Жамбыл Жабаев (Кәмшат қыз)

 Жамбыл Жабаев (Кәмшат қыз)

Кермиық Кәмшат қыздың көрдік көркін,
Қоңдырған шекесіне құндыз бөркін.
Секідді алтайы түлкі сылаң қағып,
Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін!
Қырандай қияннан-ақ ілер едім,
Қырқада қызыл жүзін бұрса бертін.
Шаң жұқпас шашасына саңлақ едім,
Сан жерде шаршы төске самғап едім.
Жұртшыдай жұрт торымай, алысқа ұшып,
Алатын тоятымды таңдап едім.
Айдынның ақ шортанын жібермейтін,
Жасымнан жаза баспас қармақ едім.
Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу,
Сол ғана тұла бойға берген жылу.
Ажары бет пен іштің бірдей емес,
Керек-ау, Кәмшат, соны пайым қылу!
Солмай ма көктемдегі әдемі гүл,
Оңбай ма арудағы алқызыл түр?
Еңкейіп, екіндіге күн құласа,
Көріксіз көрінбей ме дүние бір?!
Осының бәрі мысал ойлағанға,
Кәмшат қыз, ойлан, ойланба, оны өзің біл.
Көңілге келіп бір сөз қалғаннан соң,
Тынар ма айтып өтпей қу қызыл тіл!

Сыртың бір сұлу жан екен
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр-мінезің бар екен
Сөйлесуге ерінген.
Қамқа қамзол киініп,
Қас-қабағың керілген.
Қарапайым адамнан
Менсінбеген, жерінген
Жұбайыңды есіттім
Таңдап тапқан еліңнен.
Өзі қарау, тарыншақ
Хас Қарымбай делінген.
Салғаныңды көрермін ,
Соған барып серуен.
Сөйлесермін оралып,
Сонда, Кәмшат, сенімен!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі