Сенім

 Сенім

Сан-Франциско қаласы. Мектеп директоры 3 мұғалімді кабинетіне шақырып:

— Құрметті ұстаздар, сіздерді осы мектептің ең таңдаулы және ең үздік шығармашыл ұстаздары деп сіздерге жауапкершілігі зор жүк артпақпыз. Мектебіміздің ең үздік, ең ақылды деген 90 оқушысын келер жылға дейін жақсылап оқытып үйретуге тапсырма бермекпіз. Оларға білмегендерін үйретіп, амалдарды жылдам орындауға дағдыландырады, деген сенімдеміз,- дейді. Сөйтіп, ұстаздар мен оқушылар, оқушылардың ата-аналары да бұл ұсынысқа қуана-қуана келіседі. Осылайша қызу оқу жылы басталып, соңы табысты да жемісті жылға айналады. Оқу жылы аяқталғанда бұл мектеп оқушылары Сан-Франциско қаласындағы үлгерімі мен білім сапасы жөнінен басқа мектеп оқушыларын басып озып, үздік нәтижелерге қол жеткізеді. Сонда директор тапсырма берген 3 мұғалімді шақырып алып, былай дейді:

— Сіздерге айтар алғысым шексіз. Дегенмен мойындамасқа амал жоқ, сіздерге ең ақылды, ең үздік деп берген 90 оқушы кездейсоқ таңдалған орта білімді оқушылар еді,- дейді. Мұғалімдер аң-таң. Естігендеріне сенер емес.

Дегенмен, кез келген оқушыға сенім артып, ерекше көңіл бөлетін болса, жетістікке жетері сөзсіз екен. Директор мырза сөзін жалғастырып:

Мойындайтын тағы бір мәселе бар — сіздер де бұл мектептің ең үздік шығармашыл мұғалімдері емес едіңіздер. Есімдеріңізді мұғалімдер арасында жеребе тартып, таңдап алдық. Мінекей, сіздер де өздеріңізге үздік мұғаліммін деп сенгендіктен осындай керемет жетістікке қол жеткіздіңіздер. Сіздерді құттықтаймын! — деп сөзін аяқтайды.

Сенім адамды жеңіске жетелейді, ал күмән — жеңіліске. Сондықтан, бір-бірімізге сенім артып, ортақ мүддені көздеп, аянбай еңбек етейік!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?