Экономика | Кәсіпорындардың қаржылық стратегиясын және тактикасын жетілдіру жолдары

 Экономика | Кәсіпорындардың қаржылық стратегиясын және тактикасын жетілдіру жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................4

1. ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАКТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ..................................................................................7
1.1 Қаржы нарығындағы кәсіпорын қызметінің ролі.........................................7
1.2 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының және тактикасының мазмұны мен міндеттері........................................................................................................21

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ЖӘНЕ ТАКТИКАСЫН ТАЛДАУ.................................................................................26
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің факторлары.............................................................................................................26
2.2 Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметінің жағдайы ("Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ мысалында).........................................................28
2.3 "Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ бағалы қағаздарының портфелінің қалыптасуын талдау..............................................................................................42

3. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ЖӘНЕ ТАКТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................................50
3.1 Нарықтық экономика жағдайында қаржы рыногының қызмет етуінің мәселелері..............................................................................................................50
3.2 Қаржы рыногындағы кәсіпорындардың стратегиясын және тактикасын дамыту жолдары....................................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................60
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне биыл он алты жыл толады. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1].
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады.
Республикамызда кеңес үкіметі дәуірінде мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендірілш, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басты бағыты — шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде нәтиже беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетш, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсшкердің, алатын орны ерекше. Отандық кәсшкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Қазіргі жағдайда кәсшкер нақты нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білш, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзінде асыруды қамтамасыз ететін саясатты таңдап алып, соны басшылыққа алуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісіне өтш, қаржы менеджментіне дейін өсш, айтарлықтай кеңеюі қажет.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттіліктің салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясы анықталмай, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік ("иесіз") меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапсыздықты іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртш, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық аландарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгерш, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті әрштестерді таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғыдан жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) өздері таңдайды, өз қалауы бойынша қажетті шикізатты алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,оны ұстану жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданатын шешімдердің стратегиялық бағыттарына, нақтылығына, шүғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін жайғастыра отырып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның ішінде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигізбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үпіін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық кәсіпорындардың қаржы нарығындағы стратегиясының мәселесі қазіргі кезде аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің диплом жұмысын жазуымның мақсаты — кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып,оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен қаржы нарығындағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
• Кәсіпорын қызметінің, қаржы нарығындағы стратегиясының теориялық сұрақтарын оқып білу, олардың құрылымын анықтау, "кәсіпорын", "кәсіпорын стратегиясы" түсініктерінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
• Ел экономикасындағы кәсіпорын қызметінің қаржы нарығындағы стратегиясының барысына талдау жасап, оның себептері мен саддарын анықтау;
• Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық кәсіпорындар үшін қаржы нарығында стратегия жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмысытың пәні ретінде кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясының құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызметі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
1. ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАКТИКАНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ

1.1 Қаржы нарығындағы кәсіпорын қызметінің ролі

Кез келген шаруашылық субъектісінің экономикалық проблемасы өзінің шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздеу болып табылады.
Жай айналым шегінде макроэкономиканың үш негізгі сұрақтары шешіледі: не өндіру керек, қанша өндіру керек және өндірістік қызмет нәтижелерін қалай бөлш тарату керек. Түрлі экономикалык жүйелерде бұл сұрақтар түрлі жолдармен шешімін табады. Егер рынокта бағалар ресурстарды пайдалануды басқарып отыратын болса, онда экономикалық дамудың рыноктык моделі туралы айтылады. Егер де ресурстарды басқару саяси және әкімшілдік шаралар көмегімен жүзеге асырылатын болса, онда әңгіме жоспарлы экономика турасында болады.
Кәсіпорындар айналымның қарапайым моделінде жұмыс күшін, капитал мен табиғи ресурстарды өнім өндіру мен қызмет түрлерін көрсетуге пайдаланады. Өздерінің жұмыс күшін сатқан үй шаруащылықтары өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге акщалай төлем жасайды. Сонымен, ресурстар, өнімдер мен табыстардың айналымы жүзеге асады, яғни рынокта ақша активтеріне деген сұраныс ақша активтерінің ұсынысына төтеп берш отырады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаржыларын алу әдістері түрлі болғанымен, барлық қатысушылар үшін негізгі принцип сақталып қалады. Рыноктык шаруашылықтың барлық қатысушылары рынокка шығады, атап айтқанда — тауарлар рыногы, ресурстар рыногы, ақша мен капитал рыногы, валюта рыногы және т.б.
Экономикалық жүйеде "қаржы рыногы" термині кең мағына ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелінш отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногыньш құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағазды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос акшаларын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардын жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жөне басқа да рыноктармен етене байланысты болады (сурет 1) [2]....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!