Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары

 Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары

Мазмұны
Кіріспе ……....3 І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық дамуының ерекшеліктері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері.
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері.
2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері ……………………….................................25
2.2. Оқыту процесінде үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер….............................................................................................................43
Қорытынды ………...50
Пайдаланылған әдебиеттер ………...52
Қосымша ………...53

КІРІСПЕ.
Көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім туралы Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны) іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я.А.Коменский, Т.А.Ильина, А.С.Макаренко, Жан-Жак Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б. берік білім беру пікірлерін білдірген.
Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р.М.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева, В.П.Карибжанова, Г.К.Шолпанқұлова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т.Жүндібаева, К.Тілеубергенова, С.Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.
Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары” деп атадық.
Зерттеу мақсаты: Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыс жасаудағы қарым-қатынасын анықтау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Зерттеу міндеттері:
1) Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің себептерін анықтау.
2) Бастауыш сыныпта оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздерін айқындау.
3) Бастауыш сыныпта оқуға үлгермейтін оқушыларды оқытудың ерекшеліктерін талдау.
4) Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау және оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік –эксперимент жұмысы Ордабасы ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы гимназия мектебінде жүргізілді..
Диплом жұмысыпың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуының ерекшелігі.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары.
Бастауыш сынып оқушылары дегеніміз 6-10 жас аралығындағы балалар. Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер де пайда болады. Мәселен, біріншіден, олардың материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-ананың қамқорлығында. Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық құштарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана, мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады. Себебі ата-ана, мектеп-бастауыш сынып оқушыларының қамқоршылары.
Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсінішпеушілік пайда болады.
Бастауыш сынып жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш сынып жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:
Біріншіден, мектеп өміріне кірігу.
Екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату.
Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау.
Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс.
Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар.
1. Бірінші қиындық. Баланың уақытысында ұйқыдан ояна алмай, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібінде көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.
2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашқы мұғалім періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіреесе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін ұстаз бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мұғалім ұрысқақ, зәлім, тажал болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн.
Сонымен бастауыш сынып мұғалімі кей жағдайда оқушыларына екі тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мұғалім жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала мұғаліммнен қорықпауы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі- ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. Мұндай дав балалар ұжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік қайшылықтарды мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие бере аламаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балалрды жастайынан жаман жолға итермелейміз.
Бірінші кемшілік- адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген.
Екінші кемшілік- ақыл ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі туындайды.
Үшінші кемшілік- адами-әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі. Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды.
Төртінші кемшілік- медициналық-педагогикалық. Баланың денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала тазалық, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін.
Бесінші кемшілік-баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы. Мұндай жағдайда «жатып ішер ас болса» деген адам өседі. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы адам шықпайды.
Осы бес кемшілікті жою- балаларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады.
3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы балалық дәрежесімнен айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін.
Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа дайындық керек. Осының барлығы балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады.
Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды.Бала осыны түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді.
Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді.
4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге берген тапсыпмасын орындауда қиналуы.
Зерттеуші ғалым-педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын үй жұмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен, қиналмай орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оқуға деген қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатында ұстайды. Бірақ уақыт өткен сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана біліп, үй жұмысын орындау тек салтқа айналады.
Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп білу. Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай, оларды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші – ынтамен оқитындар.
Екінші- жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін деген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін.
Үшінші – сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.
Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу- бастауыш сынып ұстаздары мен ата-аналардың міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыны көтермелеп, ал үшінші топтағыны бірде міндеттеп, бірде мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керектігін ұстаздар мен ата-аналардың естеріне саламыз.
Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын, жақсы көретін, жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны ары қарай дамытқан жөн.
Оқуда зорлық болмау керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік болуы керек. Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады. Осы орайда ол көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сол қиындықтарды шешуге оқытушы, ата-ана болып бірлесіп еңбектеніп, балаға көмектескені абзал. Осы орайда, бастауыш сыныпта жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары мынадай:
Бірінші бағыт- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін қалыптастыру. Сенім- күрделі. Ол – терең тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ соның іргетасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен, ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімі. Осыны әрі қарай дамытып қалыптастыру керек. Бірақ бүгінгі өмірде жағдайдың қиындығына байланысты ересектердің өмірден түңілу, пессимизмге берілуі бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыруға үлгі бола алмайды. Осы жерде мектеп ұстаздарының көмегі қажет.
Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Бұл жерде мына екі түсінікке зер салайық. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға болады. Сонымен жеке бала-тұлға. Сонда ғана біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиетерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесі деп білеміз.Ол ұстаз бен ата-ана, жолдас-жора, қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда, не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз.
Баланы жеке тұлға деп танитын болсақ, онда біз мынадай жағдайларға зер салғанымыз дұрыс:
Біріншіден, жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның перспективтік дамуына, оптимистік, болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдаланамыз.
Екіншіден, баланы мектеп оқушысы ретінде танып, елдің азаматы ретінде қарап, осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау.
Үшіншіден, мектеп баласы болғанымен бұл қайталанбас тұлға екеніне көз жеткізу, соған талпыныс жасату.
Төртіншіден, балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым-қатынас жүргізу.
Бесіншіден, педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру.
Екінші бағыт-қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту, оған жол бермеу.
Осы ойды тарқату үшін мынадай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де сол принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да тәртіпті, ұқыпты мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғаннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді. Біздің мұндағы айтарымыз-бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген балалар бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі бастауыш сынып оқушылары өктемдікке үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи жағдайына байланысты дамиды.
Осындай қателіктерден аулақ болу үшін біз мына жағдайларды ескергенді жөн көріп отырмыз:
Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімі оқушыларымен апталық жоспарды бірігіп құру.
Екіншіден, осы құрылған жоспарды орындау.
Үшіншіден, Атқарылған істің нәтижесін талдау.
Төртіншіден, атқарылған іске, соны орындаушыларға, өздеріне баға беру.
Осыны орындап тұрса мұғалім өктемдікке бармайды, осы ескетілген жағдайлар демократиялық қатынастың бастауы болады.
Бірақ бастауыш сынып оқушылары демократияның не екенін түсінбейді. Сондықтан да демократияға да шектеу қою керек.
Бастауыш сынып оқушылары демократия мен өктемдіктің арасын айыра бермейді. Себебі оларға мұғалімнің айтқаны заң. Сондықтан да мұғалімнің жақсы көрмеген оқушысын олар да жаман көріп, оған күн көрсетпеуі мүмкін.
Баланың жаман қылығын мұғалім оқушыларға және кінәлі оқушыға да түсінікті болатындай етіп ескертіп айтып, жаман қылықтың себебін және неге соқтыратынын талдаған дұрыс.
Үшінші бағыт- әдептің алғашқы қадамын қалыптастыру, адами қатынастағы бірсөзділік. Мектептің өзінің ішкі заңы, тәртібі бар. Ол үңдің, даланың, ауланың немесе балабақша қатынасынан бөлек. Бұл- әлеуметтік, ересектіктің заңы, тәртібі. Алғаш бала мектепке келгенде осы заң, тәртіппен танысады. Оны бастауыш сынып мұғалімі таныстырады. Ал бастауыш сынып оқушысы осы заң-тәртіпті бұлжытпай орындауға тырысады, ересектермен қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтады. Оның үстіне ұстазының айтқанын орындау- үлкен шаруаны тындырғанымен бірдей.
Бірақ бастауыш сынып оқушылары 3-4 сыныпқа келгенде, мұғалімнің айтқанын ой елегінен өткізе бастап, оның іс-әрекетін, айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын мұқият қадағалай бастайды. Егер де мұғалім өзінің айтқанын өзі орындамаса, екі сөзді болса, балаларды бөліп қараса, ондайй мұғалім абыройынан айырылады. Мұндай жағдайда айтқан өсиет, ақыл, тәрбиелік іс-әрекеттің бәрі зая кетеді.
Төртінші бағыт- жақсы оқу, үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай жасау. Байқап қарасақ, оқудағы жетістік бар және сол жетістікке жетуге жағдай жасау бар. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты да және екі бөлек. Оқу үлгеріміндегі жетістік- соған жағдай жасаудан басталады. Жетістік – нәтиже, ал жағдай жасау-соған жетудің жолы.
Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса, оның қуанышының...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!