Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

Мазмұны
Кіріспе 5
І- бөлім. Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру
1.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары. 6 -10
1.2 Экономикалық өсудің теориялары. 11-13
1.3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері. 14-15
ІІ- бөлім. Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы
2.1. Макроэкономикалық тепе –теңдік теориялары. 16-18
2.2. Экономикалық өсудің мүмкіндіктері. 19-21
Қорытынды 22 -23
Пайдаланылған әдебиет 24

Кіріспе
Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.

3. Эластикалық өсу төмен, яғни орташа жылдық өлшем бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімінен төмен !
Қазіргі экономикалық теорияда ең аз зерттелген мәселе –қоғамның экономикалық жүйесінің бір типінен екіншісіне көшудің салдары мен өтпелі экономиканың мән –жағдайы. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы барлық елдердің өзінің даму деңгейі мен экономикалық жағдайының сипаты тұрғысынан әр түрлі күйді кешуімен түсіндіріледі. Сондықтан экономикалық теорияда қоғамның даму баспалдағы құбылысының критериіне әзірше біркелкі көзқарас жоқ.
Демек, қоғамның бір күйден екіншісіне көшудің мән –жағдайы
жайында біркелкі түйінделген ой да жоқ. Баршаға белгілі нәрсе –еңбек құрал –жабдықтарының даму деңгейіне қарай қоғам дамуын жіктеп бөлудің төмендегідей түрлері бар: тас дәуірі, қола және темір дәуірі.
Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтольон мен Д.Ж. Кларк ұсынған акселерация принципін қолданды. Экономикалық өсудің кейнстік үлгісі Р. Харрорд, А. Хансен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды.
І- бөлім. Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру.
1.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары.
Экономикалық өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілетті болып таблады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «Экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мәнді. Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады ?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі саналық артуы және олар екі топтан; өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан яғни қажеттілікке пайдаланудан тұрады! Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенцивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенцивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенцивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін –бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификатциялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатта ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктың миханизімінің сұраны мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенципті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенцивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша, он.дай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуі өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорцияналдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі , сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына:
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына:
- капитал ресурстарына :
- қолда бар технологияға.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенцивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай тап болған қоғам өзінің бағыт –бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жайылуы қоғамдық интенсипті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт –бағдар жасау : оларға –материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу обсолюттік және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, алдынғы да -200 млн. теңге болған, онда обсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал саластырмалы тұрғыда - 5% құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып , оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Сонымен барлық елдің алдында тұрған ортақ мәселе –экономикалық өсу, онда ұлттық экономика дамуы. Халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектелуі мәселелері шешіледі. Экономикалық әдебиеттерде осы түсініктегі анықтамаға бір келкі пікірмен келмейді.
Кейбір экономистер (Макконнель, Брю) экономикалық өсуді екі жолмен есептеледі деп санайды.
1. Жалпы ұлттық өнімді өсуін есептеу (немесе таза ұлттық өнім)
2. Осы көрсеткіштердің халықтық жан басына шаққанда өсуі.
Ал кейбір экономистер экономикалық өсуді : өнім мен өндірістік фактордың тек сандық қана емес , сапалық өсуі деп көрсетті.
Экономикалық өсудің үш түрі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас (нақты).
Экстенсивті өсу дегеніміз –қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Интенсивті өсу дегеніміз –техника және технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі . Нақты өмірде өсудің не ана түрі, не бұл түрі болуы мүмкін емес. Олар аралас түрінде келеді.
Аралас (нақты) өсу -өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының пайдалануы санының өсуі және техника және технологияның жетілуі.
Экономикалық өсуді есептеу –проценттік жылдық өсуі қарқынымен есептейді.
ЖҰӨ1
ЖҰӨ өсу қарқыны = ———— к 100 %.
ЖҰӨ0
ЖҰӨ1 = есепті жылғы ұлттық өнім.
ЖҰӨ0 = бизнесті жылғы ұлттық өнім.
Қайсысы тиімді қарқындар мүмкіндік варианттарды: жоғарғы қарқын, нольдік қарқын, теріс қарқын , қолайлы қарқын ,
Жоғарғы қарқын бір қарағанда тиімді сияқты. Бірақ, біріншіден өнімнің сапалығы ескерілуі керек; егер, жоғарғы
қарқынды өндірілетін жарылғыш телевизорлар -әрине жаман. Екіншіден, өнімнің өсу құрлымы қажет: әскери өнімнің өсуі салыстырмалы салмағынан көп болуы және тұтыну заттарының аз болуы өмір сүру деңгейін төмендетеді, -бұл да жаман.
Өз кезегінде, нольдік қарқын экономикалық өсуде мегатипті сипатқа ие бола бермейді. Тек , егер олар материалдық сиымдылығы төмендесе , осымен өндіріс факторларын шығындарын үнемдеуге алып келеді , бұл жаман емес. Милитаризация шығынына , егер объективті себептері жоқ болса , онда нольдік өсу пайдалы.
Теріс қарқын –ұлттық экономикалық дағдарысты куәландырады. Бұл 60 – 90 ж.ж Одақты бейнелейді. Қазақстан экономикалық дағдарысы әр түрлі себептер жиынтығы мен түсіндіріледі: рационалды емес экономика құрлымының үлкен үлес салмағы өндіріс құралы және әскери өнім , төмен қор қайтарымдылығы, бұрынғы КСРО республикааралық шаруашылық байланысының бүлінуі, нарықтың экономикаға өту кезіндегі қиыншылықтар.
Қолайлы қарқын жоғарыда , төменде болмайды , олар макроэкономикалық теңдікті қамту керек. Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңызды болып: ұсыныс, сұраныс, бөлу факторы .
Ұсыныс факторларына мыналар жатады:
- табиғи ресурстың саны мен сапасы (жер,пайдалы қазбалар, климат т.б.) қаншалықты табиғи жағдайы жақсы болса, соншалықты елде экономикалық өсуге мүмкіндік бар :
- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы бұл жағдайда да тәуелді:
- негізгі капиталдың болуы:
- өндіріс өніміне қолданылатын технология деңгейі.
Сұраныс факторына жатады:
Қоғамның тұтас сұранысын өндірілген өнімге көтерілуі және сонымен бірге оның өсуін ынталандыру:
- еңбек ақы қаншалықты жоғары болса, соншалықты сұраныс жоғары:
- мемлекеттің фискальдық политикасы –қаншалықты салық жоғары
болса, соншалықты еңбек ақы төмен, сондықтан экономикалық өсу және сұраныс төмен:
- халықтың қор жинау биімділігі де нақты сұранысты төмендетеді, демек экономикалық өсуде төмендейді.
Өнімнің өсуіне (экономикалық өсу) ресурстарды бөлу өте жақсы ұйымдастырылған түрде бөлу керек .
Факторлардың өсу әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады, олар: көп факторлы, екі факторлы.
Көп факторлы модель –барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы фактордың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Бұдан көретініміз осы барлық фактордың ықпал етуі өндірілген мүмкіндік қисық сызығын көрсетеді. Әр түрлі фактордың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санын,а әсерін тигізеді. Ұсыныстың кез –келген факторының күшеюі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын оңға жылжытады.
Екі факторлы модельге –еңбек және капитал жатады. Американдық экономист Денисонның тұжырымы бойынша: 2/3 өнімнің өсу еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жүзеге асады, 1/3 еңбек шығыны өсу еңбегінен туындайды. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады; біріншіден, ҒТП есептелмейді: екіншіден есептеледі .
Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануыбаяулап ақтық өнім төмендеуіне әкеледі және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП –ның орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, ҒТП инвестицияны өсіреді. Инвестиция экономикалық өсуіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Соның бірі , еңбек шығынын үнемдеу және капитал шығыны өсуіне алып келеді. Оларды еңбек жинақтаушы дейді. Еңбек пен капиталдың үнемділігі үйлестіретін инвестициялық теңдеуін нитралды деп атайды.
1.2. Экономикалық өсудің теориялары.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.
Өсу формуласының негізінде кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінрек «акселерация» теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор –көбейткіш , ал акселератор –бұл дайын өнім сұранымның өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коффисенті «мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы өндірген, кейінрек Дж. М. Кейнс өзінің «жұмыспен қамту, өзінің өсім және ақшаның жалпы теориясы » (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен , Р. Харрод , Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н.Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсу кезіндегі ұлттық табыстық қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долларға тең делік және орташа табыс жылына 1000 доллар болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек болады. Жұмысты атқаратындардың өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі қызметте олардың өндірістің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек , инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жолдау нәтижесінде , жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. доллар табыспен құрайды немесе алғашқыда 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3 –ке тең.
Акселератордың іс -әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін қарастырады: акселератор.
- Ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс -әрекет жасайтын
мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет 1913 –ші жылы француз экономисі
А. Афтольон (1874 - 1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрорд, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс еңдірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - «орташа тұтынуға бейімділік» - арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті («АРС» - арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бірлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү) яғни
тұтыну С
АРС = ———— немесе —— ;
табыс Ү
және «шектеулі тұтынуға бейімделік» (МРС) дегеніміз кез –келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі, яғни
тұтынудағы өзгеру ДС
МРС = —————————— = ———
табыстағы өзгеру ДҮ
Бұдан басқа да Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелсіздік елдерді орташа –жинақтауға бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден –бір психалогиялық фактор ретінде түсінеміз және ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (APS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!