
2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы .......................................................................................................
2.2 Қазақстанда шағын бизнесті дамытудағы потенциалды салалар ....16
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту жолындағы проблемалар ............................................................................................... 19
3. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ...... 23
3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу...........................................................
3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты ........................................................................................................ 26
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................... 31


1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым дегенге келді.
Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті,өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды,сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды.Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Кисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжып, бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресустарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады.Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып,тәуекелге барды.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар , ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті.Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
• Өз бойына әділеттік бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында болу.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері керек,қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек.Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан, Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарпайым емес,дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.
1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады (сур. 1.)

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері
Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері
Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы Бизнесті жүзеге асыру үшін қолайлы Қажетті қорлардың болуы

Сурет 1 - Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесі - бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүкіндіктерді іс-жүзінде қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер командасыиа ие болуы тиіс. Сонда олардың бәрі фирма жүмысын бірге бастау үшін және оның, әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер (қүрылтайшылар, негізін салушылар) негізгі орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықгайтын 5 аса маңызды факторларды түгендеп беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер — бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті мамандар тобын айтамыз.
Команда негізді және жетілгсн саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек. Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші - бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде пайда болған "үнсіз" төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой (Idea) және оларды іске асыру мумкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндікгерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа куаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, қүрылыстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің жаңадан туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыруда тапшылық пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс бизнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын талдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз — бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру. Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын фирмалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынумен қамтамасыз етілетін ең aз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелілікке жету.


1.3 Шағын бизнес ерекшеліктері

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (EC) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтср бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4 категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар, шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мұнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған 34% .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі