Серік Сәпиев киноға түсіп, өз-өзін сомдады


Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.

"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.

Сериалда басты рөлдерде қазақстандық танымал актерлер – Жан Байжанбаев, Азамат Шарғынов, Асылбек Қапаев, Вячеслав Балашов, Ольга Ельманова, Сұлтанна Каримова, Азамат Нұрғалиев.

Сериалдың қоюшы режиссері Айбек Дайырбеков, ал сценарийін жазған Лейла Ақынжанова.

Серік Сәпиевтің айтуынша, тек өмірде ғана емес, түсірілім алаңында да бапкер болу оңай емес. "Әрине, бұл сериал және актерлер шын боксшы емес, соған қарамастан көңіл-күйді шынайы жеткізуге тырыстық. Мен түсірілім алаңында актерлердің нағыз еңбегін өз көзіммен көрдім және сериал қазақстандықтар үшін қызықты болады деген ойдамын", - деп қорытындылады спортшы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі