Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары

 Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………..........3
І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы
І.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары.............................................................5
І.2 Халқы және орналасу ерекшеліктері...............................................................7

ІІ – тарау Халық шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Өнеркәсіп кешені................................................................................................9
ІІ.2 Жылу –энергетикалық кешені.........................................................................11
ІІ.3 Агроөнеркәсіптік кешен...................................................................................13
ІІ.4 Көлік кешені......................................................................................................15

ІІІ – тарау Сыртқы саяси - экономикалық байланыстары
ІІІ.1 Эстония сыртқы саудасының негізгі бағыттары...................................17
ІІІ.2 Қазақстан мен Эстонияның саяси – ынтымақтастық байланыстары....23
ІІІ.3 Қазақ- Эстон сауда - экономикалық қатынастары....................................26
Қорытынды…………………………………………………………………..........32 Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша


І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы
І.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Эстония климаты Атлант мұхитының теңіз ауа массаларының әсерінен теңіздік ылғалды климатқа жатады . Ең cуық айы батыста 3-4°C , шығыста -6,6°C жетеді . Шілде айындағы температура 16-17 °C жетеді. Көктем әдетте кеш шығады . Жазда ауа райы бірқалыпты , күз жывл мезгілінің ең ұзағы . Қыс жылы , жұмсақ , қар 70 - 130 күн жатады . Қалыңдығы 35 см . Ылғалдылықтың ең көп мөлшері 700 мм .
Эстонияда өзен торы көп тарамды . Көп өзендер Пандиверия және Сакала жазықтарынан бастау алады . Өзен сулары үш бассейнге бөлінеді :
Фин шығанағы , Рига шығанағы және Чудский көлі . Эстонияда 150 өзен бар .Ең суы мол өзені - Нарва өзені . Көлемі бойынша ірісі – Эмайыги өзені . Өзендерді әдетте сумен қамтамасыз етуге пайдаланады . Көлдер елдің 5 % алып жатыр . Олардың барлығы дерлік мұздықтардан пайда болған . Ең ірі көлі Чудское көлі .
Топырақ жамылғысы минералды органикалық тыңайтқыштарпды қажет етеді . Елдің солтүстік және солтүстік батысында , Саарема , Хиума аралдарында карбонатты және батпақты топырақтар басым . Пандиверия жазығы және елдің орталығы бидай өсіруге қолайлы .
Эстония аралас ормандар зонасында орналасқан . Қазіргі кезде территориясының 47 % ормандар алып жатыр . Ең көп таралғандары қайың , канадалық шырша,қарағай . Елдің солтүстік шығыс және оңтүстік батыс бөліктерінде ормангдар жақсы сақталған . Қорықтық ормандар үлесі . 4% . Елдің 21% батпақтар алып жатыр .
Эстония табиғи ресурстарға аса бай емес . Жылу энергетикалық кенорындарынан елдің солтүстік шығысында орналасқан Нарва және Ракверия қалалары арасында орналасқан жанғыш тақтатас кенорынлдарын айтуға болады . Жалпы қоры 3,7 млн . т құрайды .
Жанғыш тақтатастар немесе кукерсиктер салыстырмалы түрде жұмсақ борпылдақ жыныстар майда бөлшектер түрінде олар тез жанып , өзіндік иісі бар . Жанғыш тақтатастар калориялығы тас көмірден үш есе төмен , бірақ күлі 50 пайыз . Жанғыш тақтатастарды 100 км –ден артық жерге тасымалдау тиімсіз . Солтүстік жағалауда фосфорит кен орындары шоғырланған .
Шымтезек қоры бойынша Эстония тек Россия мен Беларуссияға ғана орын береді . Алайда оның ірі электр стангцияларында отын ретінде аз пайдаланады , біроақ тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығында пайдаланылады . Құрылыс заттарынан әктас , даломит , сазбалшық , кварц құмдары кездеседі .





І.2 Халқы және орналасу ерекшеліктері
Эстонияда 1,45 млн. адам. тұрады .1990 жылдардан бері табиғи өсім азайып , көші - қон процестері күшейді . Елдегі демографиялық жағдай нашар . Туу көрсеткіші төмен , өлім - жітім көп , табиғи өсімнің азаюы тән . Елдің солтүстік шығысында демографиялық жағдай тіпті нашар . Мұнда Эстониядағы туу 7,6 %0 , жоғарғы өлім көрсеткіші 14 %0 , сәйкесінше халық санының азаюы -7,21 %0 тең .
Қазіргі кезде Эстониядағы миграциялық процестер аса күрделі . Орыс тілді халықтың көшіп кетуі 1992 - 1994 жылдарға сәйкес келіп , аяқталды . 1992 жылдан 1997 жылға дейін Ресейге 67 мың адам көшіп кетті , оның әрбір бесіншісі мәжбүрленген қоныс аударушы немесе қашқын аталды .
Тарихи даму кезеңдерінде Эстония тұрғындарының этникалық құрамы айтарлықтай өзгерді . Мұнда Эстондықтардың саны азайып , орыстардың үлесі азайды .
Орыс халқының үлесінің көбеюі соғыстан кейінгі жылдарға сәйкес келеді . Бұл жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарының салынуымен және жұмысшы күшінің , мамандардың қажеттігіне байланысты . Сонымен бірге Балтық флотында қызмет еткен әскерилер зейнеткерлікке шыққаннан кейін қызмет еткен жерлерінде қалып қоюына да байланысты .
Этникалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%).
Экономикалық өзгерістер халықтың әлеуметтік –экономикалық жағдайын өзгертті , әсіресе жұмыссыздық көбейе бастады . 2000 жылдың 1 қаңтарында жұмыспен қамтылғандар үлесі 55,1 % болса , жұмыссыздық деңгейі 13,7 % жетті . Жұмыссыздықтың басты себептерінің бірі ретінде жоғарғы білімді мамандардың жетспеуін айтуға болады . Бұл жұмысшылардың кәсіби техникалық білімінің төмендігімен байланысты . Елде жұмыссыздық көрсеткіші жоғары екі аудан көзге түседі . Біріншісі солтүстік шығыс өнеркәсіптік ауданы және екіншісі оңтүстік шығыс аудан . Мұнда ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары жабылып қалған , жұмыссыздық деңгейі 20 % .
Дүние жүзілік банктің мәліметтері бойынша Эстония тұрғындарының 9 % кедейшілікте өмір сүреді . 1997 жылы кедей отбасылардың табыс мөлшері тұрмысы жақсы тұрғындардың табысынан 16 есе аз .Соңғы бес жылда тұрғын үй , денсаулық сақтау , көлік , байланыс қымбаттады .
Эстония - жоғары урбандалған мемлекет . Халықтың 73 % қалаларда тұрады . Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну. Мұнда халықтың көп бөлігі хуторларда тұрады .
Эстония халқының 20 % - ы жоғары білімі бар . Эстонияға халықтың білім дәрежесі жоғарылығы және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі тән . Тағы бір ерекшелігі тұрғындардың шет тілдерін жақсы меңгеруі ,бұл кәсіпкерлікке оң әсерін тигізді . Эстондық орта бизнесімен ағылшын , орыс , фин тілдерін меңгерген .
ІІ – тарау Халық шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Өнеркәсіп кешені
Өнеркәсіп кешені соғыстан кейін жылдарынан 1990 жылдардың басына дейін Эстонияның басты саласы болатын. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы машина жасау мен метал өңдеуімен ерешелеленетін, әсіресе электротехникалық, электрондық өнеркәсіп, прибор жасауда. 1990 жылдардың басында өнеркәсіп кешені құрылымын өзгертуде қиын жолдан өтті. Ол кезде өндіріс көлемі күрт қысқарған болатын.1989 - 1994 жылдары аралығында өнеркәсіптің ешқандай саласында ілгерілеу болмады. Өнеркәсіп өнімдерінің күрт төмендеуінің басты себептері Кеңес Одағы елдерінің арасында экономикалық байланыстар үзіліп қалды (кейіннен ТМД елдері). Эстондық өнеркәсіп орындарының өнімдеріне сұраныстың күрт төмендеуі, шикізат тасымалындағы қиыншылықтар тікелей әсер етті. Өнеркәсіп құрылымында бірінші орынға жергілікті ауыл шаруашылық шикізатқа негізделген тамақ өнеркәсібі және ағаш өңдеу шықты.
Машина жасауда қатты өзгерістер болды. Бұл саланың көптеген кәсіплрындары өндірісті күрт төмендетті, ал кейбірі тіпті жабылып қалды. Машина жасаудың кейбір ғылымды және жұмысты қажет ететін салаларының қайтадан жандану мүмкіндіктері бар. Оған мысалы, электрониканы жатқызуға болады. Бұл саланың дамуына және бәсекеге төзе білуне машина жасаудағы тәжірибе, сақталған ғылым және өндіріс кадрлары, ЕО елдерімен салыстырғанда арзан жұмыс бағасы септігін тигізеді.
Химия өнеркәсібі қазіргі таңда 10 кәсіпорынмен сипатталады. Оның ішіндегі МАҚ « Кивитер » - жанғыш тақтатас химиясы, АҚ «Нироферт » - ресейлік табиғи газдан азот тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындарды ерекше айту қажет.
« Садолин » кәсіпорны Эстония және балтық нарығындағы бояу өндірісіндегі ең ірісі. Өндірілетін өнімнің 70% экспортқа шығады, онда Литва, Латвия және Ресей басым.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі эстон экономикасының басты бағыттарының бірі болып қалады. Оның негізгі өнімдері желімді фанер, ағаш сүректі тақталар, жиһаз, сіріңке, целлюлоза, қағаз.
ІІ.2 Жылу –энергетикалық кешені
Эстонияның энергетикасының ерекшелігі - жанғыш тақтатастың рөлі зор. Оның негізінде электроэнергияның 99% құрайды. Қазіргі таңда жыл сайын 14 мың.т жанғыш тақтатас өндірілсе, оның 12 мың.т жуығы электорстанцияны қаматамасыз етуге кетеді.
Жылу – энергетикалық кешеннің ұзақ мерзімді даму жобасы бойынша жылу балансында торф пен ағаштың үлесін жоғарылату болып табылады. Табиғи газды пайдалану да өседі, ол қоршаған ортаны ластауды азайту мақсатына да байланысты.
Эстонияның басты жылу станциялары - Эстондық және Балтық жағалауындағы ГРЭС, оның үлесіне өндірілетін энергияның 97,6% тиеді. Электр желіліері Латвия және Ресейдің желіліерімен біріктірілген және де оның басқару орталығы Латвияда.
Болашақта Финляндия және Швеция энергия желіліерімен бірігу жоспарланып отыр, ал ол кезегінде Скндинавия елдері мен Орталық Еуропа елдерінің арасындағы энергия желіліерімен қамтамасыз ету орталығы болмақ. Жобаның атауы Baltik Ring.
Кеңес Одағы кезінде Эстония мен Ресейдің Ленинград облысының арасында жанғыш тақтатас өндіретін аудандары байланыс орнатқан. Ленинград облысының жанғыш тақтатастары эстондық ГРЭС –терге түседі, ал одан өндірілген электроэнергия осы облысқа келеді. Ресейлік жанғыш тақтатастың Балтық жағалауы ГРЭС – та пайдалану үлесі 40%.
Қазіргі таңда Эстондық және Балтық жағалауындағы ГРЭС – ті жекешелендіру жұмыстары жүріп жатыр. Басты үміткерлер американдық > компаниясы. Сонымен қатар АҚШ татарту желілерін де сатып алуға мүдделі. Осылайша АҚШ Эстониядағы электр энергиясын ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?