Ошаған майының пайдасы

Ошаған майының пайдасы

Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы:

✅ Шаштың түсуін тоқтатады;
✅ Шашты өсіреді;
✅ Шашқа рең беріп, нәрлендіреді.
Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін.

Сондықтан біз сізге мына кеңестерді ұсынамыз:

? Шашыңызды жылы сумен жуыңыз.
? Шашты сығып, шаштың түбінен бастап, ұшына дейін массаж жасағандай етіп, ошаған майын жағыңыз.
? Полиэтилен пакетін киіп, басыңызды орамалмен орап қойыңыз.
? Компресті 1-3 сағатқа қалдырыңыз. Негізінде түнде ұйықтар алдында жағып, таңертеңге дейін қалдырған дұрыс.
? Шашыңызды шампуньмен жуыңыз. Кем дегенде екі рет жуып, сумен шайып тастаңыз.
? Шашты табиғи жолмен кептіріңіз.
? Процедураны аптасына 1-2 рет істеп тұрыңыз. Кем дегенде 10-12 рет жасаңыз.

Ошаған майы сондай-ақ тырнаққа, теріге, кірпікке пайдалы.

Тырнақтың сынуы мен сау болып өсуі үшін оған ошаған майының бірнеше тамшысын тамызыңыз.
Кірпікті өсірем десеңіз, күніне бір рет кірпікті ошаған майымен сүртіңіз. Қорытындысы бір-екі аптада белгілі болуы керек.
Ванна қабылдағанда, суға ошаған майының бірнеше тамшысын тамызсаңыз, теріңізге пайдасы орасан болмақ.
Ошаған майын дәріханадан алған дұрыс. Бағасы 500-600 теңге тұрады.

Ошаған майын қолданып көрген болсаңыз, кеңес қосып, пікір білдіре отырыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!