Биология | Скарлатина-жәншау

 Биология | Скарлатина-жәншау

Скарлатина-жәншау



Скарлатина жалпы жағдайдың бұзылуымен, жұтқыншақта баспаның белгілерімен және қызғылт түсті түрінде нүкте тәріздес бөртпе пайда болуы сипатталатың жұқпалы ауру.



Қоздырғышы: гемолитикалық стрептококк, қоршаған ортада төзімді.



Эпидемиологиясы:



Аурудың көзі ауру адам және бактерия тасымалдаушы

Таралу жолы –ауа –сілекей жолы және заттар арқылы

Сезімталдық (төзімділік) -2 -7 аралығы

Маусымдылық –күз, қыс.

Иммунитет –тұрақты.

Клиникалық белгілері:



І жасырын кезең 2-7 күн.



ІІ бастапқы кезең – ауру жедел басталады: баланың денесінің қызуы күрт көтеріліп, басы ауырады, жүректің соғуы жиеленіп, әлсіздік пайда болады. Бала лоқсып құсады, жалпы жағдайының бұзылуымен қатар жұтынғанда тамағы ауырып, жұтқыншақтың кілегейлі қабығын қан кернейді «жалындап тұрған жұтқыншақ». Аурудың ұлғаюымен жұтқыншақта баспаның ауыр түрлері нығаяды. Баланың аузынан жағымсыз, сасық иіс пайда болады.



ІІІ – аурудың өрістеу кезеңі – аурудың екінші күнінде күлдің ең көріністі белгісі – талауаған тері қабатында қызыл нүкте тәріздес бөртпе пайда болады. бөртпе бетке, денеге, қол-аяқтарға тез жайылып, тек қана ауыз – мұрын үшбұрышын таза қалдырады. Күлдің бөртпесі дененің бүкір жағында, аяқ-қолдың ішкі бетінде, қолдың астында, шынтақтың иілісінде, тақымның шұңқырында, шаптың иілісінде ең қарқынды болады. Аурудың жағдайы ауырлап, улану белгілері нығаяды. Дене қызуы 39-400С дейін көтеріледі. Аурудың тастапқы белгілері үдей түседі. Орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері пайда болуы мүмкін.



Аурудың 4-5 күніне баланың тілі қабыршықтан тазалана бастап, «бүлдірген тәріздес тіл», деп аталады.



ІV – рекволесценттік кезең – дене қызуы біртіндеп төмендеп баланың жағдайы жақсарады, жұтқыншақтағы қабыну белгілері басылады, бөртпе бозарады.



Аурудың бірінші аптасының аяғында терінің қатпалары түлеуі басталады. Бұл түлеу әсіресе алақан мен табанда жақсы білінеді.



Жәншау 3 түрлі дәрежеде өтеді. Жеңіл, орташа, ауыр.



Асқынуы:



Миокардит – аурудың өрістеу кезеңінде «жәушан жүрек» деген синдром пайда болуы мүмкін. Жүректің көлемі ұлғайып, соғуы әлсіз, біркелкі емес, күңгірт, жиырылу кезеңінде сырылып естіледі, қан қысымы төмендейді. Баланың жәушаннан жазылуымен бұл синдром жойылады.

Отит

Нефрит

Димфаденит

Диагноз қою:



1. Эпидемиологиялық анамнез.



2. ауруға тән клиникалық белгілер.



3. Бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу.



Емдеу: Ауруханада тек қана ауру немесе асқынған түрлері емделеді.



Балаға 5-7 күн төсек режимі тағайындалады.

Диета жасына сәйкес, витаминдерге бай, көбіне сұйық жылы түрде.

Антибактериялық ем: пенициллин тобы, тетрациклин.

Детоксикалық ем.

Симптоматикалық ем.

Күтім өтеізгенде баланың ауыз қуыс күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Фурациллин немесе 2 % натрий гидрокарбинаттың ерітіндісімен шайдыру, ал кішкене балалардың ауыз қуысын резеңке баллонгинпен шаю керек. Еркін, мұрынының астын майлап тұру керек. Бөлменің, төсек-орын, ішкі киім тазалығын қадағалау керек. Алдың алу - әдейленген алдың алу жоқ. Сондықтан әдейленбеген шаралар өткізіледі.



1. Ауырған бала 10 күнге оңашалады.



2. СЭС-ға № 58 форма бойынша хабар береді



3. Аурумен қарым-қатынаста болған балаларға 7 күнге карантин тағайындалады.



4. Инфекция ошағында дезинфекция өткізіледі.



5. Санитарлық –ағарту жұмысы.



6. Әлсіз жиі ауыратын балаларға –глобулин егіледі.



7. Балалардың ауруға төзімділігін көтеру шаралары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?