Мұқағали Мақатаев (Бұзылған үй)

 Мұқағали Мақатаев (Бұзылған үй)

Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын,
Көресің жолың түсіп барғаныңда.
Көресің көк орманын, жылғаларын,
Мөп-мөлдір қайнап шыққан тұнбаларын.
Жылғаның жағасында бұзылған үй,
Сен соған ей, жолаушым, бір қарағын.
Кес-кестеп кісі жолын торымаған,
Осында тірлік еткен момын адам.
Қаншама тырбанса да шаруаның
Дәулеті бір-біріне қорымаған.
Өмірде өзін-өзі ол құл көріпті,
(Киіпті ауыстырмай бір бөрікті...)
Байғұстың барша жұрты тілек тілеп,
Үйіне тұңғышы боп ұл келіпті.
Той жасап, торқа төсеп шабылмаған,
(Демек, тойдың жабдығы табылмаған.)
Өмір дейтін өзгермес мекеменің
Алдында әжем мені қабылдаған.
Кейін әкем ел-жұртын басқарыпты,
(Қашанғы жарғақ бөркі тасталыпты.)
...Жағасында жылғаның бұзылған там,
Ғұмырым осы жерден басталыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Оқырман МӨЛДІР
    Оқырман МӨЛДІР 18.02.2021 13:48
    1 + 0 -
    МЕН МҰҚАҒАЛИДІҢ 3 ӨЛЕНІҢ БІЛЕМ ӨЛЕНДЕРІ ӨТЕ ТАМАША
    1. Оқырман МОЛДИР
      Оқырман МОЛДИР 18.02.2021 13:51
      1 + 0 -
      ОСЫ Сайттан керек өлеңдер ді таба алам рахмет сіздерге
  2. Оқырман МӨЛДІР
    Оқырман МӨЛДІР 18.02.2021 13:44
    0 + 0 -
    ӨТЕ ЖАҚСЫ ӨЛЕН МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ