Алты түлкі

 Алты түлкі

Бұрынғы уақытта кең далада жүрген алты түлкі бас қосып, жолдас болыпты. Алтауының ішінде бір түлкінің құйрығы шолақ екен. Ал ұзын құйрығы бұлаңдаған бес түлкі:

– Сенің құйрығың жоқ, шолақсың, – деп, келекелеп күле беріпті.

Олардың бұл қылығына ызаланған шолақ түлкі: «Осы мақтаншақ бес түлкіні құйрықтарынан айырып, қалай шолақ қылсам екен? Сонда менімен теңесер еді», – деп, көп ойланыпты.

Ақыры, бір амал табады да әлгі бес түлкіге келіп:

– Қашанғы бұйығып жүре береміз. Бір жақсы ойын ойнайықшы, ішіміз пысты ғой, – деп, өтініш айтыпты.

– Ойнасақ ойнайық, сен баста, – депті, бес түлкі келісіп. Шолақ түлкі әлгі мақтаншақ серіктерін ертіп, қалың қарағайдың ішіне алып келіпті. Содан кейін ойын шартын айтып, бесеуінің құйрығын бес қарағайға мықтап таңып тастайды да өзі биік бір төбенің басына шығып тұрады. Басқа түлкілер ол хабар бергенше, көздерін жұмып тұруға тиіс болады. Бір кезде шолақ түлкі жан-жағына абыржи қарап:

– О, туысқандар, сақтаныңдар! Мына жақта бүркіт ұстап, тазы ерткен аңшылар келе жатыр! – деп, айқай салады да өзі белден әрі асып, қаша жөнеледі.

Сол кезде қарағайға таңулы тұрған бес түлкі есі шығып, тұра қашпақ болып жұлқынғанда, бесеуінің де құйрықтары жұлынып, шолақ болып қалыпты.

Өздері әдемі құйрықтарынан айырылып, шолақ болған соң, серігін мазақтауды қойыпты.

Сөйтіп, шолақ түлкі өзін келекелеген бес түлкінің десін басып, өзіне серік қып алыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 394



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі