Менеджмент | Басқару қызметтерін ұйымдастыру

 Менеджмент | Басқару қызметтерін ұйымдастыру

Мазмұны


Кіріспе....................................................................................................................

1.Тарау. Басқару процесінің мазмұны
1.1. Басқару процестерінің ұғымы және негізгі сипаттамалары.......................
1.2.Басқару процестерінің типтері......................................................................
1.3. Сыртқы және ішкі ортаны бағалау және талдау.......................................

2.Тарау. Басқару қызметтерін ұйымдастыру.
2.1. Жоспарлау қызметін жетілдіру....................................................................
2.2. Ұйымдастырудың негіздері......................................................................
2.3. Ынталандыру процестерін тиімді басқару..............................................
2.4. Бақылау қызметін қадағалау.....................................................................

3.Тарау. Шешім қабылдау - басқарудың басты функциясы
3.1. Басқару шешімінің мәні, қасиеті және ролі...............................................
3.2. Шешімдерді шығару және қабылдау..........................................................

Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................

Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б
Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескеретін менеджмент әдісі бізде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз.
Қазақстан баспаларынан шыққан менеджмент жағдайындағы әдебиеттер туралы атап өтпеу орынсыз болар еді. Олар –Ахметов К.Ғ., Ә.Ә. Әбдірешев, Бердалиев К.Б., Жұмаев Ж.Ж., Кәренов Р,С., Мамыров Н.К., Өмірзақов С.Ы., Ювица Н.В. және т.б. Бұл ғалымдардардың әрқайсысы қазіргі менеджменттің жекелеген аспектілерін зерттеді.
Диплом жұмысының бірінші бөлімде менеджмент, оның мән - мазмұны туралы негізгі түсініктер, менеджмент жүйесінің қағидалары, сондай-ақ бұл ғылымның қалыптасу процестері мен менеджментке дамыған елдердегі қазіргі көзқарастар, онда менеджменттің мақсаты, оны жоспарлаудың, ұйымдастырудың, бақылаудың негізгі қызметтері қарастырылады. сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы, оны қабылдау және жүзеге асыру тәсілдері қарастырылған.
Екінші бөлім Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдас-тыру,тауарларды өндіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру,кәсіпорынның қызметкерлерін басқару және кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру. Қызметкерлерді басқару бөлімде еңбек әрекетіне байланысты мотивация, топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету сипаты, өзара қарым-қатынас пен дау –жанжал проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелер қамтылған. Бұл бөлімде менеджменті ақпарат және техника құралдарымен қамтамасыз ету шарттары да қарастырылған.
Диплом жұмысы барысында келтірілген текстер, кестелер, графиктер ұйым өміріндегі әр түрлі құбылыстарды, шешім қабылдау логикасын, еңбек мотивациясын, топты және жеке адамдарды басқаруды яғни оларға басшылық жүргізуді және т.б. дұрыс түсінуге, ұғынуға мүмкіндік береді деп ойлаймын..
Диплом жұмысының маңыздылығы әлемдік және отандық ғылымның қазіргі және бұрынғы жетістіктері, қазіргі заманғы ғалымдардың басқару саласындағы теориялық еңбектері, басқару саласындағы Қазақстандық кәсіпорындардың отандық жұмыс тәжірибелерін ескерген, соның ішінде Ресей мен Қазақстан ғалымдарының еңбектері негізге алынған.
Мен, басқаруды қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.
Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Басқару теориясын алғашқы жасаушылардің бірі Ф.Тейлордың пірінше, басқару-ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі. [9,6-бет]
Басқару процесінің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртышылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, басқару дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

1Тарау. Басқару процесiнiң мазмұны

1.1. Басқару процесiнiң ұғымы және негiзгi сипаттамалар.

Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Бұл қызметтiң мәні –мазмұнын айқындау үшiн оның анықтамасын берейiк. Басқару –бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты жүйелi ықпал ету.
Осы анықтамадан бiрқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билiк ету қажеттiгiн көрсетедi.
«Мақсаттылық» анықтамасы басқару мiндетiн-ұжымның алдына қойған мақсатына жетуiн қамтамасыз етудi көздейдi. Оның үстiне мақсат қою да басқару мiндетi.
«Жүйелiк» анықтамасы дүркiн-дүркiн емес жүйелi, үздіксiз жүзеге асыру қажеттiгiн көрсетедi.
Әрекеттiң осындай мiндетті бiрiздiлiгiн басқару процеci деп атайды. Әр түрлi деңгейде басқару процестерінiң күрделiлiгiне және алуан түрлiлiгiне қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға басқару процесiне біршама жалпылама анықтама бередi. Басқару процесi- бұл шешiмдi шығаруды, қабылдауды қабылдаған шешiмнiң орындалуы жөнiндегi жұмыс барысын үйлеструдi, қабылдаған шешімнiң орындалу барысын бақылауды бірiздiлiкпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетiнiң мазмұнын да aшады.[9,7-бет]
Басқару процестерiн басқарудың көптеген жүйелерi мен салаларында жүзеге асырады. Кәсiпорындармен мекемелерде, кәсiпорындарды тасымалдау орындарында, т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн басқaру қызметi бірiншi кезектегi мiндетi болып саналады. Басқару процесi мемлекеттiк деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бiрдей жүргiзiледi. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бiр мақсатты көздейдi, әрине мұндай жағдайда көбiнесе «Стратегиялык басқару», ”жедел басқару” секiлдi терминдердi пайдаланады. Бiрақ мұнда басқару мазмұны өзгермейдi.
Басқару циклi процесс ретiнде қарастырылады, ол «басқару қызмет
деп аталатын басқару жұмысының нақты түрiнен тұрады. Басқару қызметi- басқару жұмысынын нақты түрi, оны жүзеге асыру үшiн арнайы амалдар мен әдiстер, сондай-ақ тиiстi ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.
Функция - көп мәндi термин. Философияда бұл екi объектiнiң карым- қатынасы, онда біреуінiң өзгеруi екiншiсiнің өзгеруiне түрткi болады, социологияда- белгiлi бiр әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары денгейдегі қоғамдық жүйенiң қажетiн орындайды.
Функция- бұл сонымен қоса әрекет, мiндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару кызметiнiң категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесiндегi басқа қызметтерiнде - өндiрiстiк, әлеуметтiк т.б. өзгешелiгiн көрсету үшiн пайдаланылады . .[9,9-бет]
Басқару кызметiнiн өзiндiк өзгешелігi, ерекше мазмұны болады әрi дербес жүзеге асырылуы мумкiн. Оларды кез-келген басқару саласындағы адамдар қызметiне тендестiруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшiн шешiмдi әзiрлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындау барысын үйлестiру, орындалу нәтижесiн бақылау және де осы деректердiң негiзiнде келесi шешімдi шығару және қабылдау қажет.
Басқарудын барлық қызметi бiр-бiрiне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бiр-бірiмен сiңiсіп кетедi. Жоғарыда атап көрсетiлгендей баскару қызметiне деген көз қарас және олардын жiктелуі алуан түрлі. «Менеджмент негiздері» кiтабының авторлары(М.Х.Мескон,М. Альбет,Ф.Хедоури)баскару қызметiнiң елеулi түрлерiн шағын категорияларға бөледi. Мұның өзiн қазiргi барлық ұйымдарга қолдануға болады(11). Авторлардың пiкiрiнше басқару процесi олардың өзара байланысты қызметтерiнен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мативация және бақылаудан тұрады.
Басқару процесінің мазмұны
1-кесте

Басқару функциясы (қызметі)
2- кесте


Алдыңғы тараудан бiзге басқару процесiнiн төрт қызметi белгiлi: Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешiм қабылдау процестерiмен байланысып бiріккен. Олардың негiзгi мазмұнын қарастырайық.
Жоспарлау барлық басқару қызметiнiн iшiндегi ең елеулiсi болып саналады.
Жоспарлау кәсiпорын мен бөлiмшенiң мақсатын тандап алудан турады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Жоспарлау қызметi мынадай үш сұраққа жауап бередi:
А) Бiз қазiр қандай жағдайда тұрмыз? Басшылар ұйымының каржы, маркетинг, өндiріс, ғылыми зерттеу және iздестіру, еңбек ресурстары секiлдi маңызды салалардың күшті және әлсiз жақтарын бағалай бiлуі тиiс. Мұның барлығы ұйымның қандай мүмкiндiктерi барын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Б) Бiз кайда бет алуымыз керек? Басеке, клиенттер, заңдар, саяси факторлар, экономикалық жағдайлар, технология, жабдықтау, әлеуметтiк және мәдени өзгерiстер секiлдi сырткы ұйымдардың мүмкіндіктер мен қауiп-қатерiн сезiне отырып басшы ұйымдастырудың мақсаты қандай болуы керектiгiн және осы мақсатқа жетуде ұйымга не бөгет жасайтындығын анықтайды.
В) Бiз муны калай iстеуiмiз керек?
Басшылар жалпылама жане нақты жағдайда ұйым мақсатын орындау тиiс.
Ұйымдағы жоспарлау екi себептiң әсерiнен туындайтын жеке бiр жолғы құбылыс емес. Бiрiншіден, кейбiр ұйымдар мақсатқа жеткеннен кейiн өмiр сүруiн токтатады, өйткенi олар бастапкы сол көздеген мақсаты үшiн құрылады. Алайда, көпшiлк ұйымдар өмiр сүруiн мүмкiндiгiнше ұзарта түседi. Сондықтан олар алғашқы мақсатын толық орындаған жағдайда өз мақсаттарын жаңадан айқындайды немесе өзгертедi.
Екiншi себеп, мұнда жоспарлау үздiксiз жүзеге асырылуы тиiс- бул болашақтағы тұрақты белгiсiздiк. Қоршаған ортадағы өзгерiстiң немесе тұжырымдаудағы кателiктiн әсерінен, жоспарды жасаған кезде оқиға басшы ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан жоспардың ақиқаттығына көз жеткізу үшiн оны келсе отырып қайтадан карап, пысықтап шығады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру-демек нендей бiр құрылым құру. Ұйым өзiнiң жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жетуi үшiн конструкцияға қажеттi көптеген элементтерi болады.
Ұйымда жұмысты адамдар iстейтiн болғандықтан ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бiр- ұйым iшіндегi толып жатқан мiндеттерді, соның iшнде басқару жұмысын кiмдердiң орындау керектігiн анықтап алу.
Басшы адамды нақты жумыстарға бөледi жекелеген адамдарга тапсырмалар мен билiктер немесе ұйым ресурстарын пайдалану правасы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!