Психология | Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау

 Психология | Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау

Мазмұны
1.Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері
2.Компьютерлік ойындармен әуестенетін жеткіншектердің
агрессивтілік мәселесі.
3. Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы

Кіріспе
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді, дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі және мектептегі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі.
Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді : « Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Агрессиялық мінгез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке–даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте қалыптасқан мінез-құлықтық мәселесі, оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-түзетуші жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялық мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.
1.1 Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері
Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі.Оны мынандай сызба түрінде ұсынады:
Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Көптеген әр түрлі бір-біріне қарама –қайшы теориялық негіздерге қарамастан Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше [8 с. 35] олардың көбісі келесі төрт категорияның біріне сәйкес келеді. Агрессия бірінші кезекте мыналарға қатысты :
1. Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға
2. Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге
3. Танымдық және эмоционалдық процесстерге
4. Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларға байланысты.
Агрессивтілік эмоцияның көрінуі әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай бірнеше теориялар бар.Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Агрессияға қатысты ең алғашқы және белгілі теориялық ой бойынша , бұл мінез – құлық табиғатынан инстинктивті болып келеді. Бұл теориялық ойға сәйкес, адамдар осы тектес әрекеттерге генетикалық алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып, мықтылануына бағытталған энергия көзі ретінде қарастырылады. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыл алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоанлитикалық анықтамада – « Танатос » деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандауға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өмірге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған[ 6].
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адазат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады( Сызба 1.1 назар аударыңыз)
Агрессияның өзгеге бағытталуы
Агрессияның өзгеге бағытталуы: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелунен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылу, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылуы зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат агрессивтілікті ( сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады. Осылай әрдайым сыртқа шығарылып отырылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалықты, кешілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңіруі мүмкін
Этнологиялық көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. К.Лоренцтің ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет.Адам бұл өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет.Агрессияны зерттей келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады.
Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді.
Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі. Осы мезетте жиналған энергияның саны, өнбойынан агрессияның сыртқа шығуына әкеледі. Басқа тіршілік иелеріне қарағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық-зомбылығы көбірек.К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке тиеселі. К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш деп қаарстырады.Сондай-ақ оның айтуы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді.
Лоренцтің тұжырымы бойнша – достық жылы қарым-қатынас махаббат ашық агрессияның ұйшығуын жауып жеңілдетуі мүмкін.
Аңшылық гипотеза: Адри Голливуд сценарисі « әуесқой архиолог», бірнеше кітаптар жазған. Адридің айтуы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы : «Біз аштықта болмас үшін –шабуылдадық. Біз қауіпке лайықты қарсы тұрмасақ та онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік. Біз аңшылыққа антомиялық және физиологиялық жағынан икемделгенбіз». Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесі ретінде құрайды.
К.Ю.Юнгтің агрессияға көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндірді. Индивидтің дау-дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі, жаңаруы.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады. Құмарлық теориясы агрессияның қайнар көзі ретінде сыртқы себептердің қарқындылығынан туындайтын өзгелерге зиян тигізуге ұмтылу деп жорамалдайды. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж. Доллард. Оның көз қарасы бойынша агрессия - бұл адам бойындағы автоматталған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі бойынша агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытт агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.
Агрессия – бұл өзінің іс - әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.
Фрустрация – көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны мен осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатқа бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.
Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орындайтын әрекет.
Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесіп қабылдануы, агрессияның басқа формаларының оянуының артуы агрессияны адамға қарсы қойып, агрессияның басқа формаларының оянуының артуына әкеліп соқтырады.
Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған агрессивті әрекет құлшынысы, фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес, сол мезеттегі реакция. Дж. Доллардтың теориясының негізгі екі болжамы бар:
1. Фрустрация әрдайым агрессияның қандай да бір формасына әкеледі.
2. Агрессия үнемі фрустрацияның нәтижесі болып табылады.
Осыған қоса, қосымша аспектілер бар. Агрессияға түрткі болатын маңызды үш фактор бар:
1. Біріншіден, болашақта мақсатқа жетуден күтілген қанағаттану дәрежесі.
2. Екіншіден, мақсатқа жету жолындағы кедергілер жолы.
3. Үшіншіден, жүйелі фрустрацияның саны.
Кейіннен Доллард агрессияны баяулататын факторларды зерттеуге көшті. Агрессияның кез келген актісінде баяулау дәрежесі осы әрекеттен кейін жүзеге асатын жазалау ауыртпалығына қарай тікелей сәйкестеніп түрленеді. Бұл теориясын нақтылай келе Берковиц фрустрация агрессивті әрекет етуге дайындалуға әкеледі деп тұжырымдады. Агрессивті құлық пайда болу үшін агрессияның алғышарттары, яғни агрессияны тұтастай ұйшықтандыратын өзекті факторлармен байланысты орта стимулдары болу қажет(Сызба 1.3 назар аударыңыз)
....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі