Политология | Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

 Политология | Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары...............................................................................................................6
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары.......................................21

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриалы-инновациялық саясаты.........................................................................................27
2.2 Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі.................................................................................................................35
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық негіздері.................................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................48
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................51

Қазақстан ХХI ғасырдың баспалдағында нарықтық экономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүниежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика саласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті.Қазақстан экономикалық – әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белгілі.
Диплом жұмысымның тақырыбының өзектілігі. Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымыз да баршылық. Біздің борышымыз Қазақстанның өркенниетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырыру, өндірістік тиімділік бүгүнгі күннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп, одан ары дамытуға өз үлесімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.
Менің дипломдық бітіру еңбегімнің тақырыбы: «Экономикалық өсу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» - жайында, негізгі мақсат экономикалық өсудің теориялық бағыттарына көңіл бөле отырып, қазіргі нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы одан ары жетілдіруімізді қажет етеді. Ээкономикалық өсудің мәнін, ұғымын, нысандарын талдап және оның факторларын экономикалық тиімді жүргізу туралы анықтауы болып табылады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде Қазақстанның экономикасы үшін келесі маңызды мәселелерді қарастырған дұрыс. Алдымен әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің альтернативті нұсқаларына көңіл бөліп, біздің ұлттық экономикамыздың ерекшелік қасиеттеріне баса назар аудара отырып, тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ету керек.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Өткен шақпен салыстырғанда өндіру көлемін екі – үш есе ұлғайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан тұрақты, тиімді, әрі сенімді әріптес екеніне барша әлемге аян, ақиқат.
Алдымыздағы міндетіміз экономикалық дамуды жеделдетуіміз үшін экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялдық-инновациялық статегияны іске асыру. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін:
- еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайту;
- өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамыту;
- шикізаттық емес секторларды ілгерілетуге баса ден қою;
- жаңа технологияларды дамыту қажет.
Диплом жұмысымның бірінші тарауында экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі жаңа теорияларына сараптама жасалды. Экономикалық өсу ұғымын анықтап, мәнін ашуға және оған әсер еруші факторларына тоқталдым. Экономикалық өсудің кейінсшілер теориясында, соғыстан кейінгі жылдарында әлемге танымал ілімнің жетістіктеріне баса назар аудардым.
Екінші тарауда, Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы – инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік – технологиялық экономикаға өту үшінт жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы – инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл – ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.Эконимакылық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану.Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғушысы болып табылады, мысалы, АҚШ-та нақты ұлттық табыстың өсімінің үштен бір бөлігін анықтайды.
Республикамыздың 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Страгиясының басты мақсаты тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік – технологиялық экономикаға көшіру мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялауға негізделген.
Қазігі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық даму жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді.
Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар қарқынмен дамып, жүелі іске аса бастады.
«Экономикалық өсу теориялары» шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ:
1) Харрод Экономикалық -Домардың моделі;
2) өсудің неоклассикалық бағыты;
3) Экономикалық өсудің некейнстік бағыты;
4) Өсудің қазіргі заманғы жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын...
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу теорияларының негізін ағылшын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды.
Мен өз дипломдық жұмысымда Рикардо, Маркс, Энгельс, Тодаро, Фишер және т. с. с. шетелдік ғалымдардың «Экономикалық өсу теориясы» шеңберінде бірқатар теориялары мен көзқарастарын, сонымен қатар көптеген Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін қарастырып өттім. Атап айтсақ: Ә. Я. Әубакиров, Н. К. Мамыров, У. К. Шеденов, Оразалі Сәбен, Б. Ахметов, О. Беймұратов, С. А. Тұрғынбаева, С. С. Сатубалдин, С. С. Оспанов, Д. К. Кабдиев және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің жолдаулары мен стратегиялары.
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР

1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары


Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпыруында роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теорияның таралуының объективті негізі – социолизімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Экономикалық қарқынның проблемасы империализмнің колониалды жүесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.
Экономикалық өсу тақырыбы аясында мәселелердің өзектілігі - өсу теориясының тарлуының негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қаталы дамыған елдерге экономикалық даму қарқынының баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік копитализмнің күшеюі – мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемаларынт алға тартты.
«Экономикалық өсу теориялары» шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ:
1) Харрод-Домардың моделі;
2) Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
3) Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
4) Өсудің қазіргі заманғы жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын...
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу теорияларының негізін ағылшын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. «Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. «Экономикалық цикл» кітабінда ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді, яғни оның себебі мультиплекатор мен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы арақатынас Харродты экономикалық өсу аясын зерттеуге әкелді, бұл туралы ол ең алғаш 1939 ж «Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жариялады, ал кейініректе бұл туралы 1948-жылы «Экономикалық динамика теория» кітабында мәлімдеді.
Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде пайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайындағы экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстакцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептеледі. ҒТП бұзыла бастады, сөйтіп одан абстакциялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамуының әркелкілілігі күшейе түсті. Германия, Франция, Жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды. Бұл жағдай мұқият түсіндіруді талап етті, ал Кейнс теориясы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.
Экономикалық өсу теориялары әр түрлі коньюктуралық жағдайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстік экономикалық саясаттың басты мақсаты – толық жұмысбастылыққа жету болуы тиіс дейді. Олардың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге брлады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының объективті негізі – социолизмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Американ экономисті Э.Домар «Халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.
Экономикалық даму темпі проблемасы империализмнің колониалды жүйесінің құлауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерге өндірістің өсу темпімен байланысты.
Өсу теориясының таралуының негізінде терең және ішкі себуптер жатыр.Алдыңғы қатарлы капиталистік елдерде экономикалық даму темпінің баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік какапитализмнің күшеюі – мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі проблемасын алға тартты.
Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концепциялардың Дж.М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресурстардың толық емес жұмысбастылығы орын алды, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.
Неокейнстіктердің негізгі проблемасы - өткізу проблеиасы болып табылады, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының функциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.
Экономикалық өсудің неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты фактпры ретінде инвестицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды. Басқа фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) айтады. Буржуазиялық экономистер бұл коэффиценттің индустрияландыру кезінде артқанын «кемелденген экономика» кезінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффицент үнемі тұрақты дейді.
Кейнстіктер инвестицияларды екіге бөледі:
1) туынды – тұтынудың өсуінен пайда болған;
2) тәуелсіз – техникалық прогреске, мемлекет саясатына, халық саныныңөсуіне негізделген.
Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автономды) инвестициялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалпы капиталистік ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік теорияда қолдану проблемасы жинақпен байланысты қарастырылады. Егер инвестициялар жинақтарға тең болса, онда экономика қиыншылықтарды сезінбейді. Жинақтардың инвестициялардан артып кетуі кәсіпорындардың жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвестициялардың сұраныстың жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинақтау мен қорлану арасындағы пропорция ұлттық табысты пайдлануды талдауда үлкен қызығушылық тудырады, бірақ неокейнстіктер осы 2 – дәрежелі байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге тырысады. Өздерінің теориялық талдаулары арқылы олар өсу темпіне айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы, Э. Хансен АҚШ-тағы өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жеке капитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды күштерінің әсері әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл жүйесі инвестициялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен, нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығы коэффицентінің төмендеуімен материалдық өндіріс сферасына қарағанда капитал сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан көреді.
Мультипликатор мен акселератор үйлеуі негізінде цикілдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе – сұраныс мәселесі.
Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретінде «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы моделдер деп аталады.
Модельдеудегі жаңа момент – экономикалық өсудегі көп секторлы модельдер жасау (ағылшын эконмисті Р. Стоун ) болды, мұнда өсу моделдері баланстық кестелермен, « шығын-өнім шығару» моделімен үйлестірілді.
« Шығын-өнім шығару» моделі экономика салалары арасында байланысты көрсетуге талпынады, ол шахматтық баланстық кесте түрінде құралады, онда әрбір сала екі реттен қатысады: өндіруші және сатып алушы ретінде.
Горизонтальды сызық бойымен әрбір салада өндірілген өнімдер мен қызметтердің бөлінуі, ал вертикалды сызық бойымае сол саланың шығындары көрсетіледі.
Экономикалық өсудің көпсекторлы моделін жасау экономикада құрылымдық жылжуларды бейнелеуге, экономикалық бағдарламалау үшін және салалық құрылымының өзгеруі үшін негіз болуға бағытталады. Бұл модельді қарастыру буржуазиялық экономистердің нақтылыққа ұмтылуын көрсетеді, алда олар танымал оң нәтижелерге жетеді. Стоционарлы қоғам моделінен бастаған олар өсу моделіне өтті. Техникалық прогреске, ұлттық табысты бөлуге, капитал-өнім қатынасының өзгеруіне абстракциялана отырып, осы бағыттың экономистері нәтижесінде осы факторларды модельде қамтыды. 1 – бір тауар, бір өндіріс факторы қарастырылады. Келешекте сызықты бағдарламалау негізінде басқа да факторлар қарастырылды. Экономиканың әр түрлі секторындағы капитал салымдарының салыстырмалы тиімділігі проблемасын талдауда, математикалық аппаратты жетілдіруде экономистер көптеген жетістіктерге жетеді.
Алайда, модельдің мәнділігі осы модельдің негізінде жатқан ғылыми емес экономикалық теорияның, әсерінен төмендеді. Оларға «шекті пайдалылық» теориясы, «өндіріс факторлары» теориясы, «капитализм дамуындағы дағдарыссыздығы» теориясы объективті экономикалық процестердің мазмұнын бейнелемейді. Ұлттық табысты құруда тек еңбек қана емес, сонымен қатар капитал мен табиғи ресурстар да қатысатыны туралы тұжырымдаған «өндіріс факторларының» теоретиктері сондай-ақ ұлттық табыстың өсу факторларының нақты ролін дәлелдейді. Қоғамды барлық табыстардың соммасы ретінде ұлттық табыстың мөлшері мен көздерінің құруына әкеледі. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?