Ауыл тіршілігі

Тәуелсіздіктің іргетасы қаланған төрт-бес жылда жекешелендірудің кей жерлерде бей-берекетсіз жүргізілгенінен ауыл проблемасы туындап, ауыл өз келбетінен айырыла бастады. Тіпті, бұрынғы ферма орталықтары ыдырап, тұрғындар абдырап, сенделіп кетті. Бағыт-бағдарын жоғалтқан ауыл жұртшылығы мекендерін тастап, жаппай көшуді бастап кеп жіберді. Біреулері – өндіріс, біреулері – облыс орталықтарына бет түзеді. Әліптің артын баққан ешкім болмады, ойланып-толғанып істелмеген істің аяғы құрдымға кететінін ілуде біреу ғана білсе білген шығар.
Өзім туып-өскен Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауыл жағдайы сол 1993-1996 жылдар арасында мәз емес еді. Біраз тұрғындар бұрынғы совхоз орталықтарынан Ақтөбе облысының Алға, Қандыағаш....
Шығармалар
Толық