Мұқағали Мақатаев (Мен сені сағынғанда)

 Мұқағали Мақатаев (Мен сені сағынғанда)

Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп,
Дауыл тұрғыз қанатыңнан.
Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран,
Қыранбыз, қырандардан жаратылған!
Сағыныштың сағымын жамылғанда,
Қарамай қара нөсер қағынғанға,
Саған ұшам,
Қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Jaqsiliq
    Jaqsiliq 15.07.2023 01:01
    6 + 5 -
    Keremet
  2. Jaqsiliq
    Jaqsiliq 15.07.2023 01:01
    1 + 4 -
    Keremet
  3. Оқырман Айнур
    Оқырман Айнур 07.02.2022 18:49
    11 + 6 -
    ?????????????????????
    1. Оқырман Аяжан
      Оқырман Аяжан 03.03.2024 22:31
      0 + 0 -
      Дурыс
  4. кермет екен
    кермет екен 16.02.2021 18:07
    12 + 4 -
    Балкыбек
  5. Кинг Нурай
    Кинг Нурай 09.02.2021 13:48
    11 + 5 -
    Осындай өлең әлі көп меніңше
  6. Кинг Нурай
    Кинг Нурай 09.02.2021 13:46
    8 + 3 -
    Өте керемет өлеңдер
  7. Таншолпан Сыздыкова
    10 + 3 -
    Рахмет сізге мен 1 жəне бас жүлде алдым
    1. Жанелья Ермековна
      6 + 1 -
      Жарайсын куттыктаймын тагыда осылай казак жерыне мактаныш болып коп жулде ал ♥♥?