Ертегі: Алтын жүзікті қыз
Ертеде бір ханның екі қызы, бір ұлы болыпты. Үлкен қызы жаннан асқан сұлу екен. Күндердің бір күнінде қыз қолындағы алтын жүзігін жоғалтып алыпты. Әкесі: «Кімде-кім қызымның алтын жүзігін тауып берсе, қызымды соған беремін», – деп, ел-елге жар салыпты. Қызды аламыз деп дәме қылған адамдардың ешқайсысы да жүзікті іздеп таба алмапты. Хан жарлығын естімеген баласы білмей, қорадан тауып алған жүзігін әкесіне әкеп беріпті. «Хан жарлығы екі болмайды» деген оймен хан қызын өз ұлына қоспақшы болып, көрші ел халықтарын тойға шақыртады. Жан-жаққа кісі шаптырады. Хан қызын ұлына беретін болыпты деген лақап тарайды. Бұл сұмдықты естіген қыз арсыз әкенің әміріне көніп, өз ағама әйел болғанша, қаңғырып өлейін деп, той болар алдында жасырынып, өз үйінен бір түнде қашып шығады. Бірнеше күн жүріп, тау ішіндегі бір үйге келіп паналайды. Хан қызының жоғалып кеткенін естіп, тас-талқан болып ашуланып, жан-жаққа іздеушілер жібереді. Қаншама нөкерімен ханның өзі де іздеп шығады. Айлар, күндер іздеп қызды таба алмайды. Бір күні қыз өзінің үңгірінен шығып, тау бөктерінде жидек теріп жүргенде, хан көріп қалып, қызына қарай айқайлап жүгіреді. Бірақ қыз әулие үңгірге кіріп кеткенде, есік тарс жабылып қалады. Үңгірдің есігі ашыл десе, ашылып, ашылма десе, ашылмайды екен. Сонда хан келіп:

— Ашыл мүлдем, ашыл, Дидарыңмен шашыл! Мен қызымды көрейін. Шашын талдап өрейін! – деп жылайды. Жабылған есік қайта ашылмапты. Есік түбінде қыз тұрып:

— Ашылма мүлдем, ашылма, Дидарыңмен шашылма! Мен әкемді көрмейін. Өрмей-ақ қойсын шашымды! – депті.

Хан есіктің ашылмайтынын біліп, жылап үйіне кетіпті. Ханнан кейін қыздың шешесі мен ағасы келіп ашылуын сұрайды.

Қыз бұларға әкесіне берген жауапты беріп, есікті ашпай қояды. Ең ақырында қыздың он жасар сіңілісі келіп:

— Ашыл, мүлдем, ашыл! Дидарыңмен шашыл. Мен тәтемді көрейін. Шашын өріп берейін! – депті. Тәтесі сіңілісінің даусын естіп, қаншалықты өзін берік ұстаса да көңілі босап, жылап жібереді. Сонда да есік ашпауға тырысады:

— Ашылма мүлдем, ашылма, Дидарыңмен шашылма! Мен сіңілімді көрмейін. Өрмей-ақ қойсын шашымды! – депті. Кішкене сіңілісі енді не істерін білмей тұрғанда, екінші бір сайдан келе жатқан бір топ қасқырды көріп, шырылдап жылап жібереді. «Қасқырға жем етемін демесең, есікті аш!» – дейді. Тәтесі шыдап тұра алмай, есікті ашып жібереді. Бірін-бірі сағынып, апалы-сіңілі екі қыз жылап көріседі. Тәтесіне қараса, әбден жүдеген, бұрынғы алмадай ал қызыл беті бозарып солған, көп жылағандықтан ісініп, мөлдір қара көздері ыстық жасқа толған, қылтадан төмен түсетін ұзын, қою қолаң шашы тарқатылған, қайғылы тәтесінің бауырына кіре түседі. Екі бауыр құшақтасып отырып, мауқыларын басады.

Бұлар енді елге қайтпақшы болып, сіңілісі екеуі күн-түн демей жол жүріпті. Бір күні күн ыстық болыпты. Кішкене қыз келе жатып, жолдағы қара судан еңкейіп су ішіпті де маралға айналып кетіпті. Қыз тағы да бір бақытсыздыққа ұшырағанына қапаланып жылап, маралын жетектеп жылап келе жатып, бір ауылдың сыртындағы құдықтың түбіне келіп, маралын суарып, оны құдықтың түбіндегі терекке байлап, өзі теректің басына шығып отырады.

Бір күні мыстан кемпір су алуға құдыққа келеді. Құдыққа тал басында отырған қыздың суреті түсіп тұрады. Мыстан қызды құдықтың ішінде отыр екен деп, ханның уәзірлеріне хабар береді.

Ханның қырық уәзірі ұзындығы қырық құлаш арқанмен құдыққа келіп, арқанды кұдыққа салып, өздері бірінің артынан бірі ұстап тұрып, тартып қалғанда, бәрі шалқасынан құлапты. Сонда теректің басында отырған қызды көріп, сұлулығына таңданып, қызды ханға ертіп әкеледі.

Ханға қыз өте ұнайды. Ханның жас өте сұлу баласы болады. Балаға да қыз ұнайды. Хан қызды баласына әпермекші болады. Бірақ қыз оларға:

— Кімде-кім менің маралымды бағып-қағып өсірсе, соған күйеуге шығамын, – дейді. Хан қыздың тілегін береді.

Қызға да хан баласы ұнапты. Сөйтіп, хан жан-жаққа жар салып, ел жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, қызды баласына қосыпты. Осыдан бастап бұлар бақытты тұрыпты. Маралы қайтадан адамға айналып, сіңілісі қыз қалпына келіпті. Ол ержетіп, тәтесінің орнын басып, үлкен бойжеткен қыз болыпты. Ханның баласы мал-малданып, жан-жанданып, бала-шағалы болыпты. Апалы-сіңілілі екі қыз да мұраттарына жетіпті.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб