Путин және Назарбаев жаңа келісімшартқа қол қояды

РФ президент Владимир Путин және Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Екатеринбургте екі елдің ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігін нығайтатын XXI ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы жаңа келісім-шартқа қол қояды, деп хабарлайды "Қазақстан Жаңалықтары" ақпараттық агенттігі.
Жаңалықтар
Толық

"Жігіттердің" сүр бойдағы Мырзахан үйленді

"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Маханов орда бұзар шағында отбасын құрды.

"Жігіттер" тобының сүр бойдағы Мырзаханның аяғына тұсау салынды. Әнші қараша айының оныншы жұлдызында сүйікті жары Гүлім есімді астаналық аруды қолына қондырды. Гүлімді ата-анасы қазақы салт-дәстүрге сай ұзату тойын жасап, қыздарын сері жігітке сеніп тапсырды.

Топтағы әнші жігіттердің айтуынша, Мырзахан үлкен тосын-сый жасаған. Өйткені, ол өзінің үйленетіні туралы алдын-ала тіс жарып ешкімге айтпаған көрінеді.

Ендеше, бізде өз тарапымыздан өнер иесіне шаңырағыңыз шаттыққа толсын деген тілек білдіреміз.

Жаңалықтар
Толық

Сочи Олимпиадасының алауы ғарыштан Жерге оралды

Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен итальяндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды.

"Союз ТМА-09М" басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай сағат астана уақыты бойынша 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарышкерлер Жерге Сочи Олимпиадасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада алауының жерге қонуын Ресей тікұшақтары бақылады.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Олимпиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.

Жаңалықтар
Толық

Құл-Мұхаммед: Қазақ тіліне қауіп төніп тұр деуге негіз жоқ

Бүгінде қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға болмайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай айтты.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

Министр атап көрсеткендей, бүгінде тіл мәселесі зиялы қауым арасында жиі қозғалатын тақырып болып саналады.

"Мен де қазақ тілінің жанашырымын. Негізі, қазіргі кезде республика бойынша қазақ тілді және аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың саны барлық балалардың 71 пайызын құрап отыр. Бұл мәліметті Статистика агенттігі де растап отыр. Жақында агенттік Қазақстан халқының 17 млн. 100 мыңнан асқандығын хабарлады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы сияқты қазақтар көптеп шоғырланған аймақтарда халықтың өсімі жоғары болып тұр. Ал елімізде мектеп оқушыларының 71 пайызы мемлекеттік тілде оқитын болса, қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға ешбір негіз жоқ", - деп атап көрсетті М.Құл-Мұхаммед.

Жаңалықтар
Толық