География | Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын жасау (Жамбыл ауданы Айдарлы ауылы мысал петінде)

 География | Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын жасау (Жамбыл ауданы Айдарлы ауылы мысал петінде)

. РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТАҒЫ
ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,7 млн қой және ешкі,4,9 млн бас ірі қара мал,1,1 млн жылқы және 0,9 түйе бар.Санақ жүргізу кезінде атардағы қойлардың саны 46,2 млнбасты құрайды.Қорыта келгенде 550 азық бірлігіне есеп бере отырып бір үлкен қойға жылына 25,4 млн тонна азық бірлігі қажет.Осындай азық көлемінің ең басты бастауы жайылымдық жерлер,табиғи және себілген шабындық жерлер,және де жыртылған жерлер де өндірілген азықтар болып табылады.
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаның қорғау министірлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 63 млн га жайылымдық жерлер деградацияланған (төмендеп,нашарлап кеткен жайылымдар).Ғылыми өндіріс Орталығының мәліметтері бойынша жерге ораналастыру және жерді пайдалану республика бойынша 24 млнга жайылымдық жерлер жыртылған, 25 млнга жер жел эрозиясына ұшыраған,4,5 млнга жерге улы және арам шөптер өсіп басып кеткен.Бүгінгікүндері деградацияланған жүйелер малдардың концентрациясы бар жерлерде ,ауыл маңында және ашық суаттарда кең көлемде таратылмаған.Қатты деградацияланған жайылымдардың радиусы ауыл маңында және суат көздерінде 2-5 км көлемінде құбылады.Бұл жерде өсімдік жамылғысының түр тұқымы қатты өзгерген.Мал жейтін шөптің көп бөлігі мүлдем жоғалып кеткен: көпжылды дәнді өсімдіктер,жартылай бұталар-өсідік жамылғысының доминанттары:эбелек,адыраспан,көбең құйрық,шобелла маңыздары артады.Ceratokarpus,Harmala,Cousinia,Ammodezon,Oxytropia,Goebelia жайылымдардың масақ индикаторлары.Жайылымдардың бұндай жағдайда болуының басты себебі-регламентацияланбаған жайылым.Ветеринария және мал шаруашылығы ғылыми өндіріс орталығының берілуі бойынша 75 ауылшаруашылық малдарының меншік иесі өз малдарын жаяу бағады; 17-19% ат үстінде; 6-8% ауылдан 15 және оданда көп км аралығында орналасқан жайлауларда бағылады.Осылайша үй жануарлары мен,ұсақ шаруа қожалықтары жайылымдық жерлерге кері әсерін тигізеді.Республика бойынша жалпы тәбін бойынша көлемі 85%-ды құрайды.Ал жайылымдық қалған бөлігіне келетін болсақ, оларды белсенді түрде қалпына келтіруде.
Әдеби мәліметтердің анализі. Деградацияланған процестер жайылымды аридті зоналар кең көлемде фронт арқылы ТМД елдерінің арасында өтетіндігін көрсетеді. Жайылымдардың қарқынды түрде төмендеуін Хакасия, Тува, Дағыстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан зерттеушілері атап көрсетеді. Деградациялық процестер экстремалді табиғи жағдайлардың және қатты антропогенді процестердің әрекеті нәтижесінде пайда болған.
Жайылымдардың фитоценозды деградациясы (Горчаковский 1999) өсімдік жамылғысының синантропизациялық көрінуі болып саналады,апофит және антрофит бағыты күшейтілген, өнімділіктің және тұрақтылығының төмендеуі байқалған.
Жайылымдарды қайтадакн қалпына келтіру үшін жайылымдадың уақытша оңашалануын сипаттайды. (Горикова,Мончуш 1992,Зверева 1996)
1992 жылы ауылшаруашылығын күшейту концепциясы қайта өңделді.Агроөнеркәсіптің билогиялық және экологиялық дамуы (Жученко 1992)
Осы концепцияға есеп беру арқылы мемлекеттік ғылыми техникалық бағдарлама өңделді.
“АПК саласындағы қайта өңдеу перспективалық процесі”(Богатырев және.т.б.1993)бағыттары:жердің билогиялық және экологиялық жүйелерінебаланс жасау,сонымен қатар,фермалық қожалықтарда агроландшфтардың ресурсты-энергоэкономикалық және экологиялық жоғары азықтүліктікті құрастыру.

1.1 Зерттеудің мақсты.

-Жайылымдық мал шаруашылығымен айналысатын,шөл және шөлейт зоналарда шаруа қожалығы және өндіріс кооперативті таңдалып алынған;
-таңдап алынғаншаруашылық базасында,ғылымит практикалық жәрдем ақыны барлық жайылымдармен шабындықтарға орынды пайдалану.
Жаңа ғылыми зерттеу:
Деградацияланған жайылымдардың сақталуы мен қалпына келтіру шарттары өзіндік шешім қабылдау және жеке меншік малдар мен жайылымды шабындық жерлерді сақтау болып табылады.Жайылымдардың шаруашылықтағы әртүрлі жеке формада қолданылуы қауіпсіз нормативтерде анықталады;тауар өндірушілердің (шаруа және өндіріс кооперативі)шаруалардың ішкі өнімдерді тұтынуға бейімделу.
Жайылымдық аудандарда ғылыми мерекелік шараларды ұйымдастыру,фермерлік шаруашылық моделінің құрылуы арқылы өткізіледі;себілген шабындықтарды құру арқылы ауыр азықтарды өзіндік қамтамасыз ету мүмкіндігі көрсетілген.Жайылымдарды орынды пайдалану үшін фермерлерге төлем ақы тағайындалған, жеке облыстарда және елді мекендерде малдарды орынды пайдалану да ескеріледі.


Күтетін нәтижелер:

-GPS жүйесіндегі жазылып қойылған 10 координат мониторингі шөл және шөлейт зоналарда олардың қолданылуы ;
-Жайылымдық жерлерді пайдаланатын мал шаруашылығының бағыты,ауылшаруашылығын қалпына келтіру арқылы таңдалып алынған модельдер шаруа қожалықтарын және өндіріс кооперативтерін қамтуы керек,оларда ауылшауашылық малдарыныңәр түрі болуы тиіс.Бұл модельдерде жерді пайдалану қалыптастыру арқылы зерттеу жүргізілген,азықтық жерлерді пайдалану картасы құрастырылған,пайдаланылатын жерлердің деградациялануы картасы жайылымдық және шабындық жерлерді жақсарту шаралары ұсынылған.Азықтық ресурстардың мезгілдік динамикасы анықталған және де әрі нақты шаруашылыққа жайылымдық жерлер мен айналысу құрастырылған,олар бұл шаруашылықта модель ретінде қолданады.

1.2 Зерттелген аймақтың бағдарламасы мен әдісі.

Зерттеулер Алатау тауының жоғарғы жағында,Сарыатырауқұм құмында (құрғақ далада,шөл және шөлейт зонасында) жайылымдық мезгілі бойынша шаруа қожалықтарында және өндірістік кооперативте шөл және шөлейт зоналарында жүргізілген.
Қарастырылған ныcандар: құрғақ даланың дәнді-жусанды жайылымдары,шөлдегі жусанды жайылымдар,және де шабындық жерлердің барлық түрлері.
Жұмысты этап бойынша орындау
Ұйымның аймағына және фермерлік шаруашылыққа азық жем өндіру үшін,регинистрациланған шығу методикасы қолданылған.Олар келесі мал шаруашылығының мониторингімен,шөл және шөлейт зоналарында (Айдарлы,Бозой,Ақши ауылдарында Жамбыл және Іле ауданында
Алматы облысында) жүргізілген болатын.
Мал шаруашылығының түрін анықтау:
-жайылымды пайдалану бойынша;
-мал бастары бойынша;
-жайылымдық және шабындық жерлерді пайдалануы бойынша;
-шаруашылық формасы бойынша;
Зерттеу жұмыстары малшыларға сұрақ қою арқылы жүргізілген,ауылдық аймақтарда жиналғанмәліметтер және мал басының саналуы GPS жүйесінің приборын қолдану арқылы шаруашылықтың роналасқан орнынының шекарасын анықтадық.
Жайылымдарды жалпы түрде зерттеу “Әдістемелік нұсқаулар арқылы жүргізілген.Оны 1986 жылы Казгипрозем” институты өңдеген.Геоботаникалық зерттеудің масштабы күрделі сатылардан тұрады,шөл және шөлейт зоналарының аймақтарын қайтып алумен ойластырылады.Зерттелінген аймақта үлкен құмды массивтер,құрғап бара жатқан өзендер мен сайлар көп болғандықтан геоботаникалық зерттеудің масштабы 1:10000-нан 1:50000-ға дейін болады деп ойластырылған.
Картада жүріп отырған маршрут бойынша өсімдік жамылғысының ауысу шекарасы бақыланып белгіленген.Жайылымдық жерлердегі геоботаникалық типтердің әр түрлілігі,негізгі өсімдіктердің өсуі арқылы өндіріледі.Олар ландшафт пен фонды құрайды.Жайылымдардың аталуы өсімдіктер арқылы беріледі.Өсімдікті анықтайтын ең басты эдификатор ең соңында қойылады.Учаскенің түрлі бірлестігін және оның негізгі ерекшелігін анықтап алып контурды сипаттауға кіріседі.Ол келесі қатарларда көрсетілген;
-геоботаникалық карта үшін бланкте күні сипатталады,сонан соң контур номері,одан кеін бланқа бірлестіктің аты жазылады;
-GPS жүйесінде учаскенің географиялық жағдайы, макро және мезорельефі, баурайдың бағыты мен құламсы белгіленеді;
-топырақ атауы ,оның құрамы,құнарлығы,құндылық дәрежесі;
-өсімдік жамылғысын сипаттап жазу жүргізіледі;
“Ескерту” жолында өзіне тән ерекше өсімдіктерді белгілеу қажет:өсімдіктердің қай түрі құрып шөптелу дәрежесіне жеткендігін атап көрсету.Аталған контурлардың негізінде далалық жұмыстарды жүргізу арқылы далалық карта құрастырылған.
Азық жем шөпті пайдаланатын жердің картасын құрастыру және безендіру
Геоботаникалық карта,ең соңғы контурлардың сақталуы мен далалық жерлердің негізінде құрастырылған.Азық және шөпті пайдаланатын жердің түп нұсқалық картасын құрастырудың екі әдісі бар:1) күрделі өсімдік жамылғысы; 2)өсімдік жамылғысының бір түрде болуы.Бірінші жағдайда карта контурында сандық және әріптік индекстермен олардың формула түрінде мазмұны көрсетіледі.Типологиялық құрамы алымында орналасқан (легенданың реттік саны,ауданның алып жатқан пайызы) бөлімінде контур саны және жайылымдардың мерзімділігіне ұсынылған өнімділіктер.Контурлар өсімдіктерге қарап боялады немесе шартты белгілер қойылады.Екінші әдісте типолоиялық қрамның формуласы орнына легенда бойынша бөлінген сан қойылады.

1.3 Мониторингтік нүктелердің сипатталуы.

Зерттеліп қарастырылған трансекта шамамен 200км ұзындықта оңтүстік-шығыстан Солтүстіктен-батысқа дейін созылып жатыр,ол оңтүстікте Іле алатауының етегінен бастап,солтүстікте Жусандала шатқалымен аяқталады.
Табиғи климаттық қатынасы трансекта тауалды құрғақ дала белдеулерін,тауалды шөлді және шөлейтті жазық жайылымдарды басып өтеді.
Зерттелінген трансектаның үш зонасының орналасуы мен агроэкологиялық мәліметттері төменде көрсетілген.

Құрғақ дала
Зона батыстан-шығысқа қарай 20-40 км-ден кең емес белдеумен Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының етегіне жне тауалды шөлейттерге дейін орналасқан.Теңіз деңгейінен биіктігі 750-870 м.Жылына жауын-шашын мөлшері 370-400мм.Гидротермикалық коэфицент 0,6 (ГТК) құрайды.Егін шаруашылығына жарамды жерлердің (60-65% ауданы) жыртылған.Қолдан суарылмайтын жайылымдарда арпа,бидай (Triticum және Hordeum), жоңышқа ,азық жемнен-жүгері (Medikado және Zado) өсіріледі.Жыртуға келмейтін жерлерді жыл бойына мал жаюға қолданылады.
Топырақ жамылғысының түрі шалғындық сұр топырақтан қоңыр топыраққа дейін.қарашірік құрамы 1,5-3,0%.Механикалық құрамы жеңіл және орташа сазды топырақ.
Шөлейт
Шөлейт зонасы айтарлықтай Солтүстік Тянь-Шань,батыс-Жоңғар,Балқаш маңы, Іле Алакөл провинциясын және Солтүстік зонаішілік жусанды-тұзды шөлді бөліктерін қамтиды.Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының солтүстік құламсының бойымен 20-100 км ұзындықта созылып жатыр.Шу-Іле ұсақ щоқылары көмкеріліп жатыр.
Рельеф-жайпақ құламалар мен кең құрғақ аңғарлар ежелгі тасқындардың алмасуы.Теңіз деңгеінен биіктігі 600-750 м. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм, күзде және көктемде максимумменен ГТК 0,5-0,4.Топырағы сұр топырақ. Қарашірік құрамы 0,7-1,5%.Механикалық құрамы бойынша көбінесе жеңілірек сазды.
Өсімдік жамылғысы әртүрлі шөптердің түрімен құрылған.Олар: жусан,жатаған,эбелек (Artemisia,Koshia,Ctratocarpus,Soltda) және олардың әр түрлерінің тұрақсыздығы.Шөлейт зонасында көктемде тұрақсыз өсімдіктер жақсы өніп шығады,бірақ жазда олар қурап кетеді.Келесі жылдары күз айлары жылы болып,жауын-шашын мөлшері әжептеуір жауатын болса,ол жерде тұрақсыз (эфимероидтты) өсімдіктер қайтадан өніп өседі,оңтүстік шөлдердің түрлеріне тән климат элементтерінің болуын көрсетеді.
Бүгінгі күндері жайылымдарда жыл бойы және жүйесіз қолданылады,осылайша тиімсіз қолдану шөптердің тез деградациялануына, топырақ жамылғысының күйреуіне әкеп соқтырады.

Солтүстік шөлді жазық
Шөл зонасы бүкіл Балқаш маңы Іле-Алакөл провинциясын, Шу-Балқаш маңы облысын,Каспий маңы,Тұран жазығы аймақтарын алып жатыр.Трансекта жәй иреленген жазықтықтан Тауқұм құмдарынан, Шу-Іле тауларына дейін созылып жатыр.Жалпы еңіс солтүстік-батыстан солтүстік шығысқа дейін.Абсалютті биіктік 500 м оңтүстіктен, 450 м солтүстікке қарай құбылып тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм ГТК-0,3 және одан да төмен.Климаты аридты және экстроаридты.Топырақ жамылғысы ашық сұртопырақтан тұрады.Механикалық құрылымы көбінесе құмайт топырақты.Қарашірік құрамы 0,5-1,2%.Карбонат маңыздылығы 1,9-2,8%.
Өсімдік жамылғысы тамыр-жусаны жайылымдары болып саналады. Доминантты-тамыр жусаны (Artemisia,Terracalbae), жалғастырушылар-тасбөде және мортық (Erimoperum orientalis,Trigonella orhtoceras).Кнесе азықтылық шабындықтар маусым айына келеді.Жайлымдар бұрынғы және қазіргі кездері деградацияға ұшырап тұрады.Модельдерді құрастыру үшін жайылымдарды рационалды түрде пайдалану аймқтарын сипаттау.
Мерзімдік жайылымдарды рационалды түрде пайдаланып, модельдерді құрастыру Алматы облысы Жамбыл ауданында өткізілген,оларға шаруа қожалықтарының жерлері-“Хадиша”,”Бекет-ата” Айдарлы және Ақши ауылдарына жатады.
“Хадиша”шаруа қожалықтарының жерлері құрғап бара жатқан Ащысу өзенінің сол жақ жағасындағы жайылымдарды қамтиды. Жалпы жерді пайдалану көлемі 1200 га.Жайылымдар өзен бойымен солтүстік-шығыстан,оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.
Рельеф-кедір-бұдырлы, жазық,оңтүстік-батыстан,солтүстік-шығысқа қарай еңістеу.Рельф еңістінің коэфиценті 0,04-0,05. Топырақ жамылғысы үлкен айақтарда ашық сұр топырақ және құмды,40-80 см тереңдікте қызыл түсті үштік саз қабаты, карбонаттар,друза гипсі,әлсіз тұзды қабаттары орналасқан.Қабаттың қуаттылығы 10см-ден 35 см-ге дейін құбылып тұрады.
Оңтүстік-шығыс аудандар да топырақ құнарлығы әлсіз, Шу-Іле тауларының түпкі тау жыныстары 20-60 см тереңдікте төселіп жатыр (кварцтар,слюдалар,пироксиндер,плаголар,окзалдар және .т.б)
Шу-Іле ауданы күрделі тау жүйесін құрайды,олар солтүстік-батыс бағытта Шу-Іле таулары атымен созылып жатыр.Соңғы тау жүйесі аласа тау массивін,абсалютті биіктігі 1000-1800 м құрайды.Бұл таулардың геологиялық құрылымы тек аталған ірі тауларға ғана емес және ұсақ құрылымдар да бар.Мұндай жүйе археозой тұқымында және осы жердегі жоғарғы палеозойдағы шөгінділерде байқалады.
Шу-Іле таулары көне шөгінділерден тұрады-генйстер,олар силур дәуіріне жататын қабатқұрамында мергелей бар кристалды тақтатастарды жауып жатыр.Одан жоғары крнгламераттар,құмды және әктастар шөгінделген.
“Хадиша”шаруа қожалығының жеріндегі өсімдік жамылғысы эфимерлі жусанды бірігумен көрсетілген.Шалғындарда доминатты өсімдіктер Artemisia Teral-albae.Әртүрлі шөптердің эфимерлері Poabulboga,Eromopirum boraepartis,Carex pachystylis көрсетілген.Жайылымдық жерлердегі мал санының көп болған жерінде pegarum harmala басым.
“Хадиша” шаруа қожалығының жайылымдары тұтастай біркелкі және негізінде эфимерлі тамыр-жусангы өседі.әр мезгілде өсетін шөптер жайылымдарды жыл бойына қолдануға мүмкіндік береді.Бұл жерде нағыз шабындық жерлер жоқ, сондықтан 2003 жылы шаруашылық себілген шабындықтарды иемденіп алды.”Хадиша”шаруашылығындағы 70га бидайдағы “Тауқұм будандасқан” түрі себілген.
Жер асты сулары 20м тереңдікте орналасқан көктем,жаз,күз кезеңдерінде малдарды ащысу өзенінің арнасынан суарады.Айдарлы ауылында орналасқан қоныстанған жерлерден 1,5 км аралық жердегі өзі ағып жатқан скважиналардан суарылады.”Бекет-ата”жайылымдық жерлері қыстақтармен Тауқұм құмдарында орналасқан.(көлемі 400га).Көктем,жаз,күздік жайылымдар Қызылжар шатқалынан (көлемі 1300га)Аққұдық сайының бойымен 9 км аралықта созылып жатыр.Сайдың көлемі 1 км.Тауқұм құмындағы рельеф пішіні тізбектелген дөңестеу болып келеді.олар солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа,солтүстікке қарай жиі созылып жіңішкеріліп кеткен.
Қыстаулардың топырақ жамылғысы.Құмдары кәдімгі топырақ сияқты ұсақ болып кеткен.Олар борпылдақ құрылымсыз. Құмдағы ұсақ жіңішке дәнді факция құрамы 40-95 % кең диапозонда ауытқып тұрады.Қарашірік құрамы 0,11-,-0,32 %. Жыныстылығы 35-43 % . Жазық жерлердегі топырақ түрлері ашық сұр топырақ, құмды жерде үштік қызыл түсті саз қабаты 40-50 см төмен тереңдікте жатыр, ал үстірттерде 120-150 см. Шу-Іле тауларының тауалды аймағында тпырақ жамылғысының қуаттылығы аз, түпкі жыныстары 30-60см тереңдікте жайылып жатыр,кейбір жерлерде олар сыртқа шығып кеткен.
Құмда өсетін өсімдіктер ксерофилді бұталар (Callaganum nurex; Caphylum,Ephedra lomatolopis)жартылай бұтақшалар (Koshia prostatа, Artemisia ,Terral-albae),эфимироидтер (Corispemum,Lappula,Horamnovia). Жартылай доминатты шөптердің түрлері қалыптасқан.Бұл шөптердің әр түрлері жеткілікті.олар малдарды азық.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!