Тарих | Абу Бакирдің жаулап алу саясаты

 Тарих | Абу Бакирдің  жаулап  алу  саясаты

Мазмұны

Кіріспе -------------------------------------------------------------------------------------- 3
ІІ –тарау.
1.1. Абу Бакирдің жаулап алу саясаты -------------------------------------------- 7
1.2. Омардың тұсындағы шайқастар ------------------------------------------------ 9
1.3. Османның тұсындағы ішкі қайшылықтар -------------------------------- 14

Қорытынды ----------------------------------------------------------------------------- 21
Сілтемелер тізімі ---------------------------------------------------------------------- 22
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------- 23

1.1. Абу Бакирдің жаулап алу саясаты.
Хз. Абу Бакирдің тұсындағы жаулау саясаты Византия мен Парсы Хз. Абу Бакирдің тұсында дүниежүзінің екі үлкен I мемлекеттері болып табылатын. Алайда, аталмыш бұл екі мемлекет Хз. Пайғамбардың (с. ғ, с.) бір-бірімен соғыса-соғыса әлсіреген еді. Ирандықтар Йеменге кіріп, ол жердегі хабештіктердің үстемдігін жойып, оларды Шаб теңізіне ығыстырған болатын. Хабештіктердің одақтасы болып табылған Византия оқиғаға араласса да Иран шахы Ануширван оларды жеңіп, Евфрат өзенінен өтіп, Антакия жерлеріне дейін жеткен еді.
Ануширванның орнына Иран тағына Хурмуз, ал Византия тағына Юстинианның орнына Тиберий отырған болатын. Хурмуз Иранды ысырап пен қасиетсіздік деңгейіне итермелеген болса, Парвиз де қасиетсіз бір тұлға еді. Византия мен Иранның арасындағы суық қарым-қатынас қалыптасқан-тын. Ыстанбұл қаласының қорғандарының ішіне қамалған Византия императоры Гераклий жыл сайын Иранға көп мөлшерде салық төлеп отырды.
Кейінірек, Гераклий шіркеудің қолдауымен әрекет жасауға кірісті. Иранның орталығына дейін барды. Мұның барысында Хұсрау жаулап алу саясатынан бас тартып, мемлекетін қорғау саясатымен әлек болып жатқан тұста Гераклий Сирияда орналасқан еді. Мұсылмандардың бар екендігінен және олардың Бадр шайқасында жеңіске қол жеткізгендігінен хабардар еді.
Жалпы алғанда осындай жағдайда болған Иран мен Византияға қарсы бағытталған жаулау саясатының кейбір жорықтары Хз. Абу Бакирдің тұсында жүзеге асқан болатын. (1)
а) Ирак шайқастары: Діннен безу қозғалыстарын үлкен жігерлілікпен басып тастаған халиф Хз. Абу Бакир бар күшін жинап, Хз. Пайғамбардың (с, ғ. с.) тұсында басталған жаулау саясатына кіріскен еді, Исламның әйгіленіп, тарауы үшін қоңсы араб жерлерін жаулау кезеңі келген болатын. Оның үстіне, Альа ибн аль-Хадрами Бахрейн шайқасында болса, оған бағынышты Мусенна ибн Харисе аш-Шейбани болса Иракта ғазауат жолында еді. Хз. Абу Бакир хиджраның 12 жылының соңына таман Халид ибн Велид, Амр ибн Ас, Йезид ибн Абу Суфьян, Абу Убейда ибн Джеррах пен Шурахбиль ибн Хасене сияқты ұлы сахабаларды Ирак пен Сирияға жіберілген әскерлердің басшылары ретінде тағайындаған болатын.
Халиф хиджраның 12/ б. з, 634 жылы Хз. Халидті Иракты жаулап алу саясатына жауапты қызметкер ретінде тағайындап, Мусеннаның әскерлерінің оған қосылуы туралы бұйрық берді. Осылайша, бар-жоғы 18.000 адамдық әскермен Ирак ауылдары Банқия мен Берсумені жаулап алды. Кейін 10.000 алтыннан тұратын конрибуция төлеу шартымен келісім шарт бекітті. Бұл келісім шарт Иран билеушілерін ызаландырып, Иран өміршілерінің бірі Зазавейхтің Хира ауданына әкім болып тағайындалуына себеп болды.
Хз. Халид Хирадан аттанып, Мүсеннаны өзінің алдыңғы шептегі әскерінің (авангардының) қолбасшысы ретінде тағайындады. Ади ибн Хатеми де басқа бір әскери қолды басқарды. Йаз ибн Ганим болса сасанидтерге солтүстіктен шабуыл жасап жатқан болатын. Бұл жерде Иран тарапының әскери қолбасшысы Хүрмүз болатын. Хүрмүз бір жағынан Ислам әскерінің Иранға келгендігі туралы хабар берсе, екінші жағынан өз әскерін қорғанысқа дайындау жұмыстарымен айналысуда еді.
Хз. Халид соғыспастан бұрын Хүрмүзге хат жолдап, соғыспастан беріліп, құтылуын ұсынса да, Хүрмүз ұсынысқа құлақ аспастан шайқас майданын тастап кеткен жоқ. Әскерін үш қолға бөлген Халид ибн Велид Басра қаласының оңтүстігінде орналасқан Хафир өзенінің сағасына ілгеріледі. Сасанидтердің әскерімен Йемаме жолының бойында орналасқан Қазыма жазықтығында кездескен Ислам әскері өздерінің күшіне сенген және саны жағынан өте көп сасанидтердің әскери күштерін жеңіліске ұшыратып, Хз. Халид болса Хүрмүзді өз қолымен өлтірді.
Бұл жеңістен кейін Халид ибн Велид Басра қаласының маңына бет алып, бұл жерлерге жаңадан келген сасанидтердің басқа әскери күштерімен кездесіп, оларды да жеңді. Хира шайқастарында жеңістерге қол жеткізіп, хиралықтармен бейбіт келісім шарт жасасқаннан кейін Йаз ибн Ганимнің әскеріне көмек көрсету мақсатымен әрекет етті.
Анбар жеріне дейін жеткен Халид ибн Велидтің әскері қамалдарды тасаланып, күткен әскери күштерді оқтың астына алып, қамалдарды жаулауда тас ұшыратын жебелі құралымдарды пайдаланып, жеңіліске ұшыратты. (2) Анбарды жаулап алғаннан кейін Айнут-Темрге қарай жылжыды. Ол жерде темр, тағлиб және йад сияқты араб руларынан тұратын әскери күштермен кездесті. Хз. Халидтің бастаған әскері бұл жерді де жаулап алып, Акканы да өзіне қаратты.
Осы тұста Йаз Думетуль-Джендельде қиыншылыққа ұшырап, қоршауға алынғаны туралы хабар жіберді. Бұл хабарды ала салысымен Думетуль-Джендельге бет алған Халид ибн Велидтің араб әскерін күткен дұшпан әскерлері үлкен кедергі жасап, қиян-кескі шайқастан кейін жеңіліске ұшыраған болатын. Йаздың бастаған әскери бірліктерімен бірге аталмыш бұл шайқаста жеңіске қол жеткізген ол Хираға қайтты. Өйткені, ол жерден Халид ибы Велидке сасанидтер әскерінің жаңа бір шабуыл жасауы мүмкін деген хабар жеткен-тін. Ол жерге барып, дұшпан әскерін жеңіліске ұшыратқан Халид ибн Велид 14 ай бойы (хиджраның 12 жылының мухаррем айынан бастап) Иракта қалған еді.
ә) Сирия шайқастары: Хз. Абу Бакир сасанидтерге қарсы жүргізген жаулау саясатын жүргізуде басшы етіп Халид, Мүсенна, Йаз сияқты қолбасшыларды тағайындай отырып, Византияға қарсы жаулау саясатын жүргізуде басшы ретінде Амр ибн Ас, Абу Убейде ибн Джеррах, Йезид ибн Абу Суфьян, Шурахбиль ибн Хасенені сайлаған болатын. Олар өз жауынгерлерін емін-еркін таңдау мен өз әскери кеңесшілерін өздері тағайындау құқығына ие болды. Соғыстан қайтып оралған жағдайда қай қолбасшының қай жерде уәли болатындығы да белгіленген еді. Амр ибн Ас Палестинаның, Йезид ибн Абу Суфьян Шамның, Шурахбиль болса Йорданияның уәлие болып тағайындалады деп жоспарланғантын.
Ислам әскерінің Шамға қарай жылжуы туралы хабар Византия империясын тез арада әскери дайындықтар жүргізуге итермеледі. Хымысқа келіп, әскери дайындықтар жүргізіп, мұсылмандардың әскери бірліктері туралы мәлімет жинаумен айналысқан король Геракл Йермукке қарай бет алды. Бұл жерде жиналған мұсылман әскері византиялықтарға қарсы соғысқа дайындалды.

1.2. Омардың тұсындағы шайқастар.
Иран шайқастарын әуеліде Мүсенна ибн Харисе басқарған еді. Мүсеннаның әскері Хирада әскери орталықтарын бекіткеннен кейін Шахриярдың басшылығындағы Иран әскерімен Вавилон қаласының маңында кездесті. Қиян-кескі шайқастың нәтижесінде Бехмен басшылығындағы сасанидтердің әскері жеңіліске ұшырады. Ислам әскері Медайн маңына дейін барды. Мүсенна кейін Хираға қайтып оралды. Бұл жерде сасанидтердің жаңа бір әскер жарақтап жатқандықтары туралы хабар алғаннан кейін бұл мәселе жөнінде науқастанып жатқан халиф Хз. Абу Бакирмен сөздесу мақсатымен Мәдинаға аттанды. Осы аралықта Хз. Абу Бакирдің қайтыс болып, орнына Хз. Омардың халиф жарияланғандығынан хабардар болған Мүсенна өз ойындағы мәселелерді жаңа халифке жеткізді. Хз. Омар болса Абу Убейденің басшылығымен Иракка әскер жіберді. Сасанидтер тағына отырған хатун Азер Мидхат мұсылмандарға қарсы дайындаған әскердің басына Рүстемді тағайындады. Болған шайқастарды Абу Убейде жеңіп шықты. Ал Рүстемнің әскерлері жеңіліске ұшырады.
Алайда, Рүстем жеңілуіне қарамастан Бехмен Джазуяның басшылығындағы жаңа әскери бірліктерді өзі орналасқан жерге келуін қамтамасыз етті. Абу Убейде бұл әскерлерге де шабуыл жасады. Сасанидтер әскерін алдына салып қуаласа да, дұшпан әскерінің құрамындағы пілдер Ислам әскерінің жеңіліске ұшырауына негізгі себеп болды. Евфрат өзенінің бойындағы көпірдің бұзылуына байланысты мұсылман әскерлері қайта алмай, Евфрат өзеніне батып өлді. Мүсенна да шейіт болды.
Қадисия шайқасы (14/635): Хидраның 14 жылы болған маңызды оқиғаларының бірі Сағд ибн Абу Ваккастың Иран майданындағы әскерлердің қолбасшысы болып тағайындалуы мен Қадисия шайқасы болып табылады. Сағд қолбасшы бола салысымен Сейраф маңына келгенде Мүсенна көпір оқиғасында өзенге батып өлген болатын.
Сейрафқа жеткен Сағд (р. а.) әскерді шайқасқа дайындап, Куфа қаласынан 30 км ұзақтықта орналасқан Қадисия жерінде өз әскери орталығын құрды. Сөйтіп, Иран әскерінің келуін күтумен айналысты. Бұл тұста Иранның басында Шахриярдың баласы Йездү Джерд еді. 120.000 адамдық әскерді дайындап, Рүстамнің басшылығымен мұсылмандарға қарсы жіберді.
Йезду Джерд халиф Омардың бейбітшілік ұсыну мақсатымен алдына келген елшілерін сыпайысыздықпен кері қайтарып жіберген еді. Соғыспау мүмкін емес еді. Кахка әскерлерімен қосып есептегенде Ислам жауынгерлерінің жалпы саны 45.000 адамды құрады. Сағд шайқастан бұрын Раби ибн Амирді оның өзінің қалауы бойынша елші ретінде Рүстемге жіберді. Раби қарулы және аттың үстінде Рүстемнің шатырына кірді. Оларды Исламға шақырды. Ойланып-толғанулары үшін үш күндік мерзім беретіндігін айтып, қайтты. Рүстемнің қалауы бойынша бір күн өткеннен кейін Муғире ибн Шуғбе елші болып жіберілді.
Дегенмен де жоғарыда аталған мерзім өтіп, шайқас басталды. Денесіне жара шыққан Шағбе төсегінде жатып әскерін басқарды. Иран әскерінің құрамындағы пілдер мұсылмандарға көп зиян келтірді. Кахка ибн Әмір ат-Темимидің басшылығындағы 10.000 адамдық резерв көмекке келіп үлгерді. Соғыстың ұстасы болған Кахка әр шабуылында ирандықтардың бахадырларын өлтірумен болды, Шайқас толассыз төрт күнге созылды. Нәтижесінде мұсылмандар жігерлі шабуыл басып, ирандықтардың қолбасшысы Рүстемнің шатырына дейін жетті. Хильаль ибн Алькаме Рүстемді өлтірді.(3) Иран әскері он мыңдаған жауынгерлерінен айырылды. Мұсылмандар үлкен мөлшерде табысқа қол жеткізді. Иранның ең үлкен және ең әйгілі туы болып табылатын "дрефшигавиани"-ді де қолға түсірді.
Хз. Омардың тұсында болған шайқастардың ең маңыздысы Йермук шайқаси болып табылады. Барысында Халид ибн Велидтің үлкен ерлік танытқан Йермук шайқасынан кейін мұсылмандардың әскері Фихль жерлеріне дейін жетті. Византия әскері жеңіліске ұшырап, Шам мен Хымыс жауланды.
Қадисия жеңісіне қол жеткізуде астана Мәдинадан бұйрық үстінен бұйрық жіберіп отырған Хз. Омардың ролі үлкен еді.
Хз. Омар әр уақытта сахабалармен ақылдаса отырып, Сағдқа бұйрықтар жіберуде еді. Пілдерді алдыңғы шепке тізіп, шабуыл жасаған сасанидтердің әскерінің алдында көптеп шейіт болған мұсылмандар беріскен жоқ. Шамның маңында соғыс әрекеттерімен әлек болған Халид ибн Велидтің жауынгерлері түйенің үстінде көмекке келіп, дұшпан пілдерін жүргізуші жауынгерлерді жерге түсірулерінің нәтижесінде шайқастың даму барысы мұсылмандардың пайдасына күрт өзгеріске ұшырады.
Жеңіске жеткеннен кейін Кадисияда жүктерімен және әйелдерімен бірге қалдырған әскерінің бір бөлігімен Сағд ибн Абу Ваккас Вавилонға қарай әрекет етті. Кадисия шайқасында жеңіліске ұшырап, қашқан жауынгерлер мен қолбасшылар осы жерде жиналған-тын. Бұл жерде болып өткен шайқасқа Фирузан, Хүрмүзан. Фахиран, Мехриджан сияқты әйгілі қолбасшылардың қатысуына қарамастан ирандықтар жеңіліске ұшыраған еді. Одардың бір бөлігі Эхразға, бір бөлігі Нихавендке қашты. Біраз уақыт Вавилонда кідірген Сағд болса, Медайнді жаулап алу мақсатымен Иранның ішкі аудандарына кірді.
Джелула мен Кадисия шайқастарындағы жеңілістер Медайнның жаулап алынуын жеңілдете(4) түсті. Медайн жауланып алынғаннан кейін аль-Джазира мұсылмандарға қаратылды. Аль-Джазираның жаулануымен қоса Ирак арабтарымен Сирия арабтары бірікті. Иран мәселесі мен Сасанидтер мемлекеті Нихавенд шайқасының нәтижесінде жойылды.
Ахнеф иби Қайстың басшылығындағы Ислам әскері ирандықтарды жеңіп, Хорасанды өздеріне қаратты. Сириядағы жаулау әрекеттерін де жалғастырған болатын.
Нехавенд шайқасы (21/642): Бұл тұста ирандықтар мұсылмандардың жаулап алған жерлерін қайтарып алу мақсатымен үлкен әрекетке көшті. 150.000 адамнан асатын үлкен әскердің басшысы болып Хүрмүздің баласы Мардан Шах тағайындалды. Әскер астанадан шыққан кезде Мардан Шахтың үстінде "Дрефшигавиани" жалауы желбіреп шыққан еді. Ол тұста Куфа қаласының уәлиі болған Аммар ибн Йасир дұшпанның бұл әрекеті туралы хабар жіберген болатын. Хз. Омар Мәдинадағы мешітте сахабаларға бұл мәселені баяндап, олардың пікірлерін тыңдады. Ноғман ибн Мукарринді қолбасшы қылып тағайындады. Оның қасына Муғира ибн Шуғба, Хузайфа ибн аль-Йеман сияқты сахабаларды қосты. Нуғман әскерді бастап, алдынан еш бір дұшпанды кездестірместен Исфаханға жетті. Муғира ибн Шуғба Мардан Шахпен бейбіт келісім шарт жасасса да, нәтижесіз қалды. Соңында соғысу туралы шешім қабылданды. Нуғман өзінің қарамағындағы қолбасшылардыжиып, қалыптасқан жағдайды талқыға салды. Дұшпан шабуыл жасаған тұста Нуғман өз әскерін кері шегіндіріп, дұшпан әскерлеріне өз әскерінің орналасқан жерлеріне дейін ілгерілеуіне мүмкіншілік бергеннен кейін шабуыл әрекеттеріне кешті. Үлкен бір жеңіске қол жетті. Алайда осы шайқастың барысында Нуғман шейіт болды. Оның орнын басқан Хузейфа дұшпан әскерлерін Хамаданға дейін қудалаған болатын. Қолға түскен түрлі асыл тастар мен олжаларды Мәдинаға жөнелдірген еді. Бұл жеңіс "жеңістердің жеңісі" деп аталғандығы белгілі. Византия жеріндегі жаулау әрекеттері- Шам мен Құддыстың жаулануы: Сирияны жаулау барысында бірнеше шайқас жүзеге асты. Византия әскерлеріне қарсы жасалынған бұл шайқастар мен жаулау әрекеттерінің ең негізгілері болып Йермук шайқасы (хиджраның 13 немесе 15 жылы), Шамның (Димашықтың) жаулануы (хиджраның 13 немесе 14 жылы), Фихль шайқасы (хиджраның 13 жылы), Мерджур-Рум шайқасы (хиджраның 14 кылы), Хаманың жаулануы (хиджраның 15 жылы), Лазкиянын жаулануы (хиджраның 15 жылы), Киннесрдің жаулануы (хиджраның 15 жылы), Халеб пен окың маңындағы жерлердің жаулануы (хңцжраның 15 жылы), аль-Джазираның I жаулануы (хиджраның 15 жылы), Эджнадейн шайқасы (хиджраның 13 жылы), Құддыстың жаулануы (хиджраның 15 немесе 16 жылы) есептелінеді.
Йермук шайқасының нәтижесінде жеңіліске ұшыраған Рум-Византия әскерлерінің негізгі бөлігі Шам ауданындағы Фихль мен Кихль жерлеріне шегініп, бекінді. Сол себептен Шам ауданының жаулануына үлкен мән берілетін болатын. Хз. Омардың тұсында жүзеге асқан алғашқы жаулау әрекеті де Шамның жаулануы еді, Халид ибн Велид, Абу Убейда, Амр ибн аль-Ас сияқты қолбасшылар Димашықта танытқан қаһармандықтарын Сирия-Палестина аудандарын жаулап алу барысында да көрсетті.
Димашықтың жаулануы қалай (соғыс арқылы ма, бейбіт жол арқылы ма?) жүзеге асқандығы туралы жепе осыған байланысты соғыстан кейінгі жағдайда қалаға қандай статус беріліп, халқымен қандай қарым-қатынас жүргізу керектігі туралы мәселе үлкен тартыстың тақырыбына айналған болатын.
Палестина өңірін жаулау міндеті Амр ибн аль-Асқа тапсырылған-тын. Керек болған жағдайда Ирак пен Сирия жерлерінде Абу Убейдаға әскери көмек көрсеткен Амр әуелі қаланың әкімі Аробонмен келіссөздер жүргізді. Бейбіт жол арқылы жаулап алуды жүзеге асыра алмайтындығына көзі жеткен ол Құддысты қоршауға алды. Бір жыл бойы Құддысты қорғаған христиандар нәтижесінде ресми түрде қаланы халиф Омарға тапсырды. 16/637 жылы Ислам мемлекетіне қосылған Құддыс қаласына халифтің кіріп баруы мен қаланы ресми түрде қабылдауы да тарихта маңызды орын алды.
Хз. Омардың екінші мәрте Шамға баруының тұсында, 18/639 жылы Ирак, Сирия мен Египет жерлерінде оба ауруының пайда болуы байқалды. Хз. Омар әскердің қолбасшыларына хабар жіберіп, аурудан сақтану мен аталған жерлерден ұзақ болуларын бұйырды. Алайда, атақты сахабалар мен қолбасшылар: Абу Убейда, Муаз ибн Джебель, Йезид ибн Абу Суфьян, Харис ибн Хишам оба ауруынан қайтыс болды. Мұндай жағдайда әскердің басына Амр ибн аль-Ас келіп, әскерлерін түрлі басқа аудандарға орналастырып, олардың арасында оба ауруының тарамауына мүмкіншілік жасады.
Осылайша, Шам мен Палестина жерлері Хз. Омардың тұсында аяқталып, Египеттің жаулануына назар аударылды.
Египет пен Александрияның жаулануы: Хз. Омар Египетті жаулау міндетінАмр ибн аль-Асқа тапсырды. Египетгің жаулануы Ирак пен Сирияны жаулап алу әрекеттерінің жалғасы ретінде бағаланады. Египетті жаулап алу үшін халифтің рұқсатын алған және үлкен әскердің басшысы болған Амр Египетке бағыт алып, Ферема жерінде шайқас бастады. Кыптилер мен румдықтардың арасында қалыптасқан келіспеушілікті өз пайдасына шешкен ол Фереманы тез арада езіне қаратып, артынан Бильбисті жаулап алып, Юнан қаласын қоршауға алды. Халиф Омар Египетке Микдад ибн аль-Есвед пен Үбаде ибн Самиттің басшылығында үлкен бір әскерді тағы жіберді. Мұсылмандардың біріккен әскери күштері қысқа бір мерзімнің ішінде (20/640) жаулауды ойдағыдай жүзеге асырды.
Қуатты әскерлерден толассыз жеңіліске ұшыраған Египет билеушісі Амрмен кездесіп, бейбіт келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасаған еді. Белгілі мөлшерде жыл сайын салық төлеу шартымен келісім жасалды. Бұл келісім шарт румдықтар Египетте қалуды қалаған жағдайда қалулары мен қаламаған жағдайда белгіленген мерзімге дейін мемлекетті тәрк етулері туралы мәселе де қарастырылған болатын. Бұл келісім шарттың шешімдеріне риза болмаған Византияның билеушісі Геракл наразылық білдіріп, Александрияны жаулап алу мақсатымен әскер жіберді. Алайда, мұсылмандар одан бұрын Александрия қаласын қоршауға алып, үш айдың ішінде өздеріне қаратқан болатын. Осылайша, 20-21/641-642 жылдар аралығында Египет толығымен Ислам әлемінің құрамына қосылған еді. (5)
Хз. Омардың өлтірілуі. Нихавенд шайқасында қолға түскен тұтқындардың арасында Абу Луғлу деген лақап атымен белгілі Фируз есімді христиан бір құл да болған. Мәдина қаласында тұрган Фируз Басра қаласының уәлиі Муғира ибн Шуғбаның құлы еді. Бірнеше мамандықтың иесі болуына байланысты қожайыны оның тапқан табысынан белгілі мөлшерде салық алып отырған-тын. Алайда, ол алынған салықтын көп екендігін сылтауратып халиф Хз. Омарға шағымданды. Халифтің: "Сенің мамандығың қандай?" деген сұрағына. Фируз: "ағаш ұсталығы, темір ұсталығы мен бояу ұсталығы" деп жауап бергеннен кейін Хз. Омар бұл ұсталықтардың барлығын барлығын есептеген жағдайда Фируздан алынатын салықтың еш таң қалдыратындай жағы жоқ екендігін білдірген еді. Бұл шешім Фирузды ашу-ызаға толтырып тұрған жерінен шапшаң түрде шығып кетуіне себеп болды. Ертесі күні киімінің астына қанжар тығып, таң намазынан бұрын мешітке кіріп, тасаланды. Намаздың оқылуы басталған тұста Хз. Омардың бірнеше жеріне қанжар салып, қашу әрекетіне салынбақ болды. Алайда, мұсылмандардан құтыла алмайтындыған андаған ол басқа да мұсылмандарға қарсы қанжар қолданып, өзін-өзі өлтірді.
Жараланған түрде үйіне жеткізілген халиф ең әуелі езіне қанжар салған адамның кім екендігін сұрады. Мұсылман емес бір адам болғандығынан хабардар болып, өзіне бір мұсылманның қанжар жұмсамағандығы үшін Аллаға шүкіршілік етті. Жаралары ауыр болып, өте қатты қиналды. Оның ел басқарғандығына риза болған халық өзінен кейін халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы сұрады. Ол болса, орнын басатын бір адамды атаудың орнына, мемлекеттің басшылығын 6 адамнан тұратын кеңеске тапсыратындығын мәлімдеді. Тең дәрежеде сайлау және сайлану құқығына ие бұл кеңестің мүшелері ең қысқа уақыт ішінде араларынан біреуін мемлекет басшысы ретінде сайласын деген өсиет берді.
Хз. Омар жараланған мезеттен үш күн өткеннен кейін хиджраның 23 жылының зильхиджа айының 26 күні / б. з. 644 жылының қараша айының 3 жұлдызында қайтыс болды. Хз. Омарға жасалған қастандықтың Мәдинада тұратын ирандық және сириялық шетелдіктердің ұйымдастырған жоспары екендіктері де айтылған еді.
Хз. Османның халифтік кезеңі (23-35/644-656).
Ел басқаруынан риза болған халық Хз. Омардан (қайтыс боларынан біраз бұрын) өзінің орнына халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы пікірін сұрағанда, ол бұл мәселенің шешімін кеңеске тапсырып, мұсылмандардың мемлекет басшысын сайлауда жаңа бір жүйе ұсынған болатын. Хз. Осман Хз. Омардың ұсынған алты кісілік кеңестің тарапынан халиф болып жарияланды. Хз. Омар жараланып, жарасының асқынуынан кейін мұсылмандардың өтініштеріне қарамастан орнына тағайындайтын адамның есімін атамаса да......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі