Кеден ісі | Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі

 Кеден ісі | Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………….…………3
І-тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік негіздері…………………………………………………….………5
1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары…………………………..5
1.2 Кедендік режимдердің түрлері және тауарды кедендік режимге орналастыру……………………………………………………………….………9
1.3 Кеден режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері…………….……..……..20
ІІ-тарау. ҚР Кеден органдарының кедендік режимдердің тәжірибесі мен оған талдау жүргізу…………………………………………………….………29
2.1 Кедендік қызметінің кедендік режимінің қазіргі қолданыстағы тәжірибесі...............................................................................................................29
2.2 Кеден режимін жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері……………….….……36
2.3 Кедендік режимдер талаптарын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік...47
ІІІ-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН РЕЖИМДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ………………………………………...…56
3.1 Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері…………..56
3.2 Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі………………...67
Қорытынды .........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….…………..……74
Қосымша 1.......................................................................................................

Бүгінгі таңда экономиканың дамуы – ел арасындағы және бірыңғай бүкіл әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде сауда жасауға ұмтылудағы, тауарлар мен қызметтер айырбастау, қаржы ресурстарының қозғалысы халықаралық келісімдердің ролін арттырумен сипатталады.
Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде қалыптасады. Содай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бәсекелесте орын алады.
Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске қарағанда шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі жоғарылап келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады, сондай-ақ елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер кушеюде. Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері мен оның жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.
Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы диплом жұмыс арналып отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Мақсатты шешу үшін ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-алу жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Мәселелердің маңыздылығына қарамастан біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз өңделген, әсіресе оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз өңделгендігі сол күйде қалуда.
Диплом жұмысының тақырыбын зерттеудің мақсаты – кеден режимдерінің мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтау, оның арнайы ерекшелігін және сапасын ашу, қажетті шаралар қолдану арқылы зерттеу.
Диплом жұмысының міндеті - ең алдымен осы жұмыстың мақсатына қойылған жетістікке жету болып табылады. Оларды мына төмендегідей нұсқаулармен ұсынуға болады:
1. Кеден режимдерін қолданудағы қазыргі жағдайы;
2. Кеден режимдерін теориялық негізіне талдау жасау;
3. Кеден режимдерін ұйымдастырудың бүкіл әлемдік тәжірибесін ғылыми негізде зерттеу;
4. Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдарының негізін ашу;
5. Кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерінің теориялық және іс-тәжірибелік мәселелерін қарау;
Диплом жұмысының әдістемелік негізі - кеден режимдерінің өзара байланысы және өзара ерекшелігі арқылы жалпы ғылыми диалектикалық - логикалық ұғымын негізгі қағидалармен тану болып табылады. Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін және ерекшеліктер ашу арқылы еліміздегі нарықты, Қазақстандағы өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін қорғау, монополизмге қарсы тұру мен бәсекелестікті кеңейту, сондай-ақ экспортты кеңейтуге мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар мынадай жеке - ғылыми әдістер қолданылады: Формалды – заңды, жүйелік салыстырмалы құқықтық, нақты - әлеуметтік, психологиялық, статистикалық және өзге де осы жұмыстың мәселесін шешуге қажетті әдістер жатады.
Жұмыстың теориялық негізі кеден ісі мәселесі жөніндегі қазақстандық, ресейлік және шетел оқымыстыларының еңбегінен жарық көреді: С.М.Сарсембаев, К.К.Тоқаев, Б.Т.Нұрахметов, В.Г.Драганов, Л.В. Гребенщикова, И.А.Кубасова, А.А.Артемьев, М.Ю. Берновский, Г.П. Брацун, Ю.Г. Кисловский, В.М. Крашенинников, В.Ю. Пресняков, О.В.Шишкина, А.Н. Яцушко, А.В.Лисов, Н.И. Трипонов және тағы басқалар.
Бұл диплом жұмысының басты мәселелерін жан–жақты ұғыну үшін бүкіл әлемдік ғұламалардың іс–тәжірибесін пайдаландық.
Қазақстан – сыртқы саясатты жүргізу барысында тәуелсіз, егеменді Қазақстан Республиканың бірлестігін дамыту ісінде дипломаттардың, министрлердің, экономикалық құрылымның, құқық қорғау органдарының, прокуратура және қауіпсіздік органдарының қызметтері халықаралық арнада экономиканың әр түрлі саласында, әсіресе кедендік және салалық істерінде бағалануда. Дегенмен мемлекеттік сыртқы кедендік қатынасы толық шешілді деп айта алмаймыз. Оған әл де болса Республиканың халықаралық қызметінің конституциялық - құқықтық негіздері жеткіліксіз. Осы мән – жайлардың себебін анықтап зерттеуге көңіл бөлінді.
Кеден режимін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де заң актілерінде, халықаралық-құқықтық актілерде көрініс алады, сондай-ақ кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен жетілдіру жолдары кеден ісі пәнінде іске асырылады.
Маңызды негізгі мәселелері мен жетістіктеріне тоқталады. Яғни тақырыптың аталуымен сәйкес зерттеледі.
Кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын шешу нәтижелерінен тұрады.
Ең алдымен заңдармен реттелудін ерекшелігін айқындау, мәселелердің себептері мен жағдайларын шешу, мақсатта сай зерттелуін талап етеді. Тереңінен талдауға жатады субьективті және объективті түрде зерделенеді. Кеден режимдерін жетілдірудің алғы шарттары белгіленеді.
І-тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік негіздері.


1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары

«Режим» сөзінің жалпы мағынасы, іс-әрекет, жұмыс атқару деген ұғымды білдіреді. Заң әдебиетінде құқықтық режим әлеуметтік режимнің кейбір обьектілерін, құқықтық нормалармен қамтылған заң құрылғыларымен анықталады. Кеден режимінің негізгі қызметі өзара қатынасқа түсетін рұқсат етілген, тиым салынған, реттеуге бағытталған міндеттемелерді реттеу тәртібі. Құқық субьектісінің әлеуметтік жағдайын және құқықтық реттеу ерекше тәртібін сәйкестендіре отырып, көзделген мақсатқа жетудегі тұлғаның нақты сатысын білдіреді.
Кеден режимі институтының кеден құқықтық реттеу миханизіміндегі орталық орны, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетің тауарлар мен көлік құралдарының таңдалған режиміне қарасты.
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы;
Таңдалған кедендік режим жекелеген тауар санаттарын тасымалдауға кеден ресімдеудің тәртібіне және кеден бақылауына, сонымен қатар кеден төлемінің мөлшеріне ықпал ете отырып жасалынатын іс әрекет шеңберін белгілейді.
Кеден режимі арқылы мыналар анықталады:
а) қолдану мақсатына байланысты Қазақстан Республикасы кеден шекарасына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау тәртібі;
б) кеден аумағында және одан тыс тауарларды орналастыру шарттары мен пайдалану тәртібі;
в) кеден режимін қолданушылардың (бенифициар) құқықтары мен міндеттері;
г) ерекше жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тұлғаға қойылатын қосымша талаптар.
Кеден режимін белгілеуде бірқатар белгілері бар:
* тауарлардың шығу тегі;
* тауарларды орналастыру бағыты;
* кеден төлемдері мен алымдарын төлеу және салықтық жеңілдіктерді ұсыну;
* кеден заңдарына сәйкес не кеден органдарының рұқсатымен тауарларды кеден режиміне орналастыру;
* тауарларды кеден режимінде орналастырудың мерзімі;
* кеден ресімдеуі аяқталғаннан кейінгі тауар мәртебесі;
* және басқа да белгілер.
Ішкі жағдайға байланысты кеден режимін тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметі елдегі кеден мәселелеріне байланысты шешім қабылдайды.
Кеден режимінің жүйесінде шартты түрде негізгі үш аспектілерін бөліп қарауға болады:
1) нормативтік - реттеу
2) ұйымдастырушылық
3) материалдық – техникалық
Кеден режимін құқықтық реттеудің маңызды қағидалары:
* кеден режимін таңдаудың міндеттілігі;
* кеден режимін таңдау еркіндігі мен қайта таңдау;
* кеден режиміне бағыну қағидасы.
Кеден заңдарына сәйкес тұлға кез келген кеден режимін таңдауға құқылы және таңдаудың шығу тегіне, мінездемесіне, мөлшерлемесіне қарамастан кез келген уақытта таңдалған режимінен бастартып, өзге кеден режиміне орналастыруға құқылы.
Кеден режимін таңдауда ЖКД-ғы 1-графаға кеден режимінің сандық кодын жазып, кеден органына тапсырады.
Декларациялау кеден ресімдеуінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі, ресімдеу барысында таурлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес белгілі бір кеден режиміне орналастыру анықталады. Сол себепті, тауар кеден ресімдеуі аяқталған мезеттен бастап, таңдалған кеден режиміне орналастырылған болып есептеледі. ( кеден декларациясына «шығаруға рұқсат етілген» штамп қойылып, кеден органы қызметкерінің жеке нөмірлік мөрі қойылуымен бірге)
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден режиміне орналастырылған мезеттен бастап, оларға пайдалану мен иелік ету құқығы таңдалған кеден режиміне сәйкес жүргізіледі.
Тауарлар мен көлік құралдарды белгілі бір кеден режиміне орналастырғаннан кейін пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің қайнар көздері:
1) халықаралық келісім шарттар ( Стамбул Конвенцясы, Карнет туралы Конвенциясы, АТА уақытша әкелу/әкету режимін қолдану туралы; МДП Конвенциясы Корнет TIR) транзиттік ресімдерді жүргізудің тәртібін бекітеді және басқа да Үкіметаралық екі жақты келісімдер.
2) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығымен бекітілген «Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің» ережесі.
3) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген "Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі"
4) Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 Қаулысы
5) Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Комитетімен басқа да атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері.
Кеден режимін қолданудың қаншалықты толық және дұрыс регламенттелгенімен де кеден органы мен кеден режимін қолданушы арасында құқық пен реттелмеген ерекше аспектілер орын табады. Мұндай жағдайларда кеден органы лауазымды тұлғасы дирекциялық уәкілеттік кезінде іс жүргізеді. ( өз қалауы бойынша ) бірақ, кеден режимін қолданушы кеден органының шешімін сотта не әкімшілік юстиция каналдары бойынша қайта қарауға құқылы. Кеден режимінің қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Кеден Бақылау Комитетінің бұйрығы мен арнайы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?