Экономика | Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары

 Экономика | Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары

Мазмұны
КІРІСПЕ ..........................................................................................................3-5
I БӨЛІМ Несиелеуді ұйымдастыру
1.1 Несиенің мәні мен сипаты.......................................................................6-13
1.2 Нарықтық экономикадағы несиенің рөлі.............................................13-15
1.3 Несиенің заңдылық аспектілері............................................................15-17
II БӨЛІМ Несиенің банк балансындағы көрінісі
2.1 Несиені ұсыну операцияларының есебі...............................................18-22
2.2 Кепілхат, кепілдеме...............................................................................22-27
2.3 сақтандыру полюсі.................................................................................27-29
III БӨЛІМ Несиенің қайтымдылығын қамтудағы мәселелер................30-35
Қорытынды...................................................................................................36-37
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................38
Қосымшалар.................................................................................................39-42

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары"
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасын іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнының қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының түбін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Қазіргі кезде шаруашылықта несие ақша түрінде берілуде. Несие ақшалай қаражаттардың екі жақты қозғалысын , яғни қаражаттың уақытша және уақыт өткен соң қайтарылуын білдірсе, ал қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын білдіреді. Несни мен ссуданың арасында айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формалардың болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана фомасын білдіреді.
Экономикалық катигория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасында несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартына белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Ұдайы өндірістік фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар ақша қатынастарының, құнның тауарлық жәе ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Қаржы-несиелік механизмінің үздіксіз қызмет етуінен және тиімділігінен жекелеген шаруашылық бірліктерінің уақытында ақша алуы ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқыны тәуелді болады. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысандардың, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады.
Банк басшысы "Неселік қоржын " ішінде ақша қаражатын бөлу мәселелерін шешуі қажет, бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс қарастырылады. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру деңгейін ұстап тұру қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне тәуелді.
"Қаражаттардың жалпы қоры" әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жиынтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің барлық ресурстарды біріктіру идеясы алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлестерін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде "басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалары" бабына кіретін активткр қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің корреспондентік шотындағы ақша және де инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді.
Қаражаттарды орналастырудағы екінші мәселе , белгілі бір табыс алып келетін "кассалық емес" өтімді активтерді құру мәселесі. Бұл резервтерге жоғары өтімді табысты активтер жатады, олар өз кезегінде жоғалту тәуеклі төмен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: банк мекемесінде берілген несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету. Банк клиенттерге несие беру барысында тәуекелділіктерді жою мақсатында банк мекемесі клиенттерден кепілдік қабылдайды, яғни қамту нысандары. Банк несені ұсыну барысында алдын ала қойған міндеттемелердің бірі ретінде қарызшының төлем қабілеттілігін анықтау болып саналады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: несие экономикалық катигория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық катигория ретінде бөлмейді. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасайды және өз мазмұнын өзгертеді.
Курстық жұмыстың әдістемелігі: жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім несиелеуді ұйымдастыру, бұл бөлім өз кезегінде үш тарауды қамтиды. Екінші бөлім несиенің банк балансындағы көрінісі, бұл бөлімде үш тарауға бөлінді. Үшінші бөлімде несиенің қайтымдылығын қамтудағы мәселелер қарастырылды.
I БӨЛІМ Несиелеуді ұйымдастыру
1.1 Несиенің мәні мен сипаты
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі операция түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85% ұсынылған қарыздары үшін төлем түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады, коммерциялық банктердің шығындар құрылымының 80%-ға жуығын салымдар мен депозиттер, сол сияқты банкаралық несиелері бойынша несиелік пайыз төлеу шығындары кқрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
1. Кредиторлар бойынша:
- Орталықтандырылған , бюджеттік, банктік , банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- Қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі),
бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
- Экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл
шаруашылығына , өнеркәсіпке , саудаға және т.б.
- Жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);
3. Банктік несиені қолдану мерзіміне байланысты мынандай
түрлерін ажыратуға болады:
- Қысқа мерзімді;
- Ұзақ мерзімді.
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болуы бойынша;
- Қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- Сақтандырылған;
- Қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдаржәне басқа да мүліктер, ломбардтық кепілді-несиелік операцияларды, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыру; еңбекакы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несие – мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі кездде осы уақытқа дейін қолданылып келген кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өз қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұғымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құқылы.
Жүргізіліп отырған несиелеудің сызбасын либерализациялау, сөзсіз клиенттің мүмкіндіктерін кеңітеді, оның ішінде несие алу кезінде, банкаралық бәсекелестікті дамытуға жағдай туғызады. Несиелеу жүйесі банк ресурстарына кәсіпорын ретінде сүйенеді. Бұл қалыпты жағдай сияқты көрінгенімен, бұрын қолданыста болған сызба бойынша несиелік мекемелер оған жоғарыдан берілген несиелік ресурстар есебінен жұмыс істейтіндігі туралы елес тудыратындығымен ерекшеленеді. Іс жүзінде төмендегі банктер қабылданған барлық ресурстар орталықиандырылған түрде КСРО Мемлекеттік банкінің басқармасына беріліп, ол жерден несиелеудің шектеулері түрінде төмендегілерге жіберілетін. Осы шектің көлемінде белгілі бір аймақтардың клиенттерін несиелеу жүргізілетін.
Банк бөлімшелері олардың активтері Мемлекеттік банктің пассивтерінен тәуелді болмағандықтан, қаржыларды жинауға мүдделі болмайды. Несиелеудің қазіргі заманғы жүйесі басқа негізде құрылған: берілетін несиелердің көлемі толығымен тартылатын қаржыларға тәуелді. Бұл берілетін несиелердің көлеміне, яғни несиелік мекемелерде қалатын пайда мөлшеріне әсер етеді.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытаға маңызды рөл атқарады.
Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа бөлінеді: активті- банк қарыз бере отырып кредитор ретінде қатысса; пассивті- төлемділік, мерзімділік және қайтымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде қатысады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: қарыз және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар: біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операцияларынан; екіншіден, басқа банктерде орналастырылған депозиттерден тұрады. Пассивті несиелік операциялар үшінші тұлғаның және тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған сипаттамалардан несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса- нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру Ұлттық банктің ұсынысын ескере отырып жасалған әрбір банк несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Неиелік шоттың режимі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.
Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!