Дене шынықтыру | Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау

 Дене шынықтыру  | Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау

Мазмұны


КІРІСПЕ ...................................................................................................................3

І – БӨЛІМ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ
ІЛІМІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Балалар мен жасөспірімдер спорты ілімін қалыптастыру тарихы .............5
1.2. Балалар мен жасөспірімдер спортының Қазақстандік және
Кеңестік ілімі мен әдістемесінің дамуы ..............................................................9
1.3. Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің қызметі..............................13
Кешенді ықпал ететін педагогикалық жүйесі ретіндегі спорттық дайындық
1.4. Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны ..............................16
1.5. Жас спортшылар жаттықтырушысының кәсіби
жұмысына қойылатын заманауй талаптар..........................................................24

ІІ – БӨЛІМ. СПОРТТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР МЕН ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ
2.1. Жеке қабілеттер мен спорт сабақтарын таңдау ..........................................32
2.2. Спорттағы қабілеттілік пен дарындылықты зерттеудің
жүйелік амалы .......................................................................................................35
2.3. Түрлі типтік топтардағы спорттық қабілеттер ...........................................38
2.4. Спорттық қабілеттерге психофизиологиялық болжам жасау ...................44
2.5. Соматикалық даму мен спорттық дарындылық .........................................47
2.6. Спортшылардың соматикалық даму ерекшеліктері ..................................53
2.7. Спорттық іріктеудегі соматикалық дамуды анықтау әдістемесі ..............62
2.8. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін
сынақтан өткізу және бағалау .............................................................................64
2.9. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін
сынақтан өткізу әдістемесі ..................................................................................69

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................78
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................79

Қазіргі қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарындадене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан жылға аурулардың саны көбеюде. Осыған орай болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996 – 2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойып (1996ж), 1997 жылы «Қазақстан - 2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт» туралы заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстар Республикасының 2001 – 2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез – құлықты, іскерде, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу. Сондықтанда дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндкгі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз.
Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен тәжірибесі балалардың денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі, әдетте қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп – салдарға байлаысты жастардың кәсіби – қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына арналған іргелі зерттеулермен толықты.
Көптеген белгілі ғалымдар теориялық зерттеулер өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен айналысуын теориялық тұрғыдан педагогика теориясы және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиологиясы, мектеп гигиенасы т.б. мамандарының жалпы теориялық негізіне сүйене отырып жүргізілуде.
Дайындалып отырған оқу құралының ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.
Сонымен бірге әр түрлі шет елдерде пайда болған дене тәрбиесі бағдарламасының нәтижесі берілген және іс-тәжірибелері қорытындылаған. Баланың тәуліктік қозғалыс белсенділігін тәртіпке келтіру міндеттері жаңа қорынан қарастырылған. Балалардың денсаулығы мен қозғалыс белсенділігінің сандық көрсеткіштерінің арасындағы тәуелділік концепциясы игерілген. Балалар мен жасөспірімдердің қимыл қозғалыс қабілеттілігі бойынша әр түрлі ұйымдарда алынған дене тәрбиесі жүйесінің көпжылдық бақылау қорытындылары жинақталған. Ағзаға берілген дене жүктемесіне бейімделу әсерінің сан алуандылығы көрсетілген.
Кітапта балалық және жасөспірімдік кезеңінде әлеуметтік маңызды қызметінің белсенді қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің әдістерін дұрыс пайдалануы бойынша жаңа материалдар ұсынылған. Жасөспірімдердің мамандықты таңдауы және дәрігерлік кәсіби бағытты іске асыру үшін ЖӨСМ және жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қажетті дене қасиеттерін дамыту жөніндегі мәліметтерге ерекше көңіл бөлінген.


І – БӨЛІМ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ
ІЛІМІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Балалар мен жасөспірімдер спорты ілімін қалыптастыру тарихы

Өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі адам қоғамының ерте тарихи кезеңдеріне жатады. Алғашқы қауымдық құрылыс адамның еңбегі қарапайым болғанымен үлкен ептілікті, үлкен төзімділікті, күшті талап етеді. Адам бұны өз басынан өткізіп, оның аңдарды, балық аулағанда т.б. еңбек түрлерінде дене қабілеттері қаншалықты керек болғанын түсінді. Қызба жұмыстары барысында табылған ежелгі мәдениет үлгілері адамдардың еңбек пен аң аулауға пайдаланылған құралдарын ағаштан, тастан, сүйектен дайындайтынын көрсетті. Б.ғ.д., 1200ж шамасында садақ жасалған, ол адамның одан ары дамуы мен оның дене қабілеттерін дамытуға көмектесті.
Білім мен өмірлік тәжірибесін беру сол кездің өзінде – ақ болашақ ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алды. Ал еңбек әрекеті мен аң аулау адамның басты жұмысы болғандықтан көптеген халықтардың тәрбиесінде ұл балаларды ерте жастан атқа мінуге, садақ атуға, тас пен найза лақтыруға, күреске, қайықты басқаруға үйрету кең қолданылды.
Дене дамуын ұымдастырудың негізгі түрлері сипаттық, сосын сайыс түріндегі ойындар болды. Ұлдар аң аулау ойынын ойнады, ойын барысында «жабайы аңдарға» қақпан құру «аң қуу» түрлерін ойнады, ал қыздар күнделікті тұрмыста анасынан көрген істерін жасады.
Дене жаттығулары мен ойындары өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызды құрал болып табылды.
Дене тәрбиесі тарихының зерттеушісі Л.Кун (1982) адамды жас кезінде оқытудың қозғалыс кезеңіне әскери дайындық жататынын атап өтті. Әрине, осы саладағы міндеттердің өсуіне байланысты ересек жасқа қарай дайындық түрлері дамыды, атап айтқанда оның қорытынды бөлігі – ересектікке өту дәстүрі дамыды.
Яғни өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің ұйымдастыру түрлері мен тәрбие жұмыстарының алғашқы түрі қалыптаса бастады (Платонов, Гуськов, 1994; Пономарев, 1970).
Отырықшы өмірге өту, егін егумен және мал шаруашылығымен айналысу адамның жақсы жерлер мен жемісті мол беретін аймақтар үшін күресі белең алды. Бұл тәрбиенің бағытына да әсер етеді. Отырықшылық өмірге өту барысында жасөспірімдікті ересек жасқа өткізу дәстүрі жаңа талаптар мен жағдайларға бейімдеп әскери дайындыққа тән қозғалыс түрлеріне назар аударды.
Сонымен, өскелең ұрпақтың алғашқы қауымдық кезеңіндегі дене тәрбиесінің жастарды еңбекке, аң аулау мен әскери қимылдарға дайындау тәрізді міндеттері болды.
Адамдар арасындағы қоғамды тапқа бөлуге орай меншік, теңсіздігінің құрылуымен дене тәрбиесі өскелең ұрпақ тәрбиесінің бөлігі ретінде тұлғаны қалыптастыруға, жаулап алу мен билікті ұстап тұруға бағытталған таптық сипат ала бастайды. Қоғамдық құрылыс жастардың дене тәрбиесі мазмұнына әрқашан ықпал етеді. Халықтық тапқа бөлінуі қарқынды жүргізілген жерлерде дене дайындығы әскери және діни бағытта болды.
Осы кезеңде дене тәрбиелері туралы білім элементтері пайда болды. Олар ежелгі Грецияның ғалымдары мен философтарының жұмыстарында сипатталды. Демокрит (б.ғ.д., 460-370 ж.ж.) Сократ (б.ғ.д. 460-399 ж.ж.) Платон (б.ғ.д. 427-348 ж.ж.) Гиппократ (б.ғ.д. 460-377 ж.ж.)
Ежелгі Грецияның белгілі философы, аңызға айналған Ескендір Зұлқарнайын – тәрбиешісі (б.э.д. 384-322 ж.ж.) дене дайындығы туралы қызықты тұжырымдар жасады, қазіргі кезге дейін, ол өзінің маңызын жойған жоқ. Ол сол кездің өзінде-ақ балалық шақтағы ауыр дене жүктемелері оның дене қабілеттерінің ары қарай дамуына кері әсер ететінін айтты. Жасөспірім кезінде көптеген жетістікке жеткен жасөспірім (мысалы, олимпиада ойындарында) есейгенде жеңіске жете алмайды.
Көне Грециядағы мәдениеттің жоғары деңгейде дамуы жастардың дене тәрбиесі жүйесін – ежелгі гимнастиканы құру мүмкіндігін берді.
Ежелгі гимнастика жүйесінде мынадай үш негізгі саты бар.
1) Ептілікке тәрбиелейтін балалар ойындары, доп жаттығулары, шығыршықпен жаттығу, жүгіру, тастабақ пен найза лақтыру. Бұл саты 1 – 7 жастағы балаларға арналған.
2) 200 м. дейінгі жүгіру сипатындағы жаттығулар, альтермен ұзындыққа секіру, найза мен тастабақ лақтыру, күрес жас жігіттер жекпе-жекке, жұдырықтасуға, қарумен жүгіруге, садақ атуға, атқа мініп жүруге, жүзу мен ескек есуге үйренді. Бұл саты жас жігіттердің әскери іске дайындығына, яғни жалпы дене және арнайы дене дайындығына бағытталған.
3) Доппен жаттығу, акробатикалық жаттығу, ғұрыптық, театрланған және әскери билер. Бұл сатының бағыты жігіттерде қимыл үйлесімін, ырғағын, ұжымдасып әрекет жасау іскерлігін тәрбиелеу мақсаты бар.
Көптеген елдерде болашақ ұрпақтың дене дайындығының өз жүйелері мен бағыты болды, бірақ Ежелгі Грециядағы жастардың дене дайындығының мазмұны біздің кезімізге дейін ескеріліп, қолданылып келеді.
Киев Русінде жастардың дене тәрбиесіндегі жүйені әзірлеуге дене жаттығуларын жоққа шығаратын шіркеу көп ықпал етті. Денесі мығым, дені сау Князь балаларын қалай тәрбиелеу керектігі туралы Владимир Мономахтың «Поучение чадам своим» шығармасында біршама пайдалы кеңестер берілген (1053-1125).
Феодализм дәуіріндегі еуропалық ағарту ісі негізінен орта ғасырлық христиан шіркеуінің теологиялық ілімімен анықталды. Олар дене жаттығуларын алып тастап, оқушылардың гигиеналық тәрбиесін соңғы мәселе ретінде ығыстырды. Бұл кезең үшін рыцарьлық тәрбие жүйесі тән. Ол жеті жасынан басталады, онда ұл бала феодал отбасынан шығып, феодал әкесіне қарағанда біршама жоғары дәрежелі, сарайдағы паж бола алады.
Рыцарьлық тәрбие дене жаттығулары сабақтарын қарастырды, онда ең алдымен тепе-теңдікті дамыту тиіс болды, өйткені, рыцарь ауыр сауытқа оранып алатын. Шапшаңдық пен ептілік тәрізді дене сапалары бағасын жоғалтып, доп жаттығулары, қарумен жүгіру жойылып кетті. Өйткені, әскер темір сауыт кигендіктен дене тәрбиесі күш бағытындағы сипатта болады.
Ол кезде Ресейде дене тәрбиесі жүйесі болған жоқ, бірақ халық күшті, төзімді жауынгерлердің өзге жерлік басқыншылармен соғыста өз жерінің тәуелсіздігі мен өз елінің бостандығын қорғайтын мықты батырлар дайындауды қамтамасыз ететін өзіндік тұрмыс жүйесін сақтап, дамытып отырды. Тек екі жарым ғасыр бойында орыс халқы татарлармен, моңғолдармен, литвалықтармен, неміс рыцарьларымен, поляктармен, т.б 160 соғысты бастан өткерді. Орыс азаматы бұл соғыстарда табандылық пен ерлік, терең отан сүйгіштік жоғары рухани адамгершілік және дене сапаларын көрсетті. Ал бұл сапалар өте ерте балалық шақтан бастап тәрбиеленеді.
Әрбір әйел де, еркек те атпен шауып, онда ерсіз де ерімен де жүре алды. Жауынгер қолын соғыс үшін бос қалдырып, тек аяғымен басқара білуі тиіс. Орыс слободаларында аяқ күшін дамыту өнерлі дамытылды. Терімен қапталған бір пұт тасты тік тұрып тізесімен ұстап тұруы керек болды. Аяқ тез шаршап, тас құлайды. Көтер де ұста, одан да үлкен тастар беріліп, жүкті төрт пұтқа жеткізеді. Бірақ слабодалықтар жетекке мойынсұнбады, ат аяқтың бұйрығымен – ақ жүрді.
Заманауй спортта аяқ бұлшық еттерінің күшін жаттықтырудағы мұндай жүктемелер «шектен тыс» әдісі деген ат иеленді (ең жоғарғы, шектік).
Жастардың дене тәрбиесіндегі Запарожье сечі мектебі маңызды болды. Мектепте және бос уақыттарда жасөспірім ұлдарды атқа мінуге найза мен жебені игеруге винтовкадан оқ атуға үйретті. Мектептен тыс уақыттарда жастарға ойындар мен көңіл көтеруге уақыт бөлінді.
Әр көктем сайын Днепрдің жоғарғы жағындағы казактар тасыған өзеннен көлденеңінен ескек есуден жарыстар ұйымдастырды. Сөре орнына қарама – қарсы жағаға жеткен қайық жеңімпаз атанды.
Суға сүңгуден жарыстар жиі өткізілді. Бұл үшін старшина өзінің түтікшесін суға тастады, ал жас казактар оны су астынан тауып алып шығуы тиіс болды. Су түбінен тісімен алып шығу құрметке ие болды.
Осы және басқа көптеген күшке төзімділікке, дәлдікке арналған жарыстар жастарға казактардың күнделікті өміріне қажетті сапаларды дамытуға көмектесті. Мамандардың пікірінше, Запорожьеде де Ежелгі Грециядағыдай жеке тұлғаның дене дамуы бірінші орында тұрды.
Казактар арасында жекпе - жек жүйесінің көптеген түрлері таралған барлық жүйелер ішіндегі ең танымалы ұлттық «гопак» биінің негізін салды. Ғалымдар дәлелдегеніндей, бидегі қызу, қарқынды сипаттардан қазіргі кезде де оның бірінші шығу көзін, яғни ата - бабаларының өзін - өзі қорғау жүйесінің құрамдас бөліктерін байқауға болады. Гопак шығыс жекпе – жектеріне ұқсайтын жекелеген ұрыстардың секіру жүйесін бейнелейді. (1.1-1.2 сурет). Басқа жекпе – жек түрлерінен «гойдок» (бұл ойын барлаушыларға арнайы белгіленген) пен «спас» (тек қорғаныс сипатында) ойындарын атауға болады.
Отбасы жоқ казактар дене мен психо – физикалық дайындығын барынша дамытуды өзіне өмірлік мақсат етті. Нәтижесінде кейіннен Богдан Хмельницкийдің негізгі әскери күшін құрайтын ержүрек және батыл жауынгерлер өсіп жетілді.
Чех ойшыл – гуманисті Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» жұмысы жастардың дене дайындығы жүйесін жасауға үлкен көмек берді (1592-1670).
Өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін қарастыра отырып, ол дұрыс таңдалып, мөлшерленген дене жаттығулары денсаулықты сақтап мектеп сабақтарына байланысты шаршауды басуға көмектеседі. Ол ұзақ үзілістер мен түстен кейінгі уақыттарды мұғалімдер балалармен тәрбие жұмыстары мен дене жаттығулары сабақтарына пайдалануды ұсынды.
Коменский тұңғыш рет оқушыларға жоспарлы түрде өскелең ұрпақты оқыту бағдарламасына ендіру туралы дене дайындығы үлгісін қарастырды.
Коменский балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі ілімінің дамуына көп үлес қосты. Ол еңбек пен демалыстың ырғақтығы туралы талаптар қалыптастырып, балалардың жас ерекшелігі мен дене жаттығуларының өзара байланысы туралы бай материалдар жинап, тәрбиенің денелік және басқа түрлерінің үйлесімділігін қалады. Осының барлығы жастардың дене тәрбиесі жүйесін құруға көмектесті.
Осы кезеңде Е.Славенскийдің «Гражданство обычаев детских» кітабы жарық көрді, онда дене тәрбиесінің балаларға білім беру жүйесіндегі орны көрсетіліп, оның жас ұрпақтың ақыл – ой және адамгершілік тәрбиесіндегі байланысы сипатталады.
Дж. Локктың, Жан Жак Руссоның, Иоганн Песталоццидің жұмыстарында балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Олар жас ұрпақ дене тәрбиесінің бірінші ілімінің негізін қалады.
Бұл еңбектердегі ой – түйіндер неміс, швед, француз, чех тәрізді ұлттық дене тәрбиесі жүйесін құруға ықпал етті. Онда негізінен билеуші таптың мүддесі жоғары қойылды.
ХІХ ғасыр Ресейде материалист – философтар Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың көзқарастары, Н.И.Пирогов пен И.М.Сеченовтың зерттеулері, П.Ф.Лесгафттың басқаруымен алдыңғы қатарлы зиялы қауымның қатысуы негізінде жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесінің заманауй негіздері қалыптасты.
Батыс Еуропа елдеріндегі дене тәрбиесінің қойылымымен танысқан П.Ф.Лесгафт өз мақалалары мен дәріс оқығандарында шетелдік жүйені өткір сынға алды. Ол балалардың жас ерекшелігін, анатомо – физиологиялық және психикалық ерекшеліктерін ескеретін жан – жақты тәрбиеге негізделген. Жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесін даярлауға бастама көтерді. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!