Бағдарламалау | HTML-PHP-MySQL программалық құралдарын пайдалануы

 Бағдарламалау | HTML-PHP-MySQL  программалық құралдарын пайдалануы

Мазмұны

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………….......3
1 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ…………………………….4
1.1 Қазіргі кездегі web-технологияның маңызы 4
1.2 Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру 5
1.3 Электрондық сауда 7
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары 8
1.4.1 WWW технологиясы 8
1.4.2 “Клиент-сервер” технологиясы 9
1.4.3 AJAX технологиясы 11
1.5 Web-серверлер жұмысын ұйымдарстыру 11
1.6 Мәліметтер базасын құру жолдары 15
1.7 Ақпараттық жүйе жасау есебінің қойылымы 17
2 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА «ДӘРІХАНАЛЫҚ ІС» ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ………………………………………………………………18
2.1 Ақпараттық жүйе функционалдық құрылымын жасау. 18
2.2 Дәріхана жүйесінің құрылымдық сұлбасы 19
2.3 Жүйенің программалық модульдерінің өзара байланысу сұлбасын құру 20
2.4 Қолданушының навигациялық сұлбасын құру 21
2.5 Программалық құралдар сипаттамалары 23
2.5.1 MySQL арқылы база жасау 23
2.5.2 HTML тілін пайдалану 27
2.5.3 XML тілі ерекшеліктері 33
2.5.4 ASP туралы жалпы мәліметтер 34
2.5.5 PHP тілі мүмкіндіктері 38
3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ҮШІН ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ТАҢДАУ …..........45
3.1 Denwer жүйесін орнату 47
3.2 Дәріхана жүйесінің негізгі модульдеріне сипаттама 50
3.2.1 Негізгі меню модулі 51
3.2.2 Интерфейс тілін таңдау 51
3.2.3 Іздестіру модулі 52
3.2.4 Каталог модулі 52
3.2.5 Прайс-тізім модулі 53
3.2.6 Қоржынның пайдаланылуы 53
3.2.7 Тапсырысты өңдеу модулі 53
3.2.8 Дәрілерді бағалау ісін ұйымдастыру 54
3.2.9 Дәріхана жүйесінің администратор модулі 55
3.3 Қолданушыға нұсқаулық 57
3.4 Желі администраторына нұсқаулық 58
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………..59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………………………........60
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы ¬– ақпараттандыру, яғни адам қыз¬мет¬і¬нің түрлі аймағына қазіргі компьютерлік технологияларды пайдаланып, ақпараттандыру. Қазіргі заманда технологиялық үрдістер өте жылдам қар¬қын¬мен дамуда. Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта адамдар¬ды хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол ақпарат көз¬дерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді. Ақпараттар теледидар, газет-жур¬налдар арқылы, әр жерлердегі түрлі жарнамалар арқылы таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең жас, ең тиімді түрінің бірі интернет желі¬сі болып табылады. Интернет желісі өте жақсы дамып келеді. Оның дәлелі желі ар¬қ¬¬ылы ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден шықпай, керек зат¬қа қол жет¬кізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам баласының қол жеткізген ең¬ үлкен табыстарының бірі[1].
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа пайда болған заттың да тез арада таралып, шығарған ком¬пବни¬ясына немесе фирмасына тез көтерілуіне көмектеседі.
Бұл жұмыс ақпараттандыруды интернет желісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған болып табылады. Соның ішінде медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Үлкен қалаларда өте көп дәрі-ха¬на¬лар бар, бірақ дәрінің құрамы, қан¬дай жағдайларда ішетіні туралы, қандай баға¬да сатылатыны туралы алдын-ала ақпарат ала бермейміз. Науқас адамдарға жылдам қызмет көрсетіп, жедел ақ¬пар¬ат¬пен қамтамасыз ету үшін web технология негізінде жасалған жүйе керек. Бұл жүйе фармация бизнесі үшін де таптырмас пайданың көзі болатыны айдан анық. Сонымен, бұл дипломдық жұмыс Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақ¬пар¬ат¬тық жүйесін жасауға арналған болып табылады.

1 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кез келген саналы адам халқына қандай да болса пайдасын тигізуге тырысады. Отанымызды қорғаудың, елімізді сүюдің, халықымызға қызмет ет¬у¬¬дің бастамасы осы елдің әр азаматына қамқорлық жасап, оларға жақсы әлеу¬меттік жағдай көрсету болады.
Адамзат баласының өмір сүріп, алдына қойған мақсаттарына жетіп, осы өмір¬дің мән-мағынасын түсінуіне, адамның адам болып қалыптасуына, ең ал-ды¬мен, денсаулық ықпал етеді. Өкінішке орай, барлық адамдарға мұндай мүм¬кін¬шілік беріле бермейді. Түрлі себептермен адамдар ауырып, оған қарсы ем із¬дейді. Біз осы елдің азаматы ретінде көмек беруге тырысып, жақсы әлеу¬мет¬тік жағдай қалыптастыруға талпыныстар жасаймыз. Әрине, қазіргі кезде қызмет көрсететін дәріханалар жетерлік. Бірақ, заман жаппай компьютерленіп, ақ¬параттанудыру желі арқылы тиімді болып жатқандықтан, заман ағымына сай дәрі¬ханаларға да желі арқылы тарайтын ақпараттық жүйе құру өте маңызды болып тұр[1]. Оның маңыздылығы сол – адамның асыл байлығын сақтап, көмек көрсететін дамыған, заманға сай ақпаратық жүйе. Бірақ, еліміз жаңа көшке ілі¬н¬іп жатқандықтан мұндай жүйелер жоқтың қасы. Сондықтан дәріхана ісі үшін ақпараттық жүйе құру өте маңызды.
1.1 Қазіргі кездегі web-технологияның маңызы
Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберуді тек тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде әлемдік желіні пайдалану ком¬пьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған. Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет етпейді. Кез келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз ин¬тер¬нет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай рет¬теліп, қол жеткізгенге оңай орналастырылса, интернетте де дәл солай реттеліп, web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді[2].
Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web – өрмек және site – орын) – ол HTTP/HTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске бағыт¬талған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ түп¬кі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құры¬лы¬мы¬мен, авторымен және бет келбетімен біріккен[3]. Барлығына қол жететін сайттар жи¬ынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт – ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақ¬пар-ат¬ты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, рек¬ве-зит¬тер және т.б.) орналастыруға болады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе бил-бордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға болады. Әр¬дайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жыл¬дам жә¬не оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұм¬салады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кең-ей¬еді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы ме¬ке¬менің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп, сұраныс жасап және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады[2].
Web-сайт – пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т.б. жеткізуге болады. Соны¬мен қатар, сайтта «Сұрақ-жауап» бөлімін құруға болады, онда пай¬да-лан¬у¬шы¬лар өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық, жоғары ква¬ли¬фи¬ка¬цияланған жауап жазуға болады.
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, Web технологиясының біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және оң¬тайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына сай бұл салада ерек¬ше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтарынан көр¬і¬нуін уақыт өте келе күтудеміз[13].
1.2 Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру
Ақпарат деп кей байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын, және оның адам санасындағы бейнесі болатын обьектілердің, үрдістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін ай¬т¬а¬мыз.
Ақпарат мәліметтерге тәуелділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне бай-ла¬нысты белгілі бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері төменде көрсетілген:
- ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа мәлім-демелер береді;
- ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде келетініне қар¬а¬¬мастан ақпарат материалды емес;
- белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алатын алушы үшін ға-на ақпарат жеткізеді;
- ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса бел¬гі-лі бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге байланысты емес;
- ақпарат дискреттік – ол хабарлама түрінде берілетін нақты мәлімет¬тер-ден тұрады;
- сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз – ол жинақталып және біртіндеп дами-ды.
Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей:
- репрезентативтілігі – таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа ақ¬пар-ат¬тың бара-бар құрылуы осылай аталады;
- мазмұндылығы – хабарламадағы семантикалық ақпарат санының өң¬дел¬е-тін ақпараттың көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың семантикалық көлемі;
- жеткіліктілігі – шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш жиын¬ты-ғының құрамының тығыздығы;
- қол жеткізушілігі – ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы;
- өзектілігі – ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі;
- құндылығы – нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы;
- түсініктілігі – қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұнының сәйкестігі;
- ықшамдылығы – хабарланатын мәлімдемелердің баяндаулығының сығылу деңгейі.
«Технология» сөзі өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің «techne» сөзінен шыққан, гректің «logos» сөзі – түсінік, оқу дегенді білдіреді.
Технология – бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім н嬬месе қызмет көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық, энер¬гети¬ка-лық, өндірістің еңбек факторларының жиынтығы[4].
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айна¬лы¬са-тын адам¬дардың еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара байла¬ныс¬қан ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені.
Жалпы, кез келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап етіл¬ген сапа мен белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып та¬был¬а¬ды.
Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады:
- техникалық құралдар кешені – есептеуші, телекммуникациялы және тех¬ни¬калық ұйымдастыру;
- программалық құралдар жүйесі – жалпы(жүйелік) және функ¬цио-нал¬ды(қолданбалы) программалық жабдықтама;
- ұйымдастырушылық – әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі.
Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан элемент¬тер жиынтығы.
Қоғамның дамуының қазіргі деңгейі жалпы ақпараттанумен сипатталады, яғни барлық ғылым мен техника салаларына компьютеризация мен ақпараттық технологиялардың енуімен сипатталады. Осыған байланысты негізгі мағынасы бо¬лып, күнделікті қызметте ақпаратты өңдейтін құралдар мен әдістердің қол¬да¬н¬уы болады. Жаңа ақпараттық технологияның әсер етуімен өндірісте және басқару процестерінде үлкен өзгерістер болып отырады. World Wide Web – әлемдік компью¬терлік торап құрамында алуан түрлі ақпарраттары бар миллиондаған сайт¬тардан тұрады. Адамдар Internet технологияларын қолдану арқылы сол ақ¬параттарға қол жеткізеді.WWW кеңістігінде пайдалану үшін арнайы про¬грам¬малар – Web техноглогиялары қолданады. Web браузердегі бүкіл ақпарат WWW негізгі байт элементтері болып табылатын Web парақтар түрінде беріледі[8].
Web-парақтар мультимедия технологиясын қолдағандықтан, өзіне түрлі ақпараттарды біріктіре алады: текст, графика, дыбыс, анимация, видео. Web-па¬рақ¬¬тардың қаншалықты сапалы және әдемі жасалуы көп жағдайда торапқа байланысты[17].
Қолданушылар тартымды және графикамен , анимациямен шегімен безен-дір¬ілген, сонымен қоса, дұрыс, жылдам жүктелетін Web-парақтарды қарайды.
WWW технологияларының кең мүмкіндіктері WWW серверінің өсу нәти-же¬сіне және Internet желісінің өсуінің салдарынан пайда болады.WWW сервер- бар ақпараттарды сақтайтын,қолданушыларға гипермәтіндік құжаттарға қол жеткізетін, глобальді немесе ішкі корпоративті торап. Қолданушы WWW сер¬верімен қарым-қатынас жасау үшін арнайы программалық жабдықтама – брау¬зер (англ. browser) яғни көру программасы деп атайтын жабдықтама қол¬да¬ны¬ла¬ды[20].
WWW-серверінің жұмыс жасау схемасы келесідей:
1. Торапты қолданушы браузер деп аталатын программалық жабдықтама пакетін жібереді.Оның құрамына келесі функциялар кіреді:
Сервермен байланыс орнатады
a) қажет құжатты алады;
b) алынған құжатты көрсетеді;
c) қолданушы әрекеттеріне жауап қату, жаңа құжаттарға қол жеткізу.
Қолданушының әсер етуімен немесе браузерді жібергеннен кейін, WWW- cер-вер¬і¬мен байланыс орнатады және оған берілген құжатты алу үшін сұраныс жібереді.
2. WWW-сервер сұраған құжатты іздейді және браузерге нәтижені қайтарады.
3. Браузер құжатты алып, қолданушыға көрсетеді және оның қозғалысын күтеді[20].
1.3 Электрондық сауда
Электрондық сауда - бұл әлемдік интернет желісі арқылы виртуалды дүкендер, дәріхана және тағы басқа жаңа сапамен түрлі қызмет көрсететін биз-нес¬тің жаңа түрі. Ол тауар өңдіруші компаниядан немесе жаңа қызмет ұсыну-шыдан еш делдалдың көмегінсіз, тікелей байланысқа кіреді, сонымен бірге, сол қыз¬мет туралы әдеттегіден көбірек ақпарат біліп, алдын-ала шешім қабылдауға мүм¬кіндік береді. Тағы да, атап айта кететін жайт, тікелей жеткізу және ақша тө¬¬¬¬леу жүйесінің икемділігі. Осы аталған барлық циклды еш қиындықсыз, кез-кел¬ген адам үйден шықпай іске асыра алады. Интернет жүйесінде сауда жасау екі жақ, яғни, алушы мен сатушыға да өте қолайлы[9]. Сатушы үшін қолайлы, себебі, тауар туралы және компания туралы ақпаратты тек орналасқан аймақ емес, жалпы Қазақстан немесе одан да басқа мемлекеттер көлемінде бизнесті дамы¬т¬ып, өсуге үлкен мүмкіншіліктері бар. Тіпті, кішкентай компаниялар да әлемдік масш¬табта бизнеспен айналысуына болады. Сонымен бірге, тапсырыс берушінің ой¬ын, талабын тікелей біліп отыра алады. Қорыта келгенде, электронды бизнес қы第¬¬мет көрсетудің ең тиімді, қаржыны үнем¬дей¬тін және өсуге икемді заманға сай бизнестің жаңа түрі.
Ал, клиенттер үшін де бұл жүйенің тиімділігі баршылық. Оларға, тауарды бас¬қа да ұсынушылардың ұсынысымен салыстырып, ұтымды, ыңғайлы таңдау жବс¬ауға мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, берген сұраныстарына тез жауап, ақ¬па¬рат ала алады.
Интернет арқылы бизнес жасаудың тиімділігінің негізгі үш факторы бар: баға, уақыт және тікелей қарым-қатынас[18].

1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
«Көпфункционалды интернет – қосымшалары» термині қолданысқа бірнеше жыл бұрын енді, дегенмен оның түсініктемесі:
- сценарийдің алыстатылған тілі;
- хInternet;
- көпфункционалды Web-клиенты;
- көпфункционалды Web-қосымша ретінде белгілі болған.
Интернет өте үлкен көлемді ақпарат көзі, көптеген технологиялар осы ақпаратты жеткізу жолдарын жақсарту мен Web-те жетілдірілген және қолайлы әдіспен сақтауға арналады. Web-қосымшалардың көбінде өңдеудің көп бөлігі сер¬верде жүзеге асады. Бұл үлкен көлемді ақпарат пен оны өңдеу серверге үлкен күш түсіреді, сонымен қатар желілік трафикке тәуелділікті жоғарылатады.
Ескі клиент-сервелі архитектура үлкен ыңғайлы және функционалдылы болған, бірақ Web-дәуірінде жоғалды. Бұның бір себебі біркелкіліктің жоқтығы немесе клиенттік қосымшалардың стандартталуы. Енді ешқандай күмәнсіз, жал¬пы¬лама қабылданған Web-құрал болып браузер табылады. Дегенмен, оған интеллектуалды өңдеулердің мүмкіншіліктері жеткіліксіз. Осының есебіне клиенттің қосымшаларға қолданушылардың ақпаратын жеткізу мен қарапайым өңдеу жұмыстарын жүргізу міндеті артылған. Көпфункционалды интернет-қосым¬шалар браузердің негізінде ең жақсы, тез, назар аударарлық және фун¬к¬ционалды қолданбалы қосымшаларды өңдеуге мүмкіндік береді[9].
Қолданушы интерфейсімен Web және Интернет деңгейінде байланысатын өңдеушілер қолданушы интерфейсі деңгейінде жиі тәжірибелер жүргізеді және ең аз сыртқы қолдаусыз нәтижелі жұмыс жасауға қабілетті әр түрлі RIA-құралдарды байқайды. Көбінесе браузер қалыпты жұмыс істеу үшін модульге, кеңейтуге және жүктелетін файлға қатысты біршама қолдаулар қажет[25].
1.4.1 WWW технологиясы
Бұл технология World Wide Web(қысқартылғаны –WWW немесе жай Web) – «Әлемдік тор» жүйесін қолдануда негізделеді. Бұл жүйе құралдық ор-та¬ның әртүрлілігін және гипертексті түсініктеме негізіндегі ақпараттың форматын ин¬тегралдау әрекеті болып табылады. Гипертекст ұғымы белгіленген сөздерді, сөй¬лемді немесе тіптен пиктограммаларды сәйкес ақпаратқа осы немесе басқа құжатқа сілтеме жасауда қолдану деген мағына береді. WWW-навигаторлар деп аталатын және қолданушыға WWW жүйесінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программалар гипертекстің түсініктемесін желінің түрлі түйіндерінде орналасқан құжаттар арасында байланыс жасай отырып кеңейтеді[20].
WWW жүйесінде құжаттар әдетте толық полиграфиялық форматта көр¬се-тіледі және құрамында графикалық ақпараттар мен фотосуреттер, аудио, видео файлдарға сілтемелер бар. Осылайша, WWW жүйесі –«гипер¬текст¬+¬му-льт¬и¬медиа+ақпаратты навигация» бөлімдерден тұрады. WWW – навигаторларға Nets¬¬cape Navigator және Microsoft Internet Explorer сияқты кең танымал про¬грам¬малар жатады. Өздерінің интеграциялау тапсырмаларын орындай отырып, WWW – навигаторлар тек қана WWW-серверлерінің ақпаратына ғана емес, басқа да жүйелердің ақпаратына (телеконференция, FTP, Gopher т.б) рұқ¬сат алуды іске асырады.
WWW технологиясы қолданушылардың мойындауына тез қол жеткізді және бүгінгі күні заманға сай Интернетті қалыптастыратын ең әйгілі құрал¬дар-дың қатарына кіреді. 1995 жылы интернетке WWW-серверлердің саны әр бірнеше айда екі еселеніп отырды, ал оларға арналған жалпы трафик тұрақты түрде бірінші орынға шықты. Интернетте индексті іздеуді WWW – сервердің және басқа бірнеше жүйелердің (FTP, Gopher) 90%-ына жуық орындауға мүм¬кін¬дік беретін жүйелер (Yahoo, Lycos т.б) қарқынды дамуда[18].
WWW – серверді өңдеушілерінің энтузиазмын түсіну оңай. Ақпараттық мәселе қандай болмасын – анықтамалық жүйелер, әр түрлі бағыттағы құжат-тарға архив (мысалы, жарнама материалдарын), мәліметтер базасына, оқыту жүйе¬сіне әдемі интерфейс құру – осының бәрі WWW – технологиясының негі-зі¬не жатады.
1.4.2 “Клиент-сервер” технологиясы
Бұл дипломдық жобадағы программалық жабдықтау клиент-серверлік технологияларға негізделген.
Мұнда Интернет желісінің сервері деп клиент машинасының сұранысы бойынша web-парағын бейнелейтін, сондай-ақ көптеген басқа пайдалы функ-цияларды орындайтын, арнайы программа орнатылған компьютер аталады (ол сервер, web-сервер немесе http-сервер деп те аталады). Жергілікті желідегі компьютерлердің өзара қарым-қатынас сипаты, олардың функционалдық мін¬дет¬¬терімен байланыстырылған. Тікелей қосылуы жағдайындағы тәрізді, жер¬гілікті желі шегінде клиент және сервер түсініктері пайдаланылады. Яғни, сіздің үйдегі компьютеріңіз сервермен байланысып, одан қажетті мәлімет¬тер¬ді, мысалы, web-парағының кодын алған кезде, ол «клиенттің» рөлін орын¬дай¬ды, ал бұл жағдайда барлық жүйе «клиент-сервер» байланысы деп аталады[13].
“Клиент-сервер” жүйесі деп қолданушының қарамағына өз қорларын беретін алыстағы компьютер мен осы қорларды пайдаланатын қолданушының компьютері арасындағы ақпаратты беру механизмін атайды. Мұнда өзінің қорларына қосылуды ашатын компьютер - “сервер”, ал бұл қосылуды алушы “клиент” деп аталады.
“Клиент-сервер” технологиясын қысқаша келесідей түрде ұсынуға болады:
- клиент сұранысты жасайды және серверге, басқаша айтқанда сұранысты өңдейтін программаға жібереді;
- бұл программа сұранысқа сәйкес қорытынды жасайды және оны клиентке жібереді;
- клиент қорытындысын алады, оны дисплейде бейнелейді және қол¬дан-у¬¬шының әрі қарайғы әрекетін күтеді. Қоданушы сервердегі жұмысын аяқ¬та¬ғанша, цикл қайталана береді.
Клиент-сервер технологиясы – бұл компьютерлердің бірінен (сервер) екінші компьютерге (клиентке) өз қорларын ұсынатын, жергілікті желідегі ком¬пьютерлердің өзара қарым-қатынасының ерекше тәсілі.
Жоғарыда ескертілгендей, Интернет қорларын тарату принциптеріне қолданылатын негізгі түсініктердің бірі, “клиент-сервер” тәсіліне сәйкес мәлі-мет беруді ұйымдастыру болып табылады. Бұл технологияның қалай жұ¬мыс іс¬те¬йтінін талдап көрелік[13].
Клиент браузеріне web-парақты жүктеу үшін сервер, серверлік ком¬пью-тер¬де орнатылған http-сервер деп аталатын арнайы программаға сұраныс жібереді және одан алынған мәліметті өңдейді. Мұнда браузердің міндеттеріне сер¬вер¬ден белгілі бір параққа сұраныс жасау, оны алып және қолданушының экран¬ы¬на бейнелеу жатады. Әрі қарайғы әркетті сервер өзіне алады. Ол сұра¬ныс¬ты қабылдайды, сұралған құжатты іздейді және клиентке табылған файл¬дың маз¬мұнын немесе мұндай файлдың табылмағанын не оған қосылуға қан¬дай да бір тыйым салынған қателіктер туралы хабар береді.Бұл үдерісті түсіну үшін маңызды сәт, http-серверінің берілген құжатының мазмұнын тал¬дама¬й¬тын¬дығы болып табылады. Ерсі айтқанда, сұралған файлдың ішінде не бар ек¬е¬ні http-серверге бәрібір, ол тек оны броузерге жеткізеді, алынған ақпараттың бей¬не¬ле¬н¬уі мен құрылымы жөніндегі барлық жұмысты браузер өзіне алады. Бі¬рақ, бұл ережеде де өзгешеліктер болады.
Сондай-ақ, сұрастырылған парақты іздеу, серверлік компьютердегі осы сайт¬қа бөлінген белгілі бір директорияда жүзеге асырылатынын атап өту керек. Бұл директорияға сілтеме қолданушының енгізген адресінде болады. Егер сұраныс нақты бір құжатқа емес, тұтастай сайтқа арналаған болса, онда http-сервері берілетін файл атауының орнына автоматты түрде «бастапқы парақ» деп аталатын файлды береді. «Бастапқы парақ» index.html атымен аталады (кейбір жағдайларда – default.html). Бұл құжат міндетті түрде, сіздің сайт¬ың¬ызды орналастыру үшін бөлінген түпкі каталогта немесе егер бұл ал-дын ала айтылған болса, WWW деп аталатын директорияда орна¬лас¬тыр¬ыл-уы қажет. Қалған басқа файлдардың барлығын осы каталогта немесе салынған ди¬рек¬торияда орналастыруға болады. Әсіресе бұл, бірнеше тақырыптық тарау¬лар¬дан немесе айдарлардан тұратын сайттарда өте қолайлы[14].
Сондай-ақ, серверлік директория құрамында сіз жасап салған папка¬лар-дан басқа, тағы да бірнеше каталогтар болады. Біріншіден, бұл CGI-BIN папка¬сы. Мұнда CGI-скриптері мен сіздің сайтыңызда қосылатын басқа да интер¬ак¬тивті қосымшалар, сондай-ақ сервердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті бір¬не¬ше қызметтік директориялар орналастырылады. Бастапқы кезде оған көңіл ау¬дар¬удың қажеті жоқ. Кейде index.html сақталған каталогта бірнеше қосымша файлдар болады. Олар: not_found.html – егер http-сервер қолданушы сұраған фай묬ды таба алмаған жағдайда бейнеленетін құжат, forbidden.html – сұра¬тыл¬ған құжатқа қосылуға тыйым салынған қателіктер туралы хабарлау ретінде бей¬неленеді, robots.txt – іздестіру машинасымен сіздің сайтыңыздың индекс¬аци¬я¬лау тәртібін арнайы түрде сипаттайтын файл.
Барлық айтылғандарға қарай отырып, клиент броузері, ақпаратты сер-вер¬ден тек ала алады және оны өңдей алады. Ал оны орналастыру мен өзгерту, егер файлдарды серверге жүктеу серверлік web-интерфейсіне қосылған арнайы CGI-скриптерінің көмегімен НТТР хаттамасының негізінде жүзеге асырылған жағ¬дайда ғана болады. Барлық басқа жағдайларда, арнайы программалық құралы арқылы қажетті файлдарды автоматты түрде оларды сізге бөлінген сайт¬¬тағы директорияға бере алатын, ftp-серверін пайдалана аласыз. Бұл екі жағ¬дайда да жүйеге қосылу үшін сізге тіркеліп, атыңыз бен пароліңізді(құпия код) білу қажет болады[17].
1.4.3 AJAX технологиясы
AJAX, HTML-дан тұрады, jаvascript™, DHTML және DOM техно¬логия-лары, ауыр салмақты Web – интерфейсі интерактивті AJAX – қосымшасын ау-дар¬уға көмектесетін керемет әдіс. AJAX бойынша эксперт, автор бұл техно¬ло-гия¬лардың бірігіп жұмыс істеуін көрсетеді (жалпы шолудан бөлшекті зерттеуге дейін) мақсаты – өте нәтижелі Web – өңдеуді күнделікті шындыққа айналдыру. Ол сонымен қатар XMLHttpRequest-ті қосқандағы AJAX-тің негізгі концеп¬ция¬ларын ашып көрсетеді[23]......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 810



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!