Қош бол! Сен кереметсің!

 Қош бол! Сен кереметсің!

Сұп-суық желі азынаған, күллі айналаны күңгүрт түске бояған күрең күздің соңғы күндері өтуде... Сап - сары болған жапырақтардай сағынышқа оранған менің жаным, санамнан еш кетпейтұғын сол жанды тағатсыз сағынады...

- Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Сонда сен бұл сөзіңмен не демексің ?
Әттең мені өзіңе ғашық еткен,
Тағдырыммен келеді төбелескім.

- Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Жоқ, мұны маған жазған сен емессің,
Құрығы қанша ұзын болсадағы,
Сені алып кете алмас менен ешкім.

Сенде маған қымбатсың, кереметсің,
Сенен өзге ешкімді елемеспін ...
Екеумізді ағызған екі арнамен ,
Өміріммен келеді ерегескім.

Түнде түсім, өңімде сен елессің...
Сыр ала - алмас, өзіңдей менен ешкім.
Егер мен бұл өмірде сенсіз өтсем,
Досқа таба, дұшпанға келемежбін ...

- Қош бол !!! Сен кереметсің !!!
Сонда сен бұл сөзіңмен не демексің ?
Түсіндім , гүлім мені елемепсің,
Неге менің жолымды бөгемексің ?
Ей өмір ... мені ол қызға шегелепсің,
Тағдырыммен келіп тұр төбелескім ...

13.04.2018
@ Бүтінбаев Нұржан

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?