Тарих | Қазақ ою өрнегінің даму тарихы

 Тарих |  Қазақ ою өрнегінің даму тарихы

Кіріспе
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Ою - өрнек түрлері
Ою - өрнектің мән - мағынасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Халық даналығы

Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Күні бүгінге дейін ұлтпен бірге жасап келе жатқан ою - өрнектердің мән - мағынасын, түрлерін, олардың атауларын бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Міне, сондықтан жас ұрпақтың есінде жүрсін деп, мен қазақтың ою - өрнегін ғылыми жұмыс етіп алдым.

Ою дегеніміз - өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Оның мағынасы сәндеу, әсемдеу, дегенді білдіреді. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан - жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері. Геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп әшекейлейді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздары - сырмақ, текемет, көрпеше, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, киім - кешектерді, қабырғаларды т. б. безендіруде қолданылады.
Бұл ғылыми негізгі жобаның негізгі мақсаты - ою - өрнектердің түрлерін анықтай отырып, тарихын білу, өю - өрнектердің атауларын анықтау, өмірде пайдаланылуы туралы мағлұмат беріп, ұсыныстар жасау.

Қазақтың ою - өрнегінің даму тарихы
Қазақтың ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенінен білеміз. Бұған дәлел қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұралары.
Ою сонау заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауысып бүгінге жеткен. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Бұған дәлел Андронов мәдениетінде сазбалшықтан өрнектеліп жасалған құмыра.

Ежелгі ғалымдар Геродот, Страбондардың айтуынша, сақтар мен массагеттер киімдерінің өзіндік бір ерекшелктері болған. Тақияның немесе бөріктің төбесі үшкір болып келеді, сонау ерте заманның етікті былғарыдан, ал сырт киімдеріне ою - өрнектің орнына аңның, құстың шынайы бейнелерін салдырған, жылтырауық бастырмалар таққан. Геродоттың жазуы бойынша, сақтар найзаларының, садақтарының ұшын, қылыштарын, бас киімдері мен жалпақ белбеулерін алтын мен мыстан жасаған......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!