Биология | Өт жолдарының дискенезиясы

 Биология | Өт жолдарының дискенезиясы

Өт жолдарының дискенезиясы



Өт жолдарының немесе өт қалтасының моторикасының бұзылуымен сипатталатын ауру. Мектеп жасындағы балалар жиі ауырады. Бұл паталогияның 2 түрі бар. Гипертоникалық типі-өт қабының және жолдарының тонусы жоғары. Гипотоникалық типі-өт жолдпрының тонусы төмен.



Этиологиясы: Мектептегі, жанұясындағы стресстік ситуациялар, созылмалы инфекция ошақтары, тамақтанудың бұзылыстары, асқазан-ішек жолдарының аурулары.



Клиникалық айқындалуы:



1.Оң жақ қабырға асты аймағында гипертоникалық типте-толғақ тәрізді , тез тарқайтын ауырсыну, ал гипотоникалық типте- сыздаған, ұзаққа созылған ауырсыну.



2.Диспепсиялық белгілер: лоқсу, құсу, тәбеттің төмендеуі, ауызда ашты дәмнің болуы, іштің кебуі, іш өту немесе қаталау.



3.Бас ауыру, шаршағыштық, ашуланшақтық, т.б.



Лабораторлық тексеру әдістері: ЖҚА, ЖЗА, 12-елі ішекті зондтау, өт қалтасының УЗИ-і.



Емі:



Гипотоникалық типі- 1. құнарлы тамақтану, ашты, майлы тағамдарды шектеу.



1. Өт айдаушы препараттар-холосас, аллахол, өт айдаушы шай, жүгері шашағының қайнатпасы.



2. Тонусты көтеруші препараттар-женьшень, элеутерококк, лимонник, пантокрин, апилак.



3. ФЗТ, ЛФК.



Гипертоникалық типі- 1. спазмолитиктер- но-шпа, папаверин, платифиллин, эуфиллин, галидор.



2.Седативті препараттар-магний сульфаты, озокерит, парафин, новокаинмен электрофорез.



3. ЛФК.







Диспансерлік бақылау-3 жыл. Инфекция ошақтарының санациясы; жылына 2 рет рецидивке қарсы ем, ай сайын өт айдаушы препараттарды 10 күн қабылдау немесе тюбаж жүргізу:15 мл 33% магнезий сульфаты немесе 2 жұмыртқаның сарысын 1 ас қасық ққантпен араластырып ішіп, оң жағына жылытқыш қойып 20-30 минут жату; Витаминотерапия; ФЗТ, ЛФК, метепте дайындық топта дене шынықтыру.







Холециститтер.



Жедел холецистит-өт қабының жедел қабынуы. Ұл балаларда қыздарға қарағанда жиірек кездеседі.



Этиологиясы: қоздырғыштары-ішек таяқшасы, стафилококктар, стрептококктар т.б.



Жіктелуі: 1. Катаральды. 2.флегманозды. 3. Дестьруктивті формалары бар.



Клиникасы: Ауру жедел басталады, әсіресе түнде оң қабырға астында толғақ тәрізді ауырсынуддың, субфебрильді температураның пайда болуымен сипатталады. Ауырсыну кейде бірнеше сағатқа созылады. Оң жаққа жатқанда ауырсыну күшейеді. Лоқсу, құсу болуы мүмкін. Интоксикация белгілері анық: тері түсі боз, шырышты және тері қабаты құрғақ, басы ауырады, тәбетә төмен, іш қатадауы болады, тахикардия, кей науқастарда естен танулар, менингеальды симптомдар, сарғаюлар болуы мүмкін. Пальпацияда алдыңғы іштің бұлшықеттерінің тартылуы байқалады. Ортнер, Мерфи, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. ЖҚА-де- нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы.



Емі: 1. Тыныштық жағдай



1. Антибиотиктер-ампиокс, цепорин, цефамезин т.б.



2. Спазмолитиктер және ауырсынуды басатын дәрілер.



3. Инфузионды терапия.



4. Антиферментті препарат-контрикал.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі