Ғабиден Қожахмет | Ұстаздан ұстазға құрмет

  Ғабиден Қожахмет | Ұстаздан ұстазға құрмет

Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,
Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.

Өмірінің мағыналы шақтары
Мектеп болып, содан бақты тапқаны.
Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі,
Ұстаз деген – сол ұжымның мақтаны.

(Ұстаздық қызметтен құрметті демалысына шығып жатқан ұстазға кейінгі буын әріптесінің құттықтау сөзі)

Құрметті Ұстаз!

Өзіңіз де бір кездегі өмір жолыңызда осынау мектептің табалдырығынан жас ұстаз болып аттаған едіңіз. Осы бір кездеріңіз туралы сан рет ойланғанымызда өзіңізден кейін келген әріптестеріңіз – біздер үшін осының өзі қызықты, осының өзі тағылым болып көрінген еді. Себебі ешқандай ұстаз бүгінімен ғана өмір сүретін шәкірт тәрбиелемейді, кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің шәкірт бойында әдемі үйлесімділік тауып отыруы – ұстаздық қызметтің ең басты өлшемдерінің бірі.

Сіз өмірлік тәжірибеңізді де, ұстаздық тәжірибеңізді де осынау мектебіңізде ұстаз боп жүріп жинадыңыз. Үлгілі ата-ана, ұлағатты мұғалім болдыңыз. Шәкірт жүрегіне жол таптыңыз. Мектеп бітіріп кеткен қаншама түлектердің өнегесінде Сіздің ұстаздық қызметіңіздің қолтаңбасы жатыр десеңізші!

Осынау білім ордасына сізден кейін келіп, қазір ұстаздық қызметтің ұжымындағы орта буынды құрайтын біздің өзіміз Сіздерден тәлім алғанымыз, Сіздерден үйренгеніміз күні кеше ғана сияқты еді, енді біздің өзіміздің де ізімізге жас ұстаздар ере бастапты. Дәстүр осылай жалғасады.

Сіздер шәкірт тәрбиелеп қана қойған жоқсыздар, өздеріңізден кейін келген әріптестеріңізге де жол көрсеттіңіздер, үлгі-өнеге бола алдыңыздар. Бұл әр уақытта аға буын үшін зор міндет әрі абыройлы мақтаныш еді.

Егер дәл осы кезеңде ұстаздық қызметтің бел ортасында жүрген біздер үшін де өз бойымызда ұстазға тән қасиеттердің бай жиынтығы қалыптасқан болса, онда мұның ар жағында сіздерден үйренген тәлімнің де ұштығы жатыр. Егер біз бойымызда қалыптасқан осынау қасиеттердің асыл легін өзімізден кейін келген буын мен өз шәкірттеріміздің бойына сіңіре алсақ, онда мұның да өн бойында сіздерден үйренген тәжірибенің тәлімі бар.

Енді, міне, алдыңғы буын – сіздер де өз ұжымдарыңыздан құрметті демалысқа шығып бара жатырсыздар.

Құрметті Ұстаз!

Сізді әріптестеріңіз осынау мерекелі сәтпен құттықтай отырып, өзіңіз бен отбасыңызға береке-бірлік, мықты денсаулық тілейді.

Игі тілекпен: ұжымыңыз, әріптестеріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі