Қаржы | Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары

 Қаржы | Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары

Мазмұны

Кіріспе 3
І Салықтық бақылаудың теориялық негіздері
1.1 Салықтық бақылаудың экономикалық мәні мен маңызы 5
1.2 Салықтық бақылау – қаржылық бақылаудың саласы 12
1.3 Салықтық бақылауды жүргізу мен ұйымдастыру қағидалары 16
ІІ Салытық бақылаудың қазіргі кездегі жағдайын талдау
2.1 Салықтық бақылаудың түрлері мен нысандары 18
2.2 Салық қызмет органдарының салықтық бақылауды іске
асыру қызметін талдау 25
2.3 Салықтық бақылау нәтижелерін іске асыру 33
2.4 Салықтық бақылаудың кейбір дамыған
шетелдердің іс-тәжірибесі 36
III Салықтық бақылаудың жетілдіру жолдары

3.1 Салықтық бақылаудың жетілдірілуіндегі
автоматтандырылудың рөлі 44
3.2 Салық төлеушілерді таңдаудағы статистикалық
әдістерді қолдану 56
Қорытынды 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі 63

Диплом жұмысының өзектілігі. Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттың өмірінде кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады, яғни салықтар кез-келген заңды немесе жеке тұлғаның өмір сүруіне керек, оның физиологиялық, әлеуметтік немесе қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында тұтынатын қызметтері, жұмыстары мен тауарларының іске асуы кезінде пайда болатын міндетті төлемдер болып келеді. Салық бүкіл қоғам үшін жасалған игілік, ал салықтық саясат экономикалық қатынастарды реттейтін маңызды құрал болып табылады. Аумақтық бюджетті қалыптастырудағы негізгі қайнар көзі-салықтардың арқасында әлеуметтік-қоғамдық бағдарламалар қаржыландырылады. Бұған мысалға қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, оқу-ағарту ісі, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, көлік және байланыс және тағы да басқа азаматтардың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жатады. Ал бұл шараларды қаржыландыру міндеті мемлекеттік бюджет, ал бюджетті үкімет әр-түрлі құралдармен басқаратын, реттейтін бірден-бір құрал болып табылады. Үкіметтің бюджет кірістерін басқару құралдарына, яғни оның заңға сәйкес дұрыс реттелуі, бөлінуі, жүйелі түрде қадағалануы тікелей салық органдары қызметтеріне тәуелді түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттің бюджет кірісіне түсетін салықтық түсімдер мен басқа да міндетті төлемдері салық бақылау қызметі негізінде жүргізіледі. Салықтық бақылаудың негізгі қызметі мен жүргізілу нысандары арқылы оның мақсаттары жүзеге асады. Ал басты мақсаты мен міндеті – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы төленуін бақылау. Мемлекеттің алдына қоятын мақсаттарының бірі кіріс көздерін қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында салық жүйесі 1991 жылдан бері қызмет атқарады. Салықтық жүйе мемлекетке елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды мәселелерін іске асыруды бақылау үшін қажет.
Салықтардың пайда болуы мен мемлекеттің пайда болуы бір кезеңге жатады. Қандай да бір мемлекет үшін салықты бекітіп, оны жинау - ең маңызды қажеттіліктерінің бірі. Себебі салықтардан түсетін қаржылық ресурстарсыз мемлекеттің өмір сүруі, дамуы екіталай нәрсе.
Салықтық бақылауды жүргізудің экономикалық мәнділігі жоғары. Оның себебі мемлекет шеңберінде, толығымен салықтық түсімдердің орындалуы әр жылда артып отырады. Салық органдарының бұл қызметі салық төлеушілердің салық төлеу процессіндегі принциптерін орындауға алып келеді. Яғни психологиялық тұрғыда салық төлеуші заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеті анықталады.
Мемлекеттің салық органы басты функционалдық-қызметтерін атқарады. Тақырыптың өзекті мәселесі – салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары болғандықтан бұл қызмет арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруын қамтамасыз етіледі.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы салық бақылау органдарының қызмет ету аясын талдау және оның дамуы, одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау.
Аталған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер анықталған:
- Салықтық бақылаудың экономикалық мәні мен маңыздылығын атау;
- Салық қызмет органдарының салықтық бақылауды жүзеге асыруы (Алматы қаласының Медеу ауданы Салық комитетінің мәліметтері бойынша);
- Салықтық бақылау қызметіне сипаттама беру және кейбір шетел тәжірибелері бойынша салыстырма жүргізу;
- Қазақстан Республикасының салық органдарына салықтық бақылау қызметінің жетілдіру жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының құрылымы үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде салықтық бақылаудың теориялық негіздері, экономикалық мәні мен маңызы, қаржылық бақылаудың саласы ретіндегі орны, жүргізу мен ұйымдастыру қағидалары көрсетілген.
Екінші бөлімде салықтық бақылаудың қазіргі кездегі жағдайына талдау жүргізіледі, салықтық бақылаудың түрлері мен нысандары, Алматы қаласының Медеу ауданының мәліметтеріне сүйене отырып, бақылауды іске асыру қызметін талдау және нәтижелерін іске асыру, кейбір дамыған шетелдердің іс-тәжірибесі жөнінде.
Үшінші бөлімде салықтық бақылаудың қызмет ету перспективасын дамыту, жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтірілген.
Жұмысты орындау барысында сүйенген ақпарат көздері Қазақстан Республикасының Салық Кодексі, оқу құралдары, газет-журналдар мен интернет сайттары қолданылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген
І Салықтық бақылаудың теориялық негіздері

1.1 Салықтық бақылаудың экономикалық мәні
мен маңызы

Мемлекет бюджеті әр-түрлі көздерден қалыптасады:
біріншісі, ішкі және сыртқы көздер – қаражат иесінің қарыз алушыға қаржыны ерікті түрде беруі; екіншісі, салықтар – бұнда қаражат керісінше мәжбүрлеп алынады.
Салықтар әскери табыстар мен баждармен қатар пайда болған мемлекеттің қорлану көзінің бірі болып келеді, яғни заңды түрде белгіленген қойылым арқылы халық пен шаруашылық субъектілердің табысынан алынатын міндетті алымдар.
Салықтардың ұғымы бір, егер ғалымдардың анықтамаларында айырмашылық болса, алшақтық алысқа кеткен емес. Американдықтардың айтуынша салықтар – қоғамның өркениетке жету құралы деген. Ал Бенджамин Франклин өмірде 2 күмәнсіз нәрсе бар: өлім мен салық деген. Бұл жөнінде Ф.Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде қарастырса, экономикалық теория негізін қалаушылырдың бірі А.Смит “салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.
Салыққа деген көзқарас экономикалық және әлеуметтік жағынан да қарастырылған, сондықтан анықтамалар көп болғанмен олардың әрқайсысының кемінде бірнеше кемшіліктерін табуға болады. Мысалға С.Д. Цыпкиннің мәлімдеуінше, салықтар, бұл алдын-ала белгіленген қойылым бойынша және белгілі уақытта материалды алғышарттар арқылы бюджетке төленетін мемлекетпен белгіленген жеке-қайтарымсыз ақшалай төлемдер. Салықтардың ең тараған анықтамасы болғанымен бұнда салықтардың эквивалентсіздігі туралы айтылмаған. Ал Л.К. Воронованың ұсынған анықтамасы бойынша, салықтар дегеніміз, жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында белгілі уақытта және мөлшерде өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың актісіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың бюджетке аударатын төлемдері болып келеді. Бұл анықтама авторы салықтарды құқықтық жағынан қарастырған және олардың міндеттілігі, қайтарымсыздығы, эквивалентсіздігі туралы ешқандай мәлімет берілмеген. Сонымен қатар көптеген авторлар салықтарға салым ретінде анықтама беріп, оның негізгі анықтамасынан қатты алшақтайды. А С.Г. Пепеляев өзі заңгер болғандықтан салықтарды меншікті қолданғаны үшін алынатын төлемдердің жалғыз заңды нысаны ретінде ұсынады, бірақ бұл анықтаманың да қарама-қайшылықтары көп.
Салықтардың сипаттайтын белгілері өте көп, олардың барлығын атамай, бірақ ескере отырып қысқа да нұсқа анықтамасын берген дұрыс болар: демек біздің пікірімізше, салықтар - дегеніміз, заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде мемлекеттік бюджетке аударылатын, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын біржақты міндетті төлемдері.
Бұл Салық Кодексінде белгіленген салықтардың анық және қысқа анықтамасы, ал егер толық формасына келетін болсақ, салықтар - дегеніміз, мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті) мемлекетік органдар өкілеттілігі арқылы заңды және жеке тұлғалардан (шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтан) тұрақты түрде алынатын және мемлекет табысына, яғни меншігіне аударылатын, мемлекеттік жоғары билік органдарының (парламент) заңдарымен белгіленген және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарымсыз төлемдер болып келеді.
Салықтардың классикалық анықтамасына тоқтала кетсек, салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен арасындағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын категория.
Салықтардың құқықтық сипаттамаларына жатады:
- тек мемлекет салықтарды белгілей алады;
- салықтар тек мемлекет тарапынан, біржақты міндеттейді;
- салықтар нормативті актлермен белгіленеді, яғни құқықтық нысанда жүргізіледі;
- салықтар мәжбүрлі сипатқа ие;
- салықтарда теңқұқылы қаражат алымы орын алады;
- салықтарды төлеу мемлекеттік жауапкершілік дәрежесімен қамтамасыз етілген;
- салықтарды төлеу кезінде бақылау міндетті түрде жүргізілу қажет;
Салықтардың экономикалық сипаттамасына жатады:
- салықтар қаржы нысанындағы төлемдер болып келеді;
- салық қатынастарының тұрақты сипаты;
- баламасыздығы;
- салық салу объектісінің орын алуы;
- салық субъектісінің анық болуы;
Салықтардың экономикалық мәні келесіде:
- салықтар жеке тұлғалардың табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
жеке тұлғалар табыстарының белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақталып, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді;
Салық салу механизмінде салықтардың ерекше белгілері бойынша жіктелуі орын алады, ол салықтардың қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында топтастырылады:
1) Салық салу объектісіне байланысты:
1.1) Тікелей салықтар - табысқа немесе мүлікке салынады:
Корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және т.б.
1.2) Жанама салықтар – субъектісі тұтынушы болып келеді, бірақ салық сомасы тауардың құнында болғандықтан салықты бюджетке сатушы аударады, оларға жатады:
қосылған құн салығы, акциздер;
2) Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай: ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!