Биология | Қант диабеті - алдын алу және емдеу жолдары

 Биология | Қант диабеті - алдын алу және емдеу жолдары

Балалардағы қант диабеті



Балалардағы қант диабетінің даму себептері,

негізгіклиникалықбелгілері,

асқынулары,

қант диабетінемдеупринциптері,

гипо және диабеттік комалар кезінде көмек көрсету;

Инсулин дозасын есептеу, балалардағы инсулинмен емдеу ерекшеліктері.



Қант диабеті - асқазан асты безінің (ұйқы) бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.



Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.



Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған: 18 ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19 ғасырда бұл аурудың себебі-инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, 20 ғасырда совет ғалымы Коган-ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазіргі кезде 65 жылға дейін өмір сүреді.



ВОЗ-дың мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.



Қант диабетінің себептері:



Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.

Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т.б.

Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.

Стресстік ситуациялар.

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:



Полидипсия-шөлдеу.

Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.

Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.

Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.

Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:

А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.



Б) Көздің қан тамырларының склероздануынан алысттан көрушіліктің нашалуы дамиды.



В) Бүйректе-созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.



Г) Жүректе-жүрек соғу дыбысы нашар естіледі, шекарасы ұлғайады, шу пайда болады.



Д) теріде-екі бетінің ұшы қызарады.



Е) зат алмасуының бұзылуынан-бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулар жиі кездеседі.



Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:



Ауру қатты екпінді басталады.

Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.

Асқынуға бейімді.

Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.



Гипергликемиялық кома



Себептері: 1. Инсулин дозасының кем болуы.



2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.



Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.



Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.



Жедел жәрдем:



Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.

Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.

4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.

Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.

Гипогликемиялық кома.



Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.



2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.



Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.



Жедел жәрдем.



Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.

Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.

Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.

Дымқылданған оттегі беріледі.

Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Қант диабетінің емделуі.



Емдеудің мақсаты-бұзылған зат алмасуын реттеу



.Негізгі ем-диетотерапия және тиісті режимді сақтау. Балалардың тамағы құнды болып, майларсыз, оңай қорытылатын, қанттары аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам /редиска/, мүкжидек /клюква/, тәтті болгар бұрышы. Балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды. Біздің өнеркәсібіміз қант диабетімен ауыратындарға арнайы тамақтар шығарады: нан, шұжық, варенье, кәмпит, вафли құрамында қанттың орныны сорбит, ксилит қолданылған.



Қосымша ем-организмге жетіспейтін инсулинді сырттан енгізу, өйткені қант диабетімен ауыратын балаларда инсулин абсолютті жетіспейді. Инсулин-ірі қара мал, шошқа, киттердің асқазан асты безінен алынатын ақуыз табиғаттас белсенді зат.



Инсулиннің сөткелік дозасын аурудың сөткелік зәрімен шығарылған қантына тәуелді. Инсулиннің 1 әрекеттік бірлігі 4-5 грамм қантты қорытады. Мысалы: бала сөткесіне зәрмен 100 грамм қант шығаратын болса мынандай пропорция құрамыз: 1 бірлік инсулин -5 грамм қант



Х бірлік инсулин -100 грамм қант



Х=100х1:5=20 бірлік



1 мл инсулинде 40 әрекет бірлік бар делік. Яғни бұл балаға0,5 мл инсулин тері астына енгізу керек. Инсулин дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері қолданылады. Инсулин тері астына салынады, инсулин салатын жерлерді алмастырып отыру қажет.



Инсулин препаратының 3 түрі бар:



Қысқа әрекетті инсулиндер- жай инсулин, әрекет басы 15-20 минуттан кейін, әрекет максимумы (жоғарғы шегі) 20-3 ағаттан кейін, әрекет ұзақтығы -8 сағат. Актрапид, инсулрап, Хумулин Р, хоморап.

Отрташа әрекетті инсулиндер-әрекет басы 1,5-2 сағаттан кейін, әрекет максимумы-4-6 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы -12-15 сағат. Б-инсулин, ленте, лонг, инсулонг, семиленте.

Ұзақ әрекетті инсулиндер- әрекет басы 6 сағаттан кейін, әрекет максимумы 12-18 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы 24-30 сағат.

Қысқа және ұзақ әрекетті инсулиндерді 1 шприцке алуға болмайды.



Күтімі: Ауру баланың диетаны және тамақ режимін сақтауын қадағалау.



Қант диабетінің диагностиалық критерийлері:







Диагностика критерийі



сау балалар



Глюкозаға сезімталдығы төмен балалар



Анық қант диабеті бар балалар



Аш қарында глюкоза



5,5 ммоль/л



6,7 ммоль/л



6,7 ммоль/л



Глюкозадан кейін 2 сағаттан соң



7,8 ммоль/л



7,8-11,1 ммоль/л



11,1 ммоль/л


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі