Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

 Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ  ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................
I ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Валюталық құндылықтар , валюталық курстар және аса бағалы металдардың тезаврациясы.........................
1.2 Валюталық операцияларының мәні мен ерекшеліктері..............................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің қаржылық дамуын талдау..............................
2.1 Коммерциялық банктің шет ел валютасымен қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдау...................................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………

КІРІСПЕ
Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынастар қатынасады. Олар келесі нысанда болады:
- халықаралық сауда;
- капитал экспорты және халықаралық несие;
- халықаралық валюта қатынасы;
- халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы;
- ғылым мен техника аумағындағы халықаралық айырбас;
Елдер арасындағы экономикалық байланыс валюта алмастыруды да қажет етеді.
Валюта (баға,құн)- мемлекеттің ақша бірлігі. Ұлттық экономикалық өзара тәуелділігінің күшеюі валюта экономикалық қатынастарын қалыптастырды. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып , ұлтық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды. Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.
Нарыққа өту кезеңінде ҚР-сы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі қажет . Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру , оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері
тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда . Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзін ұллтық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы болуы. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.
ҚР-ның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған . Олар жоғарыда айтылған заңға қоса “ҚР-ның ақша жүйесі туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; “ҚР Ұлттық банкі туралы” 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; ”Банк және банк қызметі туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; “Бағалы қағаздар рыногы туралы” 2003 жылдың 16 шілдесіндегі заң; сонымен қатар ҚР Президентінің жарлықтары , Үкімет қаулылары мен Ұлттық Банк басқармасының нормативтік актілері (1994 жыылдың 24 қарашасындағы ҰБ басқармасы бекіткен “ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі”).
Қазақстан заңдары б/ша валюталық реттеудің обьектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу б.т. Валюталық қатынастардың субьектілері болып “резиденттер” және “резидент еместер” саналады.
ҚР-да негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық Банк саналады. Ол:
-шетел валютасының және шетел валютасындағы б.қ. айналысының сферасы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы көлеміне де енгізеді;
-резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және б.қ.-мен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді.
-резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды, беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді.
-ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағасымен белгілейді.
-алтын валюта активтерін құрап,солармен операциялар жүргізеді т.б.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. (Ұлттық банк және ҚР үкіметі). Бақылау агенттері болып заң б/ша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:
- жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы.
- резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру.
- шетел валютасымен жүргізілетін төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және обьективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резидент еместердің теңгемен жүргізген операциялары б/ша бақылау жүргізіледі.
I ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Валюталық құндылықтар, валюталық бағамдар және аса бағалы металдардың тезаврациясы
Валюталық операциялар валюталық құндылықтардың қозғалысына байланысты. Валюталық құндылықтарға шетелдік валюта, бағалы қағаздар, аса бағалы металдар (алтын, күміс, платина т. б.), табиғи құнды тастар (алмаз, рубин, изумруд т.б.) жатады.
Шетелдік валюта – бұл банкнот, қағаз ақша және монета түріндегі шетелдік ақша белгілері. Валюта бір мемлекеттік және халықаралық ұжымдық валюталарға бөлінеді.
Халықаралық ұжымдық валюта – бұл халықаралық ақшалай есептелген бірлік және төлем құралы ретінде пайдаланылатын валюта. Ол әлемдік сауданың жекелей аумақтарында ерекше дамыды. Мәселен, халықаралық валюталық қорға кіретін елдер есеп айырысу үшін СДР; Еуропалық Одаққа кіретін елдер Евроны қолданады.
Қолдану ортасы мен ретиміне байланысты валюта еркін айналыстағы, жартылай айналыстағы және тұйық (айналмайтын) болып бөлінеді.
Еркін айналыстағы валюта (СКВ) - өзге шетелдік валюталарға еркін және шексіз айырбасталатын валюта.
Жартылай айналыстағы валюта – бұл айырбастау операциялардың жекелеген түрлері бойынша және белгілі ұстаушылар үшін валюталық шектеулер қолданылатын елдерге тән валюта.
Тұйық валюта – бұл бір мемлекет шеңберінде жүзеге асырылатын және өзге валюталарды айырбасталмайтын валюта.
Валюта ұлттық және резервтік деп екіге бөлінеді.
Ұлттық валюта – белгілі бір елдің ақша бірлігі болып табылады. ҚР-да ақша бірлігі ретінде теңге табылады.
Резервтік валюта – халықаралық есеп айырусыларда қолданылатын әлемдік саудада жетекшілік ететін елдерге тән валюта түрі. Бұл валютаны өзге елдердің орталық банктері халықаралық есеп айрысуларды және несие бойынша төлемдерді жүргізу үшін резервтік қор ретінде жинақтайды.
Қазіргі таңда резервтік валютаға ағылшын фунт стерлингі ,АҚШ доллры , неміс маркасы,шейцария франкі , жапон иенасы кіреді.
Қазіргі уақытта әлемде ұлттық банктердің валюталық резервтерінде алтын қызметіне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Көптеген елдер өзінің банктік резервтерінде алтынды сатуда. Бұл жағдай алтын котировкасының күрт төмендеуіне алып келеді. Мәселен, 1997- 1999жж. 1тройский унцияның бағасы 350-ден 260 долларға дейін төмендеді. Сондықтан көп елдер ұлттық банктің қорындағы алтынның орнына басқа бағалы қағаздарды , валюталарды айырбастауды қарастыруда.
Бір валюта бағасының басқа валютаға ара қатынасы валюталық бағамды білдіреді , яғни валюталық бағам бір елдің валюталық құны, басқа елдің валютасында бейнеленуі.
Валюталық бағамдар тұрақты және қалқымалы болады.
Тұрақты валюталық бағам заң тәртібімен бекітілген екі валютаның арасындағы ресми қатынас.
Қалқымалы валюталық бағам саудада, валюталық биржаларда қалыптасады. Яғни бұл жерде валюталар сауда нәтижесі негізінде жүзеге асырылады, валюта бағамдарының ара қатынасы бекітіледі.
Мысалы 1 АҚШ доллары 139,80 тнг.
Кросс-бағам-екі валюта арасындағы ара қатынас бағытының,осы валюталардың негізгі бағытын белгілеуде үшінші валютаға қатынасын анықтау.
Сондай-ақ валюталық бағамдық ағымды және форварды болып бөлінеді.
Ағымдағы бағам (ағыл. SPOT-қолма-қол)- қолма-қол бағам яғни кассалық мәміле . Бұл бойынша екі күн ішінде есептеу жүргізіледі.
Форварды бағам (ағыл. Forward-алға) немесе жедел мәміле-бұл келісім жасалған соң белгілі уақытта валюталық келісім бойынша есептеу үшін қолданылатын валюталық бағам.
ҚР-да аса бағалы металдар мен тастар биржалары құрылған. Бұл биржада шаруашылық субьектілер мен азаматтар аффинирленген аса бағалы металдардың стандартты және өлшемді құймаларын,өңделмеген аса бағалы тастардың , құрамында аса бағалы металдар бар жартылай фабрикаттар мен монеталарды айналысқа түсірумен байланысты келісімдер жүргізіледі . Бұл инвестициялық құндылықтарды, яғни болашақ ақшаны жинақтауға көмектеседі.
Ақша қаражаттарын жинақтаудың бір әдісі, яғни капиталды шоғырландыру , аса бағалы металдардың (алтын мен күміс) тезаврациясы болып табылады. Алтын тезаврациясы (грек. Thesaurus- қазына)-бұл жеке иеленушілердің алтынды қазына немесе сақтандыру қоры ретінде жинау болып табылады.
Жеке иеленудегі алтын 2 негізгі формада: алтын монеталар және құйма түріндегі негізінен банктерде сақталынады. Бұл құймалар несие капиталы түрінде құрылмайды. Қазіргі таңда алтын тезаврациясы Вьетнамда ерекше дамыған. Валюта тұрақсыздығы және инфляция кәсіпкерлер мен азаматтардың баға өсімі, валюталық бағамның ауытқуы және т.б. жағдайларды алтыннан сақтандыру қорын құруды тудырады.
Жеке иеленушінің алтынды жинау тенденциясы дамыған елдерде 70-жылдардың ортасында күшейді. Бұл 1976ж. Ямайка валюта жүйесіне өтуден бастау алды, яғни алтынға ресми бағаны өзгерту, алтынды нарықтық бағада сату және сатып алуға рұқсат беру, орталық банктер мен үкіметттік ұйымдар үшін долларды алтынға айырбастауды тоқтату жүзеге асырылды. Алтын тауар ретінде нарықтық баға бойынша аса бағалы металдар биржаларында сатылады. Алтын құны тек оның көлеміне байланысты болды.
Монеталар немесе құйма түріндегі алтын ыңғайлы салмақтың құраммен иеленеді(тройская унция) 1 тройская унция 31,1034807 гр. құрады.
Аса бағалы металды монеталар жаппай тиражбен өндіріледі және құйма металдар бағасына жақын баға бойынша сатылады.
Қазіргі уақытта көптеген тезавраторлар нақты металды өзінде ұстамайды, олар банкте депокирленген алтынның орнына алтын сертификаты куәлігін алады. Онда көрсетілген алтынның мөлшері нарықтық баға бойынша еркін айырбасталмайды. Алтын сертификаттары оның иеленушісіне айтарлықтай ыңғайлы басымдық береді: алтынды сақтау,сақтандыру бойынша қосымша шығындардан және басқа да қиындықтардан арылуға мүмкіндік береді.
Металдық шот –бұл заңды не жеке тұлғалармен арнайы құзіретті банктерде ашылатын шот болып табылады. Бұл шотта белгілі тұлағаға тиеселі аффинирленген аса бағалы металдардың саны бейнеледі.
Афинирленген аса бағалы металдар – бұл тазалау дәрежесінен өткен және халықаралық стандарттарға, ҚР стандарттарына жауап беретін бағалы металдар. Ал бағалы металдарды лас қоспалардан тазалау немесе олардан ажыратып алу процесі аффинаж деп аталады.
Аса бағалы металдармен операциялар «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңдарына және өзге де нормативті-құқықты актілерге сәйкес ж.а.
ҚР-да валюталық реттеудің негізгі органы ҚР-ның Ұлттық банкі б.т. және ол өз құзіретін ҚР заңдарына сәйкес ж.а.
Арнаулы құзіретті банк – бұл Ұлттық банктен аса бағалы металдармен , шетел валюталарымен операцияларды ж.а. үшін лицензия алған банк.
Арнаулы құзіретті банктер жеке мен заңды тұлғаларға металдық шоттарды ашады аса бағалы металдармен операциялар бойынша қаржылық бақылау агенттері б.с. Заңды тұлғалар бағалы металдармен операцияларды жүргізу үшін лицензия алуы қажет.
Арнаулы құзіретті банктер аффинирленген аса бағалы металдармен келесідей операцияларды жүргізеді:
- Бастапқы саудада металдарды сатып алу бойынша;.
- Екінші нарықта металдарды сату-сатып алу бойынша;.
- Клиент тапсырысы арқылы металдарды сату-сатып алу бойынша;....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі