ZHARAR | KZ | Кеңестер | Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі
Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

♻♻ Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

♻♻Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

♻♻ Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

♻♻Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

♻♻ Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз.

♻♻ Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз.

♻♻ Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Зульфия - Сегодня, 00:41
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сәлеметсіз бе. 4 сынып Әдебиеттік оқудан ТЖБ жауаптарв керек

Гость Асемай - Сегодня, 00:20
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отиниш маган математикадан тжб жибериндерши Атамура китебынан

Гость Жулдыз - Вчера, 23:13
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшын тили 3сынып тжб жауаптары 1токсан

Гость асем - Вчера, 23:11
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан бжб жауатары керек еді 1 тоқсан

Алима - Вчера, 22:56
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

рақмет

Әсель - Вчера, 22:47
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4тапсырмадағы жануар біріншісі қарақұйрық екіншісі Дуадақ😁

ZHARAR - Вчера, 22:44
Абай Құнанбаев қара сөздері және мағынасы

керемет қара сөздер

Аслан - Вчера, 22:43
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Марс ты знаешь меня больше

ZHARAR - Вчера, 22:39
Дос, достық 🤝 туралы тақпақтар

Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз. Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!

Қуандықова Ғайни - Вчера, 22:35
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Барма ағылшын