ZHARAR > KZ > Кеңестер > Баланың салған суреті бүкіл отбасының психологиясы

Баланың салған суреті бүкіл отбасының психологиясы

Баланың салған суреті бүкіл отбасының психологиясы
Балаңыз сурет салып жатқанда, оны түзетуге не көмектесуге талпынбаңыз. Тек отбасы мүшелерін қандай ретпен салып жатқанын сырттай бақылап тұрыңыз. Сурет дайын болғанда, балаңыздан оның кейіпкерлерінің есімдерін сұраңыз.

? Реті бойынша. Үй ішіндегілердің пайда болу реттілігі балғын суретшінің оларға деген қатынасын көрсетеді. Әдетте балалар ең жақсы көретін жанды бірінші салады. Егер ол біреуді ұмытып кетсе, демек баланың ол адаммен қарым-қатынасы шиеленісті болуы мүмкін. Балалар әдетте өздерін суреттің ортасына орналастырады. Бұл оның ата-анасының өзін жақсы көретініне сенімділігін көрсетеді. Ал егер өзін салмаған болса, ол өзін жалғыз, әрі сүйкімсіз, керексіз сезінеді.

? Құрамы бойынша. Егер отбасылық суретте үй ішіндегілердің бірі болмаса, баладан оны неге салмағанын сұраңыз. Себебі бұл – ойлануға тұрарлықтай нәрсе.

? Көлемі бойынша. Салынып жатқан адамның баланың алдында беделі жоғары болған сайын, ол оны соғұрлым үлкен етіп бейнелейді. Өзін сүйкімсіз сезінетін не тасталған балалар өздерін кішкентай етіп, ал тым еркелер өздерін тым үлкен етіп кескіндеуі мүмкін.

? Арақашықтығы бойынша. Үйдің іші берекелі әрі тату болса, барлық кейіпкерлер бір-біріне тығыз орналасады. Ата-анасының қайсысына бала өзін жақынырақ салса, сол кісіге ол көбірек бауыр басқан. Отбасы мүшелері арасында салынған кез келген зат – олардың ара-қатынасындағы тосқауыл.

? Түсі бойынша. Бала өзі жақсы көретіннің бәрін жылы түстерге бояйды. Ерекше жақындығын ол ашық түстермен жеткізеді. Егер кімде-кімнің киімін көк түске бояса, демек сол адамның жанында бала өзін жайлы сезінеді. Егер жасыл түске бояса, ол кісіні бала құрметтейді және өзі үшін маңыздылығын білдіреді. Сары түс – ырықсыздық, қызыл – агрессия, қара түс – туысқандардың бірін қабылдамайтындығын білдіреді.

? Дене мүшелері бойынша. Егер бет-әлпетін анық салған болса, бұл ата-анасына деген махаббатын, олардың өзі үшін маңыздылығын білдіреді. Егер суреттің авторы өзінің бет-әлпетін айқындай түссе, өзінің келбетімен тамсаныс, сыртқы көрінісіне ерекше назар аударғандығы. Алайда 4 жасқа дейін мұндай суреттердің болуы қалыпты. Егер ата-анасының бірінің аузын үлкен етіп салса, демек, ол кісі балаға көбірек ескертулер жасауы мүмкін. Егер аузы мүлде жоқ болса немесе тым кіші болса, бұл кейіпкер өмірде өз сезімдерін көрсетпейді. Егер тістердің суреті салынса, бұл агрессияны блідіреді. Үлкен көзді кейіпкерлер әлденеден қорқады, ал кішкентай көзбен бір нәрсені жасырады. Ұзын қолдар, не олардың мүлдем жоқ болуы – адамның қатал екенін әрі балаға қысым көрсететінін білдіреді. Қысқа қолдар – ішкі әлсіздікті білдіреді. Ал егер бала суретте қолдарын көтеріп тұрса, оған көңіл бөлінбейді және ол өзіне назар аударғысы келеді.

Балаңыз отбасылық қарым-қатынастағы осал тұстарды тауып қана қоймай, олардан құтылуға көмектесе алады. Егер оның салған суретінен ештеңе айыра алмай, әбден шатассаңыз, таза параққа оның «Мен қалайтын жанұя» тақырыбына сурет салуын сұраңыз. Сонда суреттен отбасының әрбір мүшесінің бақытты болуына не жетіспейтіндігін көресіз.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб