Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі

  Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың  Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі


XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз.
Бұл екі шығарма авторының да негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.
Осы сынды А.Байтұрсынов өзінің «Маса» өлеңінде:
«Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағыңа ызыңдаса?»- деген жолдар арқылы ызыңдап ұшқан маса болып қалың ұйқыдағы енжар халқын оятпақ болады. Ол да Міржақып тәрізді елінің көзін ашып, олардың жалқаулықтан арылып, жаңа өмірге аяқ басуын аңсайды. Осыдан-ақ екі өлеңді бір арнаға тоғыстырып тұрған олардың идеялық қазығы, яғни алаш жұртын оқуға, өнер-білімге, мәдениетке баулып, басқа елдермен терезесі тең боларлық дәрежеге жеткізу екенін байқауға болады. М.Дулатов «Оян,қазақ!»өлеңінде «найзаменен түртсе де», қазақтың оянбайтынын айта келе:

«Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп»,- деп, халқын осындай халден құтқарар жастарға үміт артады. А.Байтұрсыновтың да айтары осыған ұқсас: «қалпылдақ қайық мініп еспесі жоқ, теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ»,-деп өзі жырлағандай, сол қоғамға көңілі толмай, алаштың ендігі күніне алаңдаушылық білдіреді.
Қорытындылай келе, М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіне терең үңіле отырып, оларды ортақ бір идея үндестіріп тұрғанын аңғарамыз. Ел басына күн туғанда «етігімен су кешіп», біртұтас Алаш идеясы төңірегіне біріккен М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың бұл өлеңдері- күллі халықтың оянып, бостандыққа қол жеткізуін аңсаған, ізгі тілектен туындаған игі шығармалар. Бүгінгі тәуелсіз ел ұрпақтары олардың азаттық жолындағы күресін ешуақытта ұмытпайтыны сөзсіз.

Оспанова Гүлмария Тұрысбекқызы
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
филология жəне əлем тілдері факультетінің
қазақ тілі мен əдебиеті мамандығының 2-курс студенттері


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!