Дене шынықтыру | Болашақ спортшылардың кәсіби қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы

 Дене шынықтыру  | Болашақ спортшылардың кәсіби қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы

Тақырыптың өзектілігі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары адамның ақыл – ой, ерік және көңіл-күй аясын, оның эстетикалық ұғымдары мен қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл – ойға нысандық әсер ету жақтары, оның ақыл – ой және дене еңбегі бір-бірімен бірлікте және өзара байланыста болады.
Бізді қоршаған ортада және біздің ағзамызда болып жатқан көптеген құбылыстар тек қимыл әрекетінің нәтижесінде танылуы мүмкін. Бұл ең алдымен қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттарына қатысты болып табылады, яғни уақыт, кеңістік, қимыл ұзақтығы, жылдамдық, ырғақ, сол сияқты дененің беткі қабаты мен салмағы және оның өзіндік мүмкіндіктері туралы ұғымға қатысты болады.
П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесі ілімінде бұл ережені толық әрі ғылыми дәлелмен көрсетті. Адамның дене және психикалық бірлігі идеясына сүйене отырып және қимыл әрекетін тұлғаны дамыту ықпалы ретінде қарастыра келе, ол тәрбиедегі жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін (немесе оның өзі айтқандай жеке тұлғаны қалыптастыруда) сондай дене жаттығуларын пайдаланып, сабақты да соған сәйкес ұйымдастыру керек деп көрсетті.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ақыл – ойдың мынадай жақтарын дамытуға ықпал етеді: зейін (күрделі дәлдіктегі дене жаттығуларын меңгеру оның орындалатын жаттығуларға, туындаған қимыл сезімдері мен жағдайларына, сәйкес қимылдарға шоғырлануын талап етеді), байқампаздық (сезім мүшелерінің даму әсері), тапқырлық пен ойлау шапшаңдығы (өзгермелі жағдайда қимылдың шапшаң әрі адекваттық бағдарлау қабілетіне жоғары талаптар қойылады) және ойлау (табысты немесе сәтті емес қимылдардың себебін тауып, оның мақсатын, құрылымы мен нәтижесін, т.б. ой елегінен өткізу).
Қимыл және ақыл – ой дарындылығы арасында байланыс орнаған. Белсенді қимыл тәртібіндегі балалар әдетте жоғары және тұрақты ақыл – ой үлгерімінде болады. Ақыл – ойы кеш дамыған балалар нашар біліктеледі және қимыл дағдыларын үлкен қиындықпен меңгереді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі шұғылдану ағзаның барлық мүшелері мен жүйелеріне жан-жақты әсер етеді. Олар тірек-қимыл аппаратын нығайтып, дамытуға көмектеседі: қуыс сүйектер диафазасының көлденең мөлшері ұлғаяды; олардың қыртыс қабаты қалыңдайды, т.б. Бұл өзгеріс қаңқаны нығайтып, жұмысшы гипертрофиясының сипаты болады.
Бұндай өзгерістер үлкен жүктеме арқалайтын сүйек – буын аппараттары тобында көрінеді. Мысалы, теннисшілерде, лақтырушылар мен семесерлесушілерде қол сүйегі үлкен жүктемеге лайық болса, ал секірушілердің аяғы жүктеме есебінен ұлғаяды. А.И.Кураченовтың айтуынша, лақтырушы-спортшыларда бір жыл ішінде жаттығатын аяқ қыртыс қабаттың 1,5-2 мм, ал үш жыл тәжірибесі болса-2,5-3мм, он жыл жүйелі жаттықғу онда иық сүйгенің диафазасының көлденең өлшемі 8 мм-ге ұлғаяды. Жаттығулар бой ұзындығына, иық ендігіне және денені түгелдей атлетикалық жаққа өзгертеді. Олар буын мен омыртқа қозғалмалылығын арттырып, дәнекердің сырғымалылығын жақсартады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ақыл – ой жұмыс қабілетін жақсартуға жәрдемдеседі. Бұл ереже көптеген зерттеулерде дәлелденген. Мысалы, В.М. Коврыгин мен А.П. Гемба 1600 студенттің үлгерімін зерттеп, өте-жақсы және жақсы бағалардың спортпен айналыспайтындарда 11,9% көп екенін, ал қанағаттанарлық және қанағаттандырмайтын бағалар 7,5 және 4,4%-ға аз екенін көрсетті. К.В. Волков, Г.Д. Горбунов, Е.Е. Шецольд, Л.И. Александрова, Г.М. Краковяк, және басқалар да осындай мәліметтер алды.
Зерттеудің мақсаты м ен міндеті. Дене жаттығуларымен айналысу әсерінен ақыл – ой жұмыс қабілетін жақсарту іс-әрекет сипатын кезектестіру, ақыл – ой мен дене жұмысын ауыстыру, сол сияқты әдеттегіден тыс болса да психикалық процестің жүруіне жақсы әсер ететін қысқа мерзімді дене жүктемелерін қолданудың жақсы әсерлері нәтижесінде жүргізіледі. Қимыл әрекетін шектеу, керісінше, ақыл-ой қабілетін төмендетуге әкеледі.
Одан бөлек спортпен шұғылданатын оқушылардың үлгерімін жақсартуға дұрыс ықпал ету күн тәртібін дәл сақтауға әсер етеді. Спортпен шұғылдану аталғанғ спорт түрінің тәсілі мен әдістемесі мәселелері бойынша, спорт педагогикасы, спорт физиологиясы, жеке гигиена бойынша білімді меңгеруді реттейді.
Зерттеудің объектісі. Спортшылардың басқа елдерге, қалаларға жарысқа баруы, барлық саяхаттар тәрізді білім беру міндеттерін орындауға көмектеседі.
Алайда, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл –ойға кері әсер етуі де мүмкін. Спортпен айналысатын оқушылар мен студенттердің нашар үлгерімі жайлы мәліметтер де жетерлік. Бұл негізінен спортпен бір жақты қатты қызығуға (оқудағы басқа пәндерге зиян) немесе үлкен жүктемесі бар машықтану сабақтарының салдарынан шаршауға байланысты. Спортшы ақыл – ойын басуға әсер ету ықпалы аталған спортшының әдеттегі ақыл–ой және дене еңбегінен тыс ұзақ оқу- машықтану жиынының да салдары болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.1 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары және мінез-құлықтың ерік-күшін дамыту

Ерік-жігер күші мен жүйке-бұлшықет қысымының деңгейі арасында тікелей байланыс бар. Қимыл әрекетіне туындайтын күш, шапшаңдық, төзімділік және басқа сапалардың көрінуі жоғары болған сайын ерік қысымы да соған лайық болуы тиіс. Сонымен, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мінез-құлықтың ерік-күшін дамытуға оң әсер ету жақтары олардың ерік-күшін тудыру қажеттігімен байланысынан құралады. Ерік-күш бұлшықет тәрізді қимыл барысы мен нәтижесінде, нысанды және субъективті қиындықтарды бағындыруда дамиды.
Мінездің ерік-жігерін дамытуға көмектесетін спорттағы қиындықтар спорт жаттығуларының күрделі тәсілін меңгеру, ерік күшін тудыру, шаршау мен ауруды бағындыру, өзін-өзі басқаруды сақтау, көңіл күй жағдайын реттеу, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайдағы жұмыс қабілетін сақтау және орнатылған күн тәртібін сақтау қажеттігіне құрылған. Көп жағдайда бұл қиындықтардың барлығы спорт жарыстарында байқалады. Олар спортшының ерік сапасын негізгі дамыту құралдарының бірі болып табылады.
Оқу-машықтану сабақтары кезінде мінездің ерік сипатын қалыптастырудың басты құралы жүктеме болып табылады. Жаттығуды аталған спорт түрінен тәсіл мен тактиканы жетілдіруге бағытталған әдіс ретінде қарамай дене дайындығын қамтамасыз ететін және ерікті дамытатын әдіс ретінде қарау керек.
Ерік сапасы адамның басқа да психикалық және қимыл туындысы сияқты арнайы және басқарушы сипатқа ие болады. Ерік сапасының арнайылығы оны дамытатын әрекет түрінде үлкен көлемде көрінеді. Жеңіске жету үшін, мысалы, бокста, семсерлесу де, балға лақтыруда, конькимен жүгіруде түрлі қимыл сапаларын дамыту қажет, яғни спорттың алуан түрі спортшыдан даму түрі мен ерікті тудыру түрлерін талап етеді. Ұзақ және орта қашықтыққа жүгіретін, жүзу, шаңғымен жүру, ескек есу, коньки тебу және велосипед спортында маманданатын спортшылар машықтану сабақтары мен жарыстарда машықтанбаған адамдардан да көп шаршайды, себебі машықтанбаған адамдар өзінің шамасы келетін қарқынмен жаттығуды орындайды. Жоғары нәтижеге жетпес бұрын, соған жету үшін спортшылар көптеген айлар шаршауға мойымай, онымен күресті. Спорттың басқа түрлерінде ерік дамыту басқа бағыт алады. Ауыр атлеттер, лақтырушылар, секірушілер мен қысқа қашықтыққа жүгіретін желаяқтар ерік пен зейінді қысқа мерзімді әрі қысым күші жоғары жаттығуларды орындауға жұмылдырады. Жекпе-жек пен спорт ойындарында, боксшылар, палуандар мен хоккейшілер өз еркін шаршаумен күресу үшін және бірқалыптылығын сақтау үшін, туындаған жағдайды мезетте бағалап, адекватты әрекеттерді таразылау қабілетін машықтандырады.
Ерікті басқару спорт сабақтарында дамыған, ол өмірдің басқа да жағдайларында, яғни еңбекке, оқуда т.б. көрінуден тұрады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында басқа да өмірдегі жағдайларындағыдай ерік сапалары өзара қарама-қарсы оң және теріс құбылыстар түрінде бейнеленеді: батылдық пен қорқақтық, еріктің табандылығы мен әлсіздігі сенім мен күдік, шешімталдық пен шешімге келе алмау, ұстамдылық пен асығыстық, т.б. шұғылданушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, мінездің күшті жақтарын туындатып, бекітеді. Олай болмаған жағдайда дене тәрбиесі мен спорт еріктің әлсіз жақтарын анықтап, бекіту құралы болады, сол арқылы мінез-құлықтың ерік сипатын қалыптастыруға кері әсер ететін ықпал болуы мүмкін.


1.2 Көңіл-күй аясына ықпал ететін құрал ретіндегі дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйінің қалыптасуына әсер етеді. Бұл құбылыстың себептері мыналар: белгілі бір қарқындылық шегінде болған бұлшықет қысымы дені сау адамдарда жақсы сезімдердің туындауымен байланысты. Бұны бір таңертең ұйқыдан тұрып керілген кездегі бұлшықеттің бірінші қысымынан рахаттанғанда білеміз. И.П.Павлов «Дене еңбегінен сезген қанағатпен ақыл-ой еңбегінен алған қанағатты салыстыруға келмейді деді», бірақ біз ақыл-ой еңбегімен өмір сүреміз.
Қойылған мақсатқа жету тіпті оған санамен жақындаудың өзі адамның өз әрекетіне қанағаттанатынын білдіретін басты ықпал болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында – бұл кемшілік спорт жаттығуларының тәсілін меңгерудегі ілгерілеушілікті тану салдарынан, қимыл және психикалық сапалар дамуымен, спорт дәрежесін және атағын алу, жарыстағы жеңіс салдарынан болады.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында адам өзін бұрын таныс емес, жаңа жағынан танып, өзін өзінің санасында бекітеді. Спорт адамға қоршаған адамдар мен айналасының зейін қоятын нысанға айналуына мүмкіндік береді. Ірі халықаралық жарыстарда жеңіске, жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылардың танымалдығы оқымыстылардың, актерлар мен сазгерлердің танымалдығынан кем емес.
Спортта адам сабақ пәнін таңдауға, ауыстыруға еркін болады. Көп жағдайларда ол туындаған қимыл міндеттерін шешу үшін қимыл мен әрекет түрлерін таңдауға да ерікті болады. Спортшы неғұрлым жоғары дәрежелі болған сайын, онда көптеген спорт әрекетінде қимыл еркіндігін сезіну пайда болады. Таңдау еркіндігі мен қимыл еркіндігін тану дұрыс көңіл күй тудырады. Қандай жағдайда да спорт кәдімгі әрекеттер мен қызығушылық шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Бұл спорт сабақтары мен спорт жарыстарына тән жоғары қысым мен драмалық жағдайларда қол жеткізіледі. Қимыл сипатының ауысуы, оның ырғағы, жаңа қоздырғыштардың пайда болуы, олардың күнделіктілігі көтеріңкі күй береді.
Белсенді қимыл әрекеттері аралық жүйке жүйесінің қоздыру және тежеу қызметін реттейді. Жаттықтыру сабақтары, спорт ойындары мен спорт жарыстарына қатысу ағзаға барынша жоғары талаптар қойып, бұның алдында туындаған кері әсерлі көңіл-күй жағдайын төмендетіп, кейде жойып жібереді.
Алайда, спортпен шұғылдану көтеріңкі көңіл күйге кепіл болатын ықпал. Олар өткір кері әсерлердің қайнар көздері болуы мүмкін. Спортпен шұғылданғанда адам өз күшінің әлсіздігін көруі мүмкін. Ол талап етілгенді дереу орындауға, жоспарланған қимыл түріне жетуге, қалаған спорт нәтижесіне жетуге үнемі қабілетті бола бермейді. Көңіл-күй аясына спорт жарыстарында нашар өнер көрсету кері әсер етеді. Спортшы өзінің азған жолдастарын көріп, өзінің қойылған талапқа сай емес екенін туралы ой қорытады. Спортшының дәрежесі жоғарылаған сайын команда алдындағы оның жауапкершілігі артқан сайын, ол өз сәтсіздігіне қатты қайғырады. Бұндай спортшы өзін ұжымда өзінен үміт күткен адамдардың сенімін ақтамаған адам деп сезінеді. Кері көңіл-күй жарақаттың ұзақ және қысымды дайындық жүргізілген спорт сабақтарында, жарыстарына қатыса алмаудан туындайды. Нәтижесі ойша бейнелермен негізделіп, бағаланатын спорт түрлерінде немесе спорт жекпе-жегінің нәтижелерінің көрсеткіштерін жасанды жолмен орнатуда (спорт ойындары, күрес) спортшы санасында кейде толық нысанды емес сараптау кері әсер етуі мүмкін.

1.3 Эстетикалық тәрбие құралы ретінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану

Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мәнінің екі жағы бар. Біріншісі оқушылардағы қимыл әсемдігін мінез-құлқы мен дене тұлғасын қалыптастыруға әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары ең алдымен адамның өз қозғалыс аясын меңгеруге, қимыл, ұғымдарын байытуға, қимыл қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Дене мәдениеті» ұғымының мәндік мазмұны қимылды ұлағаттау, олардың үнемділігін, тиімділігін, орындылығын арттыру, яғни олардың жетілуі мен әсемдігін сипаттайтын қимылдың жақтарын меңгеру ретінде ашылуы мүмкін. Сонымен дене тәрбиесі мен спорт сабақтары қимыл көркемдігін қалыптастыру ықпалы болып табылады.
Психикалық процестер, атап айтқанда көңіл-күй мазасындануы қимыл жасағанда көрініс табатыны белгілі және керісінше қимыл әрекетінің сіттілігі, оның ішінде дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану адамның өз көңіл-күйін игеруіне сенімсіз және орынсыз қимылдан алшақтану қабілетіне байланысты. Өзінің сәтсіздігіне, төрешінің шешілетіне, көрермендердің кері көзқарастарына өзінің ашуын ұстай алмайтын спортшы тәрбиесіздік белгілерін көрсетіп, өзі туралы кері тартпа пікір қалдырады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары осындай талаптар қоя отырып, осы арқылы мінез-құлық әсемдігін қалыптастыруға да әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының маңызды сілтемелерінің бірі дене пішіні болып табылады. Бұлшықет салмағын ұлғайтып, май бөлінуді реттеп, сымбатты көркемдеп, теріні сауықтырып, олар адамның сыртқы келбетін сымбаттандыруға, ең алдымен тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуде дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының мәнінің екінші жағы оқушылар мен спорт жарыстарының көрермендерінде адамның әсем қимылы олардың мінез-құлқы мен дене дамуы туралы эстетикалық сенімнен шыққан ұғымдарды қалыптастыруға құрылған.
Қимыл қатынасы бойынша аз оқыған адамды спорт жарыстарында ең алдымен сыртқы жақтары ғана қызықтырады. Соғылған голдар, драматикалық немесе күлкілі жағдайлар жасалған рекордтардың сенсациялылығы. Спорт мәдениетінің белгілі бір деңгейі спортшы қимылындағы барлық әділілікті, олардың нақты жағдай мен шешілетін міндеттерге сәйкес тиімділігін ондағы ақыл мен қуаттың көрініс табуын қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен, дене тәрбиесі мен спорт ұғымы адамның қимыл көркемдігі туралы эстетикалық тұрғыдан ақталған ұғымды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі мен спорттағы өзіндік мән күшінде ондағы қорқақтықтың еріксіздіктің, дөрекілікпен тәртіпсіздіктің пайда болуы сүйкімсіз, керітартпа мінез құлық ретінде қабылданса, ал батылдық, шешімталдық, ерлік қолдауға тұратын идеал ретінде қабылданады. Осы арқылы дене мәдениеті мен спорт сабақтары адамның дұрыс мінез-құлқы жөніндегі сенімді ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі.
Жақсы дене дамуы мен денсаулық бірлікте көрінеді. Бұл көзқарасты Н.Г. Черышевский дамытып, қорғады. Өзінің «Ақиқатқа эстетикалық көзқарас өнері» атты диссертациясын да «Өмірдің өзі тамаша. Адамдағы тамаша мен әдемілікті адам денсаулығы мен ағзасы үйлесімді дамуы туралы ұғымсыз түсіну мәнсіз», деді.
Спортпен шұғылданатын адам мен спорттық жекпе-жектерді бақылаушы көрермен адам денесіндегі әсемдікті, күшті дамыған денсаулықты бағалауға үйренеді. Әрине, дене тәрбиесі мен спорт сабақтары нәтижесінде адамның сыртқы сымбат, оның тұлғасы туралы нағыз эстетикалық ұғым қалыптасады.


1.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаның оң
мінез-құлқын қалыпастыру шарттары

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жеке тұлғаны қалыптастыруда жететін нәтижелер бірнеше шарттарды сақтауға тәуелді болады. Олардың бірі жанұяда, оқу орындарында, жұмыста, ұжымдарда, өнер, баспасөз, радио теледидар және т.б.-да іске асырылатын, яғни адам тәрбиесіне бағытталған басқа да әрекет түрлеріне спорт сабақтарының үйлесуі болып табылады.
Спорт сабақтарын еңбектен, оқудан, қоғамдық-саяси жұмыстардан бөліп тастасаң, олар кері тәрбие ықпалын беруі мүмкін. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!