Дене шынықтыру | Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

 Дене шынықтыру  |  Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

Мазмұны

КІРІСПЕ...............................................................................................................6
ІШАҢҒЫ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................8
1.1 Қазақстандағы шаңғы туризмі үшін жасалған жағдайлар..........................8
1.2 Тау шаңғысы туризмінің ерекшеліктері мен жарыстарының түрлері......15
1.3Шаңғы туризмінің техникасы мен тактикасы..............................................23
1.4 Шаңғы туризмінің мәні және қауіпсіздік ережелері..................................29
ІІЗЕРТЕУЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ.................................40
2.1Зерттеу әдістері............................................. .................................................40
2.2Зерттеуді ұйымдастыру………………………………………………...…...40
2.3 Зерттеуді болжау………………………………………………………...….41
ІІІЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІ........................................................................47
3.1 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шаңғы туризмінің даму ерекшеліктері......47
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................52
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР.....................................................................54
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................................................55


Әрбір Қазақстандық үшін ең басты құндылық оның денсаулығы. Ілеспелі түрде белсенді демалыстың дамуы мен дене тәрбиесіне, жаппай спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалынуы керек. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары мен дене шынықтыру секцияларын кеңейту қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Зерттеутақырыбының өзектілігі.Қазіргі таңда шаңғы түрлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда дамушы спорт түрлеріне жатады.
Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты ұйымдастыруда шаңғышылардың көпшілік демалысын ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жасалуда.Спорттың бұл түрі қысқы туризмге оң әсерін көрсетіп, көптеген дамыған елдерде және ол елдердің ұлттық экономикасын дамытуда өз үлесін қосуда.
Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын, себебі тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал қазіргі кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық артып келеді.
Зерттеу мақсаты:Еліміздің заманауи туризміндегі шаңғы спортының жағдайын сипаттап, халыққа дәріптеп, дамуына үлес қосу.
Зерттеу әдістері: Осы зерттеп отырған мәселеге байланысты әдебиет көздерін жинақтап, теориялық тұрғыдан талдай отырып, сонымен қатар сараптамалық зерттеу барысында алынған мәліметтерді саралай келе зерттелді.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы дамыған және дамып келе жатқан қысқы туризм орталықтарындағы шаңғы спортының жағдайы.
Зерттеу міндеттері:
1.Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік шолу жасау.
2. Заманауи туризмдегі шаңғы спортының негіздерін сипаттау.
3.Заманауи туризмдегі шаңғы спортынан алынған сараптамаларды тәжірибе жүзінде ұсыну.
Зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы. Осы жинақталған мәліметтерді қорыта келе, Республика аумағындағы шаңғы туризмінің дамуына үлес қосу
І ШАҢҒЫ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Қазақстандағы шаңғы туризмі үшін жасалған жағдайлар

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.[16,28 б]
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты.1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды.[14,150б]
1950 – 60 жылдары Алматы жоғарыоқуорындарындатаутуризмі, альпинизм (шыңғашығу), спорттықтуризмдамибастады. Мұныңнәтижесіндетуристікнұсқаушылартобықалыптасты. ОсыжылдарыС.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандароқушыларменстуденттерарасындатуризмдідамытудаүлкенүлесқосты.
• 1958 жылы Зимингетұңғышреттуризмбойынша КСРО-ныңспортшеберіатағыберілді.
• 1970 жылы құрылғанТуризмжәнесаяхатшылықтыңреспубликалықкеңесітуризмніңоданәрідамуынаәсеретті.
• 1971 – 75 жылдары Қазақстандатуризмніңматериалдықбазасыннығайып, саяхаттық-туристікұйымдаркөбейді, жаңатуристікбазаларменмейманханаларпайдалануғаберілді.
• 1978 жылы Қазақстандаэкскурсияментуризмніңресп. кеңесіжәне 14 облыстықкеңес, 17 туристікбазаменмейманханалар, 26 саяхат, экскурсиябюроларыжәнешетелтуристерінеқызметкөрсететін 3 бюро, Алматы, Орал,Шымкент қалаларындатуристікавтомобильбазаларықұрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
• 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.[17,22б]
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы.Климаттың,ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.
Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия, жоталар.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет. Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүндік жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.
Тау шаңғысымен сырғанаушылар үлкенді - кішілі тау шаңғысы орталықтарына асығуда. Арнайы тауға көтерілу құралдары арқасында туристер бір күн ішінде көптеген үлкенді кішілі таулардан «сырғанай» алады. Дене шынықтыру сабақтарында шаңғы туризміндей жаттығу нәтижесіне жету мүмкін емес. Көптеген тәжірибелі, әрі тау туризмінің қызығушыларды қиында қатерлі таулы аймақтарға жеке шығып сырғанауды ұнатады.
Шаңғы спорты- дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. [1,7 б ]
Тау шаңғысы туризмі - туризмінің айтарлықтай қымбат түрінің болуына қарамастан, бұл спорт түрімен шұғылданушы туристер саны жыл сайын артуда. Дүние жүзіндегі шаңғы демалысының танымал орындары Австрия, Франция, Швейцария, Болгария, Италия, Норвегия болып табылады. Германия және АҚШ курорттарының танымалдылығы төмендеу, кейінгі уақытта Румыния, Чехия, Словения, Испания, Канада секілді елдерде бұл спорт түрлерінен танымал болуда. Ресей, Израиль, Индия және Жапонияда да шаңғы курорттары бар.
Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан “шаңғы спорты” XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан “шаңғы спорты” клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.[24,13б]
Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді.
Альпенистер көптеген жағдайда өздерімен бірге шаңғыларын ала жүреді. Себебі, таудан түсерде қыстың көрікті көрінісімен сырғанауды ұнатады. Осы альпенистердің арқасында таудан шаңғымен сырғанау туризмі дамып келеді. XX ғасыр басында Францияда альпенистер бірінші болып тау шаңғысын қолданған. Олар таулардан биік қолайлы орындарын тауып сырғанаған.[25,54б ]
Биікке көтерілуде әр метр қашықтық қиындықпен игерілсе де олар өздерімен бірге ауыр құрал-жабдықтарын, дәрі-дәрмектерін, тау туризмі туралы кітаптарын алып жүрген.
Тау шаңғысы – арнайы трассалар арқылы таудан түсу. Бұл спорт түрі ХIХ ғасырдың 80 жылдары Альпі тауларында пайда болған. Таудан шаңғымен сырғанап келе жатқан спортшылар жалаушалармен бекітілген кедергілерді айналып өтеді. Нәтижесі дистанцияны бағындыруға кеткен уақытпен есептеледі. Тау шаңғысының жетекшілігі шаңғы спортының халықаралық федерациясымен басқарылады.
Ал қысқы олимпиядалық ойындар бағдарламасына тау шаңғысы 1936 жылы енгізілген, ал Қысқы Азия ойындарына 1986 жылы енді (слалом, гигант слалом, супер гигант, жылдамдықпен түсу және тау шаңғысы комбинациясы).
VII Қысқы Азия ойындары өткен нысананың бірі – Алматы облысы, Талғар ауданындағы «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені. «Табаған» сауықтыру кешені табиғатымен талайды тамсандырған таулы аймақ. Мұнда экстремальды сноуборд пен фристайл спортынан жарыстар өткізіледі. «Табаған» спорт кешені қараша айында қолданысқа берілген. Шаңғымен сырғанайтын жолдар дайын тұрады. Оны жағалай жасанды қар жасайтын сегіз құрылғы орнатылған.
Егер жарыс кезінде табиғи қардың тапшылығы сезілсе, заманауи құрылғылар іске қосылады. «Талғар» шаңғы – биатлон стадионы. Азияда ойындарының ең басты әрі аса қызықты түрі – биатлон спорты дәл осында өтеді деп алдын-ала белгіленген.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның Шығыс бөлігінде орналасқан, Іле өзені және Алакөл арасында Қытаймен шекара бойымен созылады. Табиғатының сипаты бойынша Жоңғария Тянь-Шань мен Сібірдің Оңтүстік тауларының аралығынан орын алған. Жоңғар Алатауының жүйесі бірнеше параллель тізбектен тұрады. Жоғары нүктесі - Бес бақан (4442м). Шамамен 1000кв.м. Ауданда заманауи мұздандыру дамыған. Мұздықтардың жалпы саны – 1369.
Тау шатқалдарының төменгі бөліктері шөлді және жазықтық өсімдік жамылғысымен жамылған, 1500-ден 2400 м-ге дейінгі биіктікте орман жамылғысымен жамылған. Негізгі ағаш түрлері Тянь-Шань емені және Сібір қарағайы.[30,220б ]
80-жылдардың соңы 90-жылдың басында Жоңғар Алатауымен бірнеше қызықтық шаңғы жорықтары жүзеге асырылып, кейін қол жетімділіктің қиындығына орай, аумаққа деген шаңғышылардың қызығушылығы жоғалды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!