Саясаттану | Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны

 Саясаттану | Әйелдердің  саясаттағы рөлі  мен  орны

Мазмұны
1. Кіріспе 1-3 бет
2. 1-тарау. Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны.
3. Қазақстандағы гендерлік саясат. 4-7 бет
4. Қазақстандағы әйел құқығы. Үкіметтік емес ұйымдар. 8-11 бет
5. 2-тарау Қазақстандық әйелдердің саясатқа қатысуы.
6. Әйелдердің саясатқа араласуы. 12-15 бет
7. Әйелдердің саяси белсенділігінің төмендегі сыры неде? 16-19 бет
8. Қорытынды 20 бет
9. Қолданылған әдебиеттерге сілтеме 21-22 бет

Әйел-Ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясына дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сипап тұрғандай. Себебі - әйел тішілікің тұтқасы, айнасы, ана өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр. Кез – келген қоғамда әйел-ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Соның бір болмыс -нышанын өз алдына іргелі мемлекет болып отырған біздің елімізден де көруге, байқауға болады.
Әйелдің қоғамдағы орнына келер болсақ, ол өз алды әңгіме. Жасыратыны жоқ, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орыны туралы әңгіме қозғалса біз әлі де алдымен олардың жұмысбастылығы, білімі, оларға қатысты басқа да деректерді тілге тиек етіп жатамыз.
Қазақ әйелдерінің қоғамдық -саяси ортадан аз көрінуі қазақтың ежелден сақталып келе жатқан патриархаттық менталитетіне байланысты болуы мүмкін. Жекелеген тұлғалар болмаса, қазақ халқы қоғамдағы әйел рөлін негізінен отбасының ұйтқысы алыптар мен данышпандарды дүниеге әкеліп, тәрбие беру үшін ана ретінде елестетеді. Бұрынғы мәселені найзаның ұшымен шешетін заман үшін бұл кешірімді.
Берідегі әйелдер “теңдік” алған кездің өзінде шектен тыс саясаттандырылған қоғамда “әйелдің тең құқылығын” көрсету үшін аса бір жауапкершілік жүктелмейтін, мемлекеттік “қайраткерлікпен” ғана шектелетін ұсақ –түйек билік беріп, көз алдаушылық жасалғаны белгілі, Қазақ әйелдері, өздерін үлкен қоғамдық-саяси күш ретінде сезініп, мемлекеттік билікке ұмтылатындай саяси қондырғы да, ахуал да болған жоқ. Міне, сондықтанда қазақ әйелдері арасында Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін елге билеуге лайық тұлғалар болғанымен жеме –жемге келгенде “байтал шауып бәйге алмастың” деңгейінде қалып келеді.
Бұдан әрі республика халқының жартысынан астамын құрайтын әйелдер қауымымен санаспау, олардың қоғамдық саяси ортадағы, мемлекеттік биліктегі, парламенттегі белсенділігін шектеу, отбасы, ошақ қасында тұншықтыру-қылмыс. Өйткені, олардың адам ретіндегі құқығының бұзылуына әкеліп соқса, және демократияға кері әсер етуі мүмкін.
Бұл күнде елде дипломатиялық қызметте жүрген біршама әйел-елшілерде баршылық. Ия соңғы кезде көптеген қыздарымыз еліміздің саяси өміріне кеңінен араласып, белсенділік танытуда.
Осы курстық жұмыс барысында . Қазақстандағы әйелдер саясатының қарқыны, олардың саясаттағы орны мен рөлі, Қазақстан Әйелдерінің құқықтық деңгейінің сақталуы, халықаралық ұйымдарға қатысуы кеңінен қаралып отыр.
Әйелдер мәселесі газет-журнал беттеріндеде жиі жарияланып, талқыланып келеді. Мысалы , Егемен Қазақстан, Жас Алаш, Сарыарқа, Саясат, Ақ босаға газет –журналдары қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған әйелдер саясатына байланысты арнайы парақтар арнап, мемлекеттік деңгейдегі талқыға салып отыр. Ал арнайы ұйымдар арқылы бюллетеньдер шығарылып тұрады.
Бүгінгі таңда әйел-саясаты- әлемдік саясат, әлемдік мәселенің төрінен орын алып отыр.
І – тарау . Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны.
§ 1.1. Қазақстандағы гендерлік саясат.
Гендерлік саясат. Гендер дегеніміз не? Ғылым бұл ұғымды былай түсіндіреді: «гендер» биологиялық жыныс негізіндегі әйел мен еркектің әлеуметтегі айырмашылығы. Гендерлік айырмашылық негізінде ер адам билеуші, ал әйел адам бағынушы деген ұғым қалыптасқан.
XIX ғасырда Батыс Европа мен АҚШ-та әйелдер мен еркектердің теңдігі үшінгі феминистік қозғалыс пайда болды. Яғни, бірінші кезекте әйелдердің сайлану құқығы туралы мәселеге бағытталды. Ал XX-ғасырдың 60-жылдары генднрлік деген жаңа ұғым пайда болды., яғни адамдардың биологиялық және әлеуметтік қатынастарының арасындағы айырмашылықты сипаттады. Гендерлік саясат қоғамдағы дәстүрлі стереотип, жанұяның мәселесін шешу, бала тәрбиесі, үй шаруасы сияқтылар ғана емес, сонымен бірге екі жұмыстың арасындағы теңдікке жету, әйелдердің қоғамдағы және саясаттағы орны мен ролі туралы көзқарасты өзгерту болды.
Сондықтан, гендерлік саясаттың маңызды міндеті қоғамдық өмірдегі барлық салада гендерлік теңдікті сақтаумен әйелдерге қатысты барлық дискриминацияны жою.
Жыныстық дискриминациямен күрес мемлекеттік гендерлік саясаттың алғашқы бағыттарының бірі.
Қазіргі кезде Қазақстан дискриминацияларды жою және гендерлік институттарды дамыту мәселесі бойынша бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер ішіндегі ең жоғарғы мемлекеттердің бірі. 1998 жылы Қазақстан “Әйелдерге қатысты дискриминациялардың барлық түрін жою туралы Ковенцияны” бекітті. Ол 1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен қабылданған конвенция болатын. Онда әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуде. Бірнеше бағыттарда жүргізілген:
1.Барлық көпшілік сайлау органдарында сайлауға және сайлануға құқылы екендігі;
2.Мемлекеттік қызметте тұруға және мемлекеттік саясатты жүргізу немесе құруға қатыса алатыны;
3.қоғамдық-саяси өмірдегі мәселермен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдар құруға құқылы екендігі көрсетілген.
Осы Конвенцияны бекіте отырып, Қазақстан 1995 жылы халықаралық әйелдер Форумында қабылданған Пекин платформасының талаптарын орындауға өз ынталарын айрықша атап көрсетті. Бұдан басқа Қазақстан адам құқығы жөніндегі, әсіресе, жыныстар арасындағы теңдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20 шақты әртүрлі келісім шарттар мен конференцияларға қатысты.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конститутциясында жыныстық айырмашылыққа, этникалық және діни, тілдік айырмашылықтарға қарамастан барлық азаматтардың тең құқығы мен мүшеліктеріне кепілдік берілген. Қазақстандағы гендерлік қозғалыстың маңызды бір қадамы- Қазақстан Республикасының президенті жанындағы отбасы және әйел мәселесіне байланысты Ұлттық комиссиясының құрылуы және мемлекеттік қызмет ісі бойынша Агеттіктің құрылуы болды. Бұдан басқа әйелдер мен жанұяның мүддесін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттық топ “Отбасыны” құрды. Осы ұйым шеңберінде ҚР-дағы әйелдер жағдайын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар жұмысын бастады. Бұл жоспардың негізінде заңдар, әйелдерді жұмыспен қамту, олардың денсаулығын жақсарту бойынша шаралар қабылдау сияқты жұмыстар іске асырылды. ҚР-ның Үкіметі 2000 жылы әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы БҰҰ-ның Конвекциясын орындау бағыты туралы алғашқы баяндамасын ұсынды.
Қазіргі кезде Қазақстандағы әйелдер қозғалысын дамытуда интеграциялық жол алға қойылды . Солай , мемлекеттік емес әйелдер ұйымының бірігуі республикада бірінші әйелдер партиясы « Әйелдер ұйымының саяси одағы» атты партияның құрылуына әкелді, ол қазір Қазақстан әйелдерінің Демократиялық партиясы болып өзгертілді .
Мемлекеттік емес әйелдер ұйымының әрекеті соңғы 10 жылда елеулі өзгерістер әкелді . Егер басында бұлардың бәрі әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауға бағытталса, және оларды психологиялық , заңды кеңестермен қамтамасыз ету, көп балалы аналар мен жалғыз басты әйелдерді қамту сияқты мәселелермен шектелсе, қазір олардың көбі әйелдердің саяси белсенділігін арттыру , саяси процессте олардың тепе-тең қатысу мәселесін шешу , саяси қарым-қатынаста толық құқылы субъект ретінде әйелдері саяси социялизациялауға бағытталып отыр. ҚР-ның президенті жанындағы әйелдер және отбасы ісі жөніндегі Ұлттық Комиссияның 4 негізгі бағыты жұмыс істейді. Бұл саяси және экономикалық қозғалыс , әйелдерге қатысты күш қолданумен күресу.
Әйелдер денсаулығын жақсарту болып табылады. Осы Комиссияның бастамасымен Қазақстандағы гендерлік саясатты дамытуда Концепциялар жұмыс істеуде. Осы мақсатта республикалық бюджтте 2002 жылы алғаш рет 150 миллион тенге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл кәсіпкер- әйелдерге өз шаруашылығын жүргізуге көмек ретінде жіберіліп отыр.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссия ҚР-ғы әйелдер жақсарту бойынша Ұлттық жоспар құруда қатысқан мемлекеттік емес ұйымдармен өте белсенді ынтымақтасуда. Осы ұйымдар басшылары 3 әйелдер форумына қатысты. Көптеген шетел зерттеушілерінің айтуынша гендерлік саясатты жүзеге асыру саласында Орталық Азия аймақтары арасында Қазақстан лидер ретінде танылды.
Шынымен, Қазақстан Финлиядия, Австрия және Лихтенштейн сияқты Халықаралық мемлекеттік емес ұйымдардың «Women who make a diifference» Деген бағдарламасына қатысуы тұрарлықтай жағдай еді.
Егер гендерлік саясаттың басты бағыттарын айтар болсақ, онда алдымен халықтың гендерлік білім жүйесін құру қажет.
Гендерлік теңдікке жетудің тағы бір жолы әйелдер арасындағы жұмыссыздықты қысқарту. Сол арқылы оларға қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысуына көбірек мүмкіншілік беру, әйелдердің тұрмыстық ауырпалығын қысқарту үшін белгілі бір шаралар қабылдау қажет.
БҰҰ-ның Бюросы мен ЮНИФЕМ-нің қолдауымен “Гендер және оны дамыту” Концепциясында жасалып бітті. Мұның бәрі Қазақстандық әйелдердің әлемдік дәрежеде тіршілік етуін қамтамасыз ету мен олардың мемлекеттік саясатта, сондай-ақ халықаралық саясаттада рөлін артыру болып табылады.
1.2. Қазақстандағы әйел құқығы.
Үкіметтік емес ұйымдар.
БҰҰ-ның Жарғысының 1-бабында адамдардың ұлты, жынысы, тілі, дініне қарамастан адам құқығын құрметтеуді дамыту және еркіндік пен бостандықты силауды кеңейтуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру баса айтылған. Соңғы 20 жылда көптеген елдер адам құқығы төңірегіндегі негізгі келісім-шарттарға мүше болуда.
Қазақстан Республикасы демократияланған мемлекет ретінде өз азаматтарының құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатымен БҰҰ-ның адам құқығы аумағындағы халықарлық конвенцияларға қосылды. Сонымен қатар Қазақстан Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы Конвенцияға да қосылды. Онда әйелдердің мемлекеттік саясатта іс жүргізуінде және жүзеге асыруында ерлермен тең жағдайда болуы, жұмыста және қызмет бойынша көтерілуінде бірдей мүмкіндіктерге, ие болуы және де үкіметтік емес ұйымдармен бас қосуларға қатысуы қамтамасыз етілген. Әйелдер жағдайы бойынша ұлттық саясат іс жүргізуінде Пекин декларациясы мен 1995 жылғы қыркүйектегі әйел мәселесі жөніндегі БҰҰ-ның 4.Бүкіл әлемдік конференциясында Қазақстанның үкіметтік делегацияларының қол қойған, әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі Платформа әрекеті үлкен қызмет көрсетті.
Пекин конференциясының тағы бір мақсаты 1979 жылы БҰҰ-ның қабылдаған әйелджерге қатысты дискриминациясының барлық түрін жою туралы Конвенцияға қол қоюға Қазақстан, Түрікменстан сияқты 41 елді қосып алу болды. Қазақстаннан бұған үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдерінен 30 адам қатысты. Конвенция әйелдерге қарсы дискриминнациялардың барлық түрін жою туралы бағдарламалар бойынша әрбір елдің өзінің ұлттық механизмін құруды ұсынды. Сондай-ақ саяси салада да әйелдердің құқығы туралы заңдар қабылдануы керек екендігі айтылды. Осының негізінде Қазақстанда 1996 жылы Президент жанындағы жанұя, әйел және демографиялық саясат мәселесі жөніндегі Кеңес құрылды. Оның мақсаты Президенттке Қазақстандық әйелдер мен балалардың әлеуметтік жағдайы жөнінде жүйелі информациялар беріп тұру.
Отбасы құрылысы мен гендерлік ролдің тез өзгеруімен жаңа әлеуметтік мәселелер туындай түсті. Бірақ бұл әйелдер үшін қоғам мен экономикада жаңа мүмкіншіліктер әкелді,.
Демократияның негізі ол теңдік идеясы, яғни барлық азамат тең мүмкіншілікке ие. Бірақ әйелдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайларының жоқтығынан саяси процестерге белсенді түрде қатысу жағдайында емес. Әйелдердің саяси мүддесін қамтамасыз ету үшін құқық нормаларын қабылдауды іске асыру механизмі керек-ақ. Дегенмен бұл салада көптеген нәрселерде істеліп те қойды, тек (белсенді) заңды актлерді белсенді атқару мақсатындағы шараларды қабылдау талап етіліп отыр.Қазақстан халқының көпшілігі әйелдер болғанмен саяси өмірде олардың қатысуы өте сирек, құқықтары шеңберде. Осыдан дискриминация туындайды. Мемлекеттік ақпараттарда, Ұйымдармен кәсіпорындарда, коммерциялық құрылымдарда еркектердің басты позицияны ұстануы қоғамда маңызды шешім қабылдай отырып, мемлекеттің саясатын жасайды. Парламенттке әйелдер 10,7 пайызды құраса, әлі бір әйел әкім бола қойған жоқ. Еркектердің билік еткен жерінде әйелдердің саясаттқа араласуы және шешім шығаруы жоққа шығарылады. Мемлекеттік әкімшілік органдары да жоғары білімді әйелдердің көп болғанымен үкіметтік шешімдер шығару үшін жеткілікті деңгейге жете алмайды.
Әйел ұйымдарының белсенді жұмыс істеуі 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында қоғамдық бірігу туралы заңдардың пайда болуымен байланысты байқала бастады.
Үкіметтік емес әйелдер ұйымының алғашқы толқыны өз әрекеттерін қоғамның көңілін әйелдер мәселесіне аударудан бастады. Әйелдер ұйымының ішінары ынтымақтастығының алғашқылары болып халықаралық конференциялар “Лиана” Ассоциациясы,(Әйелдер өнеркәсіпте мәселесі бойынша қүрылған) болды. Қайырымдылық секторын құру мәселесі бойынша “Интерлигал” қоры құрылды. Және де “Әйел,құқық, қоғам “,”Фиминистік Лига”,) Эколог әйелдер Ассоциациясы “, сияқты ұйымдар БҰҰ-ның ұсынуымен Қазақстанда “Гендерлік саясатты дамыту” бюросы жұмыс істей бастады.
Жүзеге асып жатқан бағдарламалардың әртүрлілігіне қарамастан әйелдер ұйымының барлығы өз әрекеттерін әйелдер құқығын қорғауға, олардың жағдайын жақсартумен қоғамдағы ролін артыруға және жыныстардың теңдік приципін айқындай түсуге жұмсауда.
Әйелдердің ролі мен құқығын күшейту үшін 1993 жылдан бастап Алматыда Феминистік Лига жұмыс істеп келеді. Оның басты мақсаты адам өміріндегі барлық салада жыныстық белгілерге байланысты дискриминациялармен күресу болып табылады. Осыған байланысты азаматтық денсаулықты қорғау туралы және неке, отбасы туралы Заңдарға бірнеше баптар да қосылды.
Әйел құқықтарына байланысты “Әйел және Құқық” атты аймақтық қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Ол әйелдер мен еркектердің теңдігінің конститутциялық прициптерінің орындалуын қадағалайды. Негізгі мақсаты-әйелдер құқығын қорғау, заңды көмектер беру, әйелдердің әлеуметтік қорғалуы жөніндегі мәселелерді шешуге қатысуы туралы информациялар тарту. Бұл ұйым”Алматы-информациялық бет” атты бюллетень де шығарып отыр.
Қазақстан әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда “Жанар” қоры жұмыс істейді. Оның әректі демкратияны дамыту мен азаматтық қоғамда қауымдық ұйымдар рөлін арттыру және де ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!