Биология | Лейкоцитоз

 Биология | Лейкоцитоз

Лейкоцитоз

Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады.

1. Нейтрофильды лейкоцитоз – іріңді қабынулар тудыратын инфекцияларда (стрептококк, стафилококк, менингококк т.б.), миокард инфарктында, жедел қан кешулерде байқалады.

2. Эозинофильды лейкоцитоз (эозинофилия) – ішек құрты ауруларында, аллергиялық ауруларда және бүйрек үсті безінің қыртысының қызметі төмендегенде байқалады.

3. Базофильды лейкоцитоз (базофилия) – қан жүйесі ауруларында – созылмалы миелоз.

4. Лимфоцитоз – лимфолейкозда және созылмалы инфекциялық ауруларда (туберкулез, сифилис) байқалады.

5. Моноцитоз – вирусты инфекцияларда желшешек, қызамық, лимфогранулематозда байқалады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!