Экономика | Банктердегі тұтыну несиелері және олардың қазіргі кездегі жағдайы

 Экономика | Банктердегі тұтыну несиелері және олардың қазіргі кездегі жағдайы

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Коммерциялық банктерде тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру
кезеңдері мен ерекшеліктері
1.1. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру мазмұны.................................5
1.2. Тұтыну несиесінің классификацисы және оның түрлері............................6
2. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру процесі
2.1. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, несиені
беру және алған несиені қайтару есебі.......................................................9
2.2. Тұтынушының несиелік қабілетін талдау.................................................16
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................28

К І Р І С П Е
Экономика – көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі – банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну.
Тұтынушылардың табысы – ұсыныстың бәсекелестігінің өсуімен анықталады. Сонымен қатар, банктер түрлі жолдармен потенциалды клиенттерді тарту мақсатымен, яғни несие бағдарламалардың түрлерін алмастырып, бірінші салым сомасын төмендету, несие мерзімін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету. Банктер жеке тәуекелдеріне қарамай, өтінішті қарастыру процедурасы мен клиенттерге жеңілдіктер жасауда. Осыған орай, соңғы жылдарда банктің өнімдерін басқару қаржылық нарықта жетекші орын алады.
Курстық жұмысты алуымның себебі: бүгінгі таңда бұл курс жұмысының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Оның өзектілігі, ең біріншіден, мемлекет экономикасының қарқынды дамуы. Ол өз орнымен банк саласының ролі болып табылады. Қаржылық басқарудың икемділік жүйесі мен ақша-несиелік қатынастар, сонымен қатар банк мекемелерінің тұрақты құрылымының болуы, даму факторлардың көп болмауын түсіндіреді. тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Ал тұтынушылар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін несиелер.Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, неиселік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.
Бұл курстық жұмыста келесідей мәселелерді қарастырдым:
• Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастырудың кезеңдері мен ерекшеліктерін
• жеке тұлғаларға несие беру және олардың өтелу тәртібін ашып көрсету;
• тұтынушының несиелік қабілетін талдауын толығымен ашып көрсету;
• Несие алушының банкке беретін құжаттамалары.
1. Коммерциялық банктерде тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері
1.1. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру мазмұны
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы».
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады:
- несиелеу объектілері;
- несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
- қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;
- қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
- қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);
- несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
- несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
1.2. Тұтыну несиесінің классификациясы және оның түрлері
Тұтыну несиесі – халыққа тұрғын үй, көлік құралдырын сатып алу, жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т.б. үшін берілетін несие.
Біздің елімізде халыққа ұсынатын ссуданы тұтыну ссудасы деп атайды. Ұсынылатын ссуданың яғни несиелеу объектісінің мақсатына қарай тұтынудың сипаты анықталады. Тұтыну ссудасына кез келген халыққа ұсынылатын ссуда түрлері, соның ішінде ұзақ мерзімге қолданылатын тұтыну тауарлары ипотекалық ссуда, өте қажетті жағдайларда алынатын ссудаларды жатқызуға болады.
Тұтыну несиесі несиелік мәміленің субъектісіне, мақсатты бағыттылығына, қамтамасыз етілу түрлеріне, ұсынылу әдісіне, өтелу мерзімінің тәсіліне және мерзіміне қарай классификацияланады.
1. Несиелік мәміленің субъектісіне қарай (кредитордың түріне қарай)
1.1. банктік несиелік ссуда
1.2. сауда ұйымдарымен жеке тұлғаларға ұсынылатын ссудалар
1.3. банктік емес несиелік мекемелердің тұтыну несиелері олар: ломбарттар, прокатқа беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрлыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.
1.4. жеке тұлғалармен жеке тұтыну ссудасы
1.5. жұмыс істейтін кәсіпорын немесе ұйыммен берілетін тұтыну ссудасы
2. Несиені алушылардың түріне қарай
2.1.халықтың барлық құралына берілуіне қарай
2.2.әр түрлі әлеуметтік топтарға берілуіне қарай
2.3.төлеу қабілеттілігі және табыс деңгейіне қарай
2.4.студенттерге және т.б.
3. Мақсатты бағыттылығына қарай ссудалар білімге несие, бағалы қағаздар кепілге қою арқылы несие, ипотекалық несие және мақсатсыз ссудалар: овердрафт, өте қажетті игіліктерге берілетін ссудалар.
4. Қамтамасыз етілуіне қарай
4.1.қамтамасыз етілген
4.2.қамтамасыз етілмеген
Қамтамасыз етілуге кепіл, кепілдік кепіл болушылық, сақтандыру полисі жатқызылады. Тұтыну несиесіне көбінесе банктер кепіл және кепіл болушылықты артық көреді. Кепілге: әр түрлі активтердің түрлері, соның ішінде тауарлы материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлік жатады. Бұл несиенің төлем қабілеттілігін бағалай отырып ссуданы уақытында өтей алмаушылыққа деген тәуекелді төмендетеді.
5. Ссуданың ұсынылуына қарай
5.1.біртекті
5.2.қайта қалпына келтіруге болатын
Қайта қалпына келтіруге болатын несиелерге несиелік карта бойынша берілетін несие немесе овердрафт формасында активті-пассивті шоттар бойынша берілетін несиелер жатады.
6. Тұтыну ссудасын мерзімдік несиелеуіне қарай
6. 1.қысқа уақыт мерзімді 1жылға дейін
6.2.орта уақыт мерзімді 3 - 5 жыл аралығында
6.3.ұзақ уақыт мерзімді 3 - 5 жыл жоғары
7. Ссуданың өтелу әдісіне қарай
7.1.бөліп төлеуге берілетін несиелер
7.2.бөліп төлеуге берілмейтін несиелер
Қазақстанда қазіргі кезде тұтыну несиесі сауда ұйымдары арқылы несиелеу өте қарқынды дамуда. Тұтынушылар электро тауардарды, жиһаздарды, құрлыс заттарын, әр түрлі қызмат көрсетулерді және т.б. керекті заттар мен игіліктерді бөліп төлеуге алады.
ҚР Банктік қызметі туралы Заңына сәйекес, тұтынушылық несие- қарыз операциялардың бір түрі, мерзімділік, қайтарылымдылық қағидасын жүзеге асырылатын несие, кеңес директорлары мен акционерлік қоғам бекітеді.
2. Тұтынушыларды несиелеуді ұйымдастыру процесі
2.1. Тұтынушыларға несие беру жөнінде шешім қабылдау, нсиені беру және алған несиені қайтару есебі
Кез келген банктерде сияқты, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі коммерциялық банктерінде клиентке қарызды беру несиенің мақсаты бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге асырылады. Өнімді өткізуден түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар қарыз алушының есеп – айырысу шотына келіп түседі. Несие несиелік келісім – шартта көрсетілгендей тұтынушының тауарлы – материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша есепті – қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге, аккредитивтерді ашу және қарыз алушының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін есеп – айырысу шотында қаражаттар таусылған жағдайда беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп – айырысу шотында қаражаттар болса да, банк басшысының рұқсатымен несие тауарлы – материалды құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені ұсыну процесі несиелік келісім – шартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын және басқа мерзімде жүргізілуі мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы контракт пен келісім – шарт үшін шоттар бойынша төлем жүргізуге беріледі.
Толық қамтамасыздандырылмаған несиелерді толық алмау мақсатында ай сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші (ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған қаражат есеп – айырысу шотына түседі.
Несиелік келісім – шартта көрсетілген несиені беру және өтеу ережелері мен шарттарына сәйкес, банктің несиелік бөлімшесі несие беру туралы өкім дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект атынан бірінші рет келіп....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі