Мұқағали Мақатаев (Бәріне де түсінем)

 Мұқағали Мақатаев (Бәріне де түсінем)

Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмейім өзімнің әлімді мен.
Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,
Ұялтуға қақым жоқ, ұялуға.
Жаяулатып жүріп-ақ, дәмем күшті,
Құрық салам құланға қиялымда.
Қалқасында жүріп-ақ қалтарыстың,
Күшім бар деп, күшіндей Алпамыстың,
Келсін шамам келмесін, шаруам жоқ,
Геркулеспен келеді арпалысқым.
Олай көрем өзімді, бұлай көрем.
Өзімді-өзім патша, құдай көрем.
Кесілмеген тұсауы нәрестедей,
Кездескеннің бәрінен құлай берем.
Шабыт, ашу, шаттық, мұң, ұят қалып,
Жүрген жай бар, осылай күй атқарып.
Билей алмай жүрмін мен бір басымды,
Роботы ойлардың сияқтанып.
Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмейім өзімнің әлімді мен...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!