Экономика | Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

 Экономика | Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқарудың экономикалық әдістері
1.1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқару....................................................4
1.2 Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер.......................................................11
2 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастыру процесі және ұйымдық құрылымды
құру
2.1 Кәсіпорында басқаруды ұйымдастырудың маңызы және басқару құрылымының негізгі типтері..............................................................................17
2.2 Ұйымдық құрылымды құру............................................................................20
3 Мемлекеттік жекеменшік негізінде стартегиялық инфрақұрылымды дамыту және осы саладағы басқару сапасын көтеру
3.1 Инфрақұрылымды дамыту міндеттері..........................................................23
3.2 Тоқыма және тігін өнеркәсібінің даму қарқыны..........................................26
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....


1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқарудың
экономикалық әдістері

1.1 Кәсіпорындар және оларды тиімді басқару

Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:
1. Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде екі адамның бар болуы;
2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы;
3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі;
Ұйым – алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.
Ұйым мақсаты жан – жақты болуы мүмкін. Мысалы: белгілі кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау т. б, яғни ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс – әрекеттер орындалады және осы мақсаттардың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып келеді.
Мақсатты орындауда нәтижеге жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі болып жіктеледі.
Ресми ұйымдар дегеніміз – мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы дайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.
Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаган жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие боялады, сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау шаралар жүйесі болады.
Күрделі ұйымдар құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.
Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар сипаттамаға ие болады. Оларға ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділік, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі енгізіледі.
1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметі — нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдардағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық технологиялық және акдараттық болып жіктелінеді.
Адамдық ресурстардың нәтижелілігі — басқару ісінің сан қилы міндеттерін орындайтын басқарушылар, мамандар, техника-лық қызметкерлердің, кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар бастапқы өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші қызметті орындайды.
Технологиялық ресурстар алдыңғы қатарлы шлымның жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті ақпарат тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.
2. Сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындагы экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, халықаралық әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын алуы және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы ұйым стратегиясын ұстануға, өзгерістерді бағалауға, бәсекелестер қызметін бақылауға факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндікті туындайды.
Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады. Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз — басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.
3. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтар мен бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т. б. бөлімдер құрылады.
Тік еңбек бөлінісі — басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет, осыдан барып қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады.
Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді.
Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын, бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.
Орта буын (деңгей) — жоғарғы буын анықтаған ұйымның өз мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары .
Төменгі деңгей — тікелей орындаушылар және де төмені ішінара қызметтерді орындайтын басшы буындар.
4. Басқарудыд қажеттілігі.
Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орыналғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі. Басқарудың мақсаты — кәсіпорын мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың, негізгі бағыттары олардың даму тенденциялары туралы төмендегідей түсініктеме беруге болады;
1 Басқарудың, кәсіптілігін дамыту, яғни теориялық білім мен іскерлікті және тәжірибені ұштастыра білу;
2. Басқаруды демократияландыру — қызметтік орындалу барысымен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
3. Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еқбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;
4. Басқаруды шоғырландыру мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру мен үйлестіру;
5. Басқаруды орталықтандыру — қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік, басшылықтық бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастың орнықтырылуы;
8. Басқару шешімдерінің, көп нұсқалылығы — проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша, күттірмеген шығындарға басшылықтық жол бермеуі;
7. Басқару еқбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моральдық, этикалық, құқықтық нормаларды кеңінен қолдану.
Ұйымдардағы тиімді басқарудың сипатты белгілеріне экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, праволық (құқықтық) және ұйымдастырушылық-техникалық тұрғылар (аспектілер) жатады.
Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процесті басқаруды, көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үйлестіруді қамтиды.
Әлеуметтік-психологиялық ұйым алдына қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметкерлерін ұймдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтық қызметін белгілейді. Бұған басшы мен бағынышты арасында байланысты реттейтін билік жүйесі, қоғам мәдениеті мен дәстүрін, бағалылықтарын бейнелейтін әлеуметтік функция енеді.
Праволық (құқықтық) турдегі басқарудағы мемлекеттік, саяси, экономикалық институттар құрылымын, олардың жүргізетін | бағытын, анықтаған, заңдылықтарға кіріегеді. Ұйымдардың | құрылуы, келісім жасау, меншік және кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы күрес, салық саясаты, қаржы саясаты) шаралары басқаруда маңызды орын алады.
Ұйымдастырушылық – техникалық тұрғы өз құрамына орын алған жағдайды дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізеді.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және төмендегідей сипатқа ие болады:
1. Мақсат — нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни анық орындалу барысын бағалаудың мүмкіндігі;
2. Мақсат — белгілі мерзіммен шектелуі тиіс, соған орай мақсаттық: ұзақ, орта және қысқа мерзімде болуы;
3. Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндіктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы;
Қазақстан Республикасында ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасау тәртібі арнаулы заң құжаттарымен бекітілген. Атап айтқанда, 1995 жылғы қантар айында қабылданған "Азаматтық кодексте" ұйымдардың түрлері мен негізгі белгілері заңды тұлға ұғымында берілген.
Ұйымның заңды тұлға болып есептелуіне меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкінің болуы және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажетті шарт болып табылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру болып табылатын коммерциялық ұйым деп аталынып, мұндай заңды тұлғалар «мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооперативтері нысандарында құрылады.
Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым танылып, мұндай заңды тұлға: мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативті қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында ашылуы мүмкін.
Борышқордың (ұйымның) өз несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың (ұйымның) мүлкінен міндеттемелерінің асып кетуі салдарынан салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлей алмайтын тұрақты қабілетсіздігі сот шешімімен банкроттық деп танылып, мұндай заңды тұлға (ұйым) таратылып, қызметі тоқтатылады.
Тек 1995 жылдық өзінде Қазақстанда өнеркәсіп саласында 500-ге тарта кәсіпорын банкрот болып есептелінуде. Осыдан барып өтпелі кезендегі қиын-қыстау тығырықтан шығуды басқаруға жоғарғы талаптар қойылады. Осы тұста кәсіпорынның, ұйымның дағдарыстан шығу саясаты жедел, ағымдағы шаралар мен стратегиялық бағытты көздейді.
Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей бірқатар талаптар қойылады;
— өзіне деген сенімділік және өзін өзі меңгере білу;
— жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;
— бастамаларды іздестіру мен өнертапқыштық;
— қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілік;
— басқару әдіс-тәсілдерін білу мен басшылық қабілеті;
— мақсаттылық пен тұрақты жоспарлау және бақылау;
- тығырықтан шығу мен тиімді шешім қабылдауға дағдылану | т. б.
Сонымен менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман. Басқару әрекетін жүргізу басшылықтың білім деңгейі, басқару дағдысы мен тәжірибесіне байланысты.
Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық.
Сызба - 1 МЕНЕДЖЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
1.2 Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер
Басқару дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бастап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.
Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!